Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың сәуір-маусымында облыс аумағында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 4 сәуірдегі N 40 Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 13 сәуірде N 289 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Заңының 13 бабына сәйкес және "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың сәуiр-маусымында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" 2001 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 578 U010578_ Жарлығы негiзiнде ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. 2001 жылдың наурыз-маусымында шақыру күнi 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқығы жоқ, ер азаматтар, сондай-ақ, шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

     Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау

және бақылау үшiн төмендегi құрамда облыстық шақыру комиссиясы құрылсын:

НИКАНДРОВ                         - комиссия төрағасы облыс

Владимир Петрович                   әкiмiнiң орынбасары,

АМАНГЕЛДИЕВ                       - комиссия төрағасының орынбасары

Талғат Бекмұратұлы                  облыстық әскери комиссар,

                  Комиссия мүшелерi:

ӘКIМХАНОВ

Халел Қайроллаұлы                 - облыс әкiмi аппаратының басшысы

КРИВОШЕЕВА                        - облыстық аурухананың медбибiсi,

Зоя Ивановна                        комиссия хатшысы

МАҒЗҰМОВ                          - денсаулық сақтау департаментi

Азамат Белгiбайұлы                  бастығының орынбасары

МҰҚАШЕВ                           - облыстық iшкi iстер басқармасы

Қайырбек Әутекеұлы                  бастығының орынбасары

РУДЫЙ                             - облыстық әскери комиссариаттың

Петр Васильевич                     дәрiгер-терапевтi, медициналық

                                    комиссияның төрағасы

     2.Аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерiне:


 
       аудандық және қалалық жергiлiктi өкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн;
      шақыру комиссиясы құрылсын және шақыру комиссиясының дербес құрамы мен оны өткiзу кестесi бекiтiлсiн;
      шақыру комиссияларының жұмыстары үшiн әскери комиссариаттар үй-жаймен қамтамасыз етiлсiн;
      шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшiн азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуi қамтамасыз етiлсiн;
      қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер мен техника бөлiнсiн;
      аталмыш шараларды атқаруға байланысты шығындар көрсетiлген шараларға бөлiнген ассигнация шегiнде жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен iске асырылсын.
      3. Облыстық комиссариатқа (Амангелдиев Т.Б.):
      жас ұрпақтарды әскерге қабылдау және оны толықтыру жөнiндегi жұмыстар Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктiнен ұйымдастырылсын;
      облыстық жинау пункттерiнде шақырылушыларды ыстық аспен тамақтандыруды ұйымдастыру қамтамасыз етiлсiн;
      шақыру комиссиясының жұмыстары емдеу-алдын алу ұйымдарымен шарт негiзiнде iске асырылсын.
      4. Денсаулық сақтау департаментiне (Воронцова Н.Г.):
      Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктiндегi медкомиссияның жұмысы қамтамасыз етiлсiн;
      шақырылушыларды медициналық куәлендiру жөнiндегi комиссия дәрiгер- мамандармен толықтырылсын, әсiресе, бейiндiк дәрiгерлермен;
      емдеу алдын алу мекемелерiнде шақыру комиссиясы жiберген азаматтарды медзерттеуден өткiзу үшiн орындар көзделсiн.
      5. Облыстық iшкi iстер басқармасына(Жаманбаев М.С.):
      шақыру комиссиясының құрамына ҚIIББ-ның басшылық құрамының лауазымды тұлғаларын енгiзсiн;
      азаматтарды шақыруды өткiзу кезеңiнде әскери комиссариатпен өзара байланыс ұйымдастырылсын және шақыру пункттерiнде тәртiп қамтамасыз етiлсiн;
      9 сәуiрден шақыру кезеңi аяқталғанша Петропавл жинау пунктiнде тәулiк бойына кезекшiлiк ету үшiн полиция наряды бөлiнсiн;
      әскери комиссариатпен келiсiм бойынша темiр жол бекеттерiнде, жас толықтырушыларды жинау және әскерге аттандыру орындарында күшейтiлген нарядтардың болуы қамтамасыз етiлсiн;
      азаматтардың шақыру пункттерiне келулерiне бақылау қойылсын, шақырудан жалтарып қалуға жол берiлмесiн.
      6. Петропавл қаласының әкiмiне (Ходеев П.Ф.) облыстық жинау пунктiнде азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын сату ұйымдастырылсын.
      7. Мәдениет департаментiне (Лапухин В.П.) шақыру пункттерiнде

 

көркемөнерпаздар ұжымының концерттерi және әскери-патриоттық тақырыптарға

арналған кинофильмдер көрсету ұйымдастырылсын.

     8. Туризм және спорт басқармасына (Дайыров А.А.) облыстық жинау

пункттерiнде спорттық-бұқаралық iс-шаралар, шақырылушылардың шымырлықтарын

тексеру ұйымдастырылсын.

     9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары

В.П.Никандровқа жүктелсiн.

     Облыс әкiмi                                                          



     (Маман: Д.Қ.Ысқақова)





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады