"Ауылшаруашылық тауар өндірісшілерінен 2000 жылғы егін астығын мемлекеттік сатып алу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 13 қыркүйектегі N 177 ~v00s147 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 6 ақпандағы N 10 Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 02.03.2001ж. N 265 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1341 P001341_ Қаулысына өзгерістер енгізу туралы", "Мемлекеттік экспорттық астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 1841 P001841_ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы N 1640 P001640_ қаулыларына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын: 
      1. "Ауылшаруашылық тауар өндірісшілерінен 2000 жылғы егін астығын мемлекеттік сатып алу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 13 қыркүйектегі N 177 шешіміне мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      Шешімнің атауындағы "Ауыл шаруашылық өндірісшілерінен" сөзі алынып тасталынсын. 
      2. Бірінші тармақ мына редакцияда баяндалсын: 
      "2000 жылғы орақтан 9353-90 Мемстандартқа қарай 3 сыныптағы азық-түліктік жұмсақ сортты бидайларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған және астықты сатып алу шартымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 және 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулыларына сәйкес сатып алынған баға бойынша сатылған астықтан қайтарылатын қаржы есебінен жасалсын".

     3. 3 тармақ күшін жойды деп танылсын.

     4. 4 тармақта: 

     бір азат жолындағы "ауыл шаруашылық тауар өндірісшілерінен" сөзі алынып тасталынсын;

     екінші, үшінші, төртінші азат жолдар мына мазмұндағы редакцияда баяндалсын:

     "жұмыс тобының атына жазылған жазбаша тапсырыс;

     кіріс түбіртегінің көшірмесі (ПК-13) және астықтың талдау кәртішкесі;

     патенттің немесе кәсіпкерлік қызметпен (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық) айналысу құқының куәлігінің көшірмесі";

     бесінші, алтыншы, жетінші азат жолдар алынып тасталынсын;

     5. Мына мазмұндағы 8 тармақпен толықтырылсын:

     "8. Осы шешім "экспорттық мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 1841 қаулысына қол қойылған күннен күшіне енеді және жариялануға жатады.".

     Облыс әкімі     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады