I-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХI сессиясының 1998 жылғы 18 қыркүйектегi "Алматы қаласы аумағын жинауды ұйымдастыру және тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көрiктендiру Ережелерiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі IІ сайланған XІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 28 қарашада N 408 тіркелді. Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 45 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 45  шешімімен
      II-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады: 
      I-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХI сессиясының 1998 жылғы 18 қыркүйектегi  V98R035_  "Алматы қаласы аумағын жинауды ұйымдастыру және тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көрiктендiру Ережелерiн бекiту туралы" шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) Кiрiспе келесi редакцияда берiлсiн: 
      "Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23.01 күнгi, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Z010148_  N№148-ҚРЗ II, 1998 ж. 01.07 күнгi "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы"  Z980258_  N 258-I, 1997 ж. 15.07 күнгi "Қоршаған ортаны қорғау туралы"  Z970160_  N 160-I, 1994 ж. 08.07 күнгi "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгi туралы"  Z942000_  N 110-ХIII, Заңдарына және басқа да нормативтi-құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленiп, Алматы қаласы аумағын жинауды ұйымдастыру, санитарлық тазалау, көрiктендiру өрiсiндегi азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейдi. 
      Табиғат пен оның байлығы Қазақстан Республикасы халқы өмiрi мен қызметiнiң, олардың әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылық пен әл-ауқаты өсуiнiң табиғи негiзi болып табылатындықтан, осы Ережелердiң мiндетi: 
      - азаматтардың экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгi, радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi конституциялық құқығын жүзеге асыру; 
      - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгi, қазiргi және болашақ ұрпақтың денсаулығына жағымсыз әсер етпейтiн, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк принциптердi жүзеге асыру; 
      - халықтың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгiн қорғау. 
      Әрбiр азаматтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жөнiнде анық ақпарат алуға, мемлекеттiк басқару органдары немесе қызметтiк тұлғалар қабылдаған шешiмдердi жүзеге асыру санитарлық-эпидемиологиялық игiлiкке немесе халықтың денсаулығына ықпалы болумен байланысты болса, онда сол шешiмдi әзiрлеуге қатысуға, талқылауға және оның орындалуын қадағалауға құқығы бар. 
      Осы Ережелердiң мақсаты қалалық аумақтарды жаз және қыс мерзiмдерiнде жинауды ұйымдастыру тәртiбiн анықтау, жаяу жүргiншiлер мен көлiктердiң қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн тазалық пен қажеттi жағдайларды жасау үшiн жинау жұмыстарына қойылатын талаптарды белгiлеу, қалалық аумақтардың санитарлық тазалығы мен көрiктендiрудi, сыртқы жарықтандыру объектiлерiн, жарнамаларды, жасыл желектердi, кешендердi немесе т.б. қалалық инфрақұрылым объектiлерiн бұзғандығы үшiн жауапкершiлiктi анықтау. Ережелер Алматы қаласы аумағында орналасқан барлық ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар, кооперативтер, арендаторлар, құрылыс салушылар, кешен иелерi, құрылыстар мен ғимараттар үшiн мiндеттi". 
      2) 1.1. пункт келесi редакцияда берiлсiн: 
      "1.1 Осы Ережелерде қолданылатын ұғымдар: 
      - қалдықтар - өндiрiс пен қолдану барысында пайда болған шикiзат, материал, жартылай фабрикат, басқа да өнiмдер мен азық-түлiк қалдықтары, тұтыну қасиетiн жоғалтқан тауарлар мен өнiмдер; 
      - тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) - қоғамдық және тұрғын үйлерден шақырылған (пәтерлердiң ағымдағы жөндеу жұмыстарынан шыққан құрылыс қалдықтарын қоса алғанда) қалдықтар, жылыту орындарында орналасқан жылыту құрылғыларынан шыққан қалдықтар, аулалардан шыққан сыпырындылар, түскен жапырақтар, iрi габариттi заттарды шығарумен айналысатын арнайы мамандандырылған жүйе болмаған жағдайда, үй тұрмысынан шыққан iрi заттар; 
      - тұрмыстық сұйық қалдықтар (ТСҚ) - арналандырылмаған жеке меншiк үйлерден шыққан сұйық қалдықтар; 
      - санитарлық тазалау - қалдықтарды жинау, шығару, зарарсыздандыру, қайта өңдеу, көму жүйесi; 
      - қалдықтарды жинау - мамандандырылған кәсiпорындардың бекiтiлген орындарда тұрмыстан шыққан қалдықтарды қабылдау қызметi; 
      - қалдықтарды шығару - қалдықтарды анықталған орындарға тасымалдау (қоқыс тиеу пунктi, қоқыстарды қайта өңдеу зауыты, полигондар); 
      - қалдықтарды зарарсыздандыру - қалдықтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға келтiретiн зиянды ықпалын алдын алу үшiн арнайы учаскелерде оларды өңдеу немесе өртеу, зарарсыздандыру; 
      - қалдықтарды қайта өңдеу - қалдықтарды одан әрi өндiрiсте қолдану, пайдалану; 
      - қалдықтарды көму - зиянды заттардың табиғи қоршаған ортаға түсуiнiң алдын алу мақсатында қолдануға жарамайтын қалдықтарды арнайы орындарда (полигон) оқшаулау; 
      - қоқыс шығару - мамандандырылған кәсiпорындардың қалдықтарды жинау, шығару, зарарсыздандыру, қайта өңдеу және көму жөнiнде атқаратын коммуналдық қызметi; 
      - мамандандырылған ұйым - қоқыс шығару кәсiпкерлiгiмен айналысатын, арнайы көлiгi бар азаматтар мен заңды тұлғалар; 
      - санитарлық тазалау мен жинаудың бас жобасы - қалдықтарды тасымалдауды анықталған орындарға бағыттау (қоқыс тиеу пунктi, қоқыстарды қайта өңдеу зауыты, полигондар); 
      - қоқыс шығару тәртiбi - өкiлеттi орган белгiлеген, қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу, зарарсыздандыру және көму мерзiмi; 
      - қалдықтарды мемлекеттiк есепке алу - қалдықтарды қайта өңдеу және көму орындарынан олардың жиналуы мен қолданылуы жөнiнде ақпарат жинауға арналған шаралар; 
      - қалдықтардың жиналу нормасы - уақыт бiрлiгiндегi есеп айыру бiрлiгiне (адам басына немесе 1 ш.м. т.б.) жиналатын қалдық мөлшерi; 
      - қоқыс шығару тарифi - мамандандырылған ұйымның нәтижелi қызмет етуiн қамтамасыз ететiн, қызмет барысында жұмсалған шығынды толығымен өтеуге және пайда табуға бағытталған, өкiлеттi орган белгiлеген қызмет құны; 
      - полигон - жергiлiктi атқару органы шешiмiмен анықталған қалдықтарды жинайтын және көметiн ортақ қолданудағы арнайы орын; 
      - иелiктегi үйлер - тұрғын (көп пәтерлi, жеке меншiк үйлер) және тұрғын емес (әкiмшiлiк, сауда, өндiрiс, мәдени-тұрмыстық т.б.) кешендер; 
      - өкiлеттi орган - атқару органы шешiмiмен анықталған мемлекеттiк мекеме". 
      3) 1.2. пунктi "қала аумақтарын" деген сөзден кейiн "атқару органы бекiткен санитарлық тазалау мен жинаудың Бас жобасына сәйкес және" деген сөздермен толықтырылсын"; 
      4) 1.3 пунктi келесi редакцияда берiлсiн: 
      "1.3 Қала аумағының санитарлық жағдайын қажеттi деңгейде қамтамасыз ету үшiн санитарлық тазалау, жинау жұмыстары бiрыңғай орталықтандырылған Бас жоба мен тәртiптер (реттелген жоспар немесе тапсырыс) бойынша мемлекеттiк коммуналдық шаруашылық немесе жеке меншiк сектордың арнайы көлiгiмен жүзеге асырылуы тиiс"; 
      5) 1.4 пунктiндегi: 
      1,2 абзацтар келесi редакцияда берiлсiн: 
      "Өкiлеттi орган қалдықтарды шығару тәртiбi мен реттелген жоспарлы жүйенi санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келiсу арқылы анықтайды. 
      Қала жолдарын жинау арнайы мамандандырылған кәсiпорындарға (Жолды пайдалану басқармасы, арнайы көлiк шаруашылықтары және т.б.) келiсiм шарт негiзiнде жүктеледi. Әр субъектiге жинау жұмыстарын жүргiзу аумақтары атқару органы шешiмiмен, нақты жердi пайдалануына байланысты немесе субъект пен атқару органы арасында келiсiм шарт жасасу арқылы бекiтiледi"; 
      - 3 абзацта: 
      "пәтерлер меншiк кооперативтерi (ПМК)" деген сөздер "жекеменшiк үй иелерi мен кондоминиум объектiсін басқару органдары" деген сөздермен өзгертiлсiн; 
      6) 1.6 пунктiндегi "коммуналдық шаруашылық органдарымен" деген сөздер шығарылып тасталсын. 
      7) 1.7 пунктiндегi "және тұрмыстық органмен" деген сөздер шығарылып тасталсын. 
      8) 1.8 пунктi келесi редакцияда берiлсiн: 
      "Әр арнайы мамандандырылған кәсiпорынға өкiлеттi орган анықтаған, 

 

қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын жүргiзу аумақтары бекiтiледi";

     9) 1.10 пунктi шығарылып тасталсын;

     10) 1.11 пунктi:

     "Зарарсыздандыру" деген сөзден кейiн "жинау және көму" деген 

сөздермен толықтырылсын.

     "қайта өңдеуге" деген сөздерден кейiн "өкiлеттi орган анықтаған" 

деген сөздермен толықтырылсын;

     11) Келесi мазмұндағы 1.13 пунктiмен толықтырылсын:

     "Қалдықтарды қайта өңдеу және көму орындарында олардың пайда болуы 

мен қолданылуы мемлекеттiк есепке алынуы тиiс";

     12) Келесi мазмұндағы I.I тараумен толықтырылсын:

     "I.I  Жеке мамандандырылған ұйымдарға қойылатын талаптар:

      I.I.1 Мамандандырылған ұйымдар:

 
      - азаматтардың денсаулығы мен өмiрiнiң, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн және тұтынушының құқығын қорғау мен сапалы қызмет көрсетуге кепiлдiлiктi қамтамасыз ететiн көлiк қызметiнiң шарттарын орындауға; 
      - Қазақстан Республикасының көлiк, салық және монополияға қарсы заңдар жиынтығының талаптарын орындауға мiндеттi. 
      I.I.2 Мамандандырылған ұйымдардың мiндеттемелерiне мыналар кiредi: 
      - тиелген жүктi жөнелту орнынан тапсыру орнына дейiн шығарып салу; 
      - жүктi тиеудi қадағалау (дұрыс тиеу тұрпатын, оның арнайы жабылғымен жабылуын). 
      I.I.3 Полигонды қолданатын тұлғалар қалдықтарды қабылдау тәртiбiн, зарарсыздандыру, қайта өңдеу, көму жұмыстарының қауiпсiздiгiн сақтауға, белгiлi тәртiпте оларды есепке алу шараларын жүзеге асыруға мiндеттi. 
      I.I.4 Өкiлеттi орган полигондардың қалдықтарды қабылдау, зарарсыздандыру, қайта өңдеу және көму жұмыстарының талапқа сай орындалуын қамтамасыз ету үшiн олардың қызметiн: 
      - белгiлi тәртiпте орындалуға мiндеттi нормативтi-құқықтық актiлер шығару; 
      - полигондар қызметiнiң бекiтiлген талаптарға сәйкестiгiн тексеру (инспекциялау); 
      - қолданымдағы заңдарға сәйкес полигонды қолданып жүрген кәсiпорындарға немесе лауазымды тұлғаларға санкция салу арқылы реттейдi; 
      13) 6.5.1 пунктiндегi 2 абзац келесi редакцияда берiлсiн: 
      "Кондоминиум объектiсін басқару органы тұрғын жай иелерiнiң жалпы 

 

жиналысы өкiлеттiк бергенде ғана мамандандырылған ұйымдармен қоқыс шығару 

қызметiне келiсiм-шарт жасасуға құқықты";

     14) 6.7 пунктiндегi "(0,75 м.куб) металдан жасалған" деген сөз 

шығарылып тасталсын;

     15) 6.8 пунктiндегi 4 абзацта:

     "үй иелерiмен" деген сөздерден кейiн "санитарлық-эпидемиологиялық 

қызметтiң келiсiмiмен" деген сөздермен толықтырылсын;

     "Жанжалды жағдайларда бұл сұрақты аумақтық басқару органдары мен 

қоғамдық өкiлдерi қарастыруы тиiс" деген сөздер шығарылып тасталсын";

     16) 6.9 пунктi "металдан" деген сөзден кейiн "және пластиктен  

жасалған" деген сөздермен толықтырылсын;

     17) 6.12 пунктi келесi мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "Аталған ұғым жекеменшiк үйлер секторынан қалдықтарды ыдыс-қапсыз 

шығаратын тәжiрибеге де қолданылады";

     18) 9.2 пунктi келесi мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

     "санитарлық тазалау мен жинаудың Бас жобасы";

     "қалдықтарды жинау және көму орындары";

     19) 9.3 пунктiнiң 1 абзацы келесi редакцияда берiлсiн:

     "Иелiктегi үйлердiң иелерi (пайдаланушылар), кондоминиум объектiлерiн 

басқару органдары мiндеттi";

     20) 9.4 пунктiндегi "қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару" 

деген сөздер "қоқыс шығару" деген сөздермен өзгертiлсiн;

     21) 9.5. пунктi келесi мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "қала аумағының санитарлық жағдайын қадағалауды жүзеге асырып, оның

бұзушыларға әкiмшiлiк шаралар қолдану";

     22) "Осы Ережелермен тыйым салынған iс-әрекеттер" тарауындағы 3 абзац 

келесi редакцияда берiлсiн:

     "санитарлық тазалау мен жинаудың Бас жобасын және қоқыс шығару 

кестесiн бұзуға".

     

     II-шi сайланған Алматы қалалық 

     Мәслихаты ХIII сессиясының төрағасы

     

     II-шi сайланған Алматы қалалық 

     Мәслихатының хатшысы

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады