Көгалдандыру және көрiктендiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және облыстың елдi мекендерiнiң санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында шешім етемін:
1. 15 қыркүйек және 15 қараша аралығында санитарлық тазалық бойынша көрiктендiру, облыстың елдi мекендерiн көгалдандыру және көрiктендiру бойынша екi айлық өткiзiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкiмiнiң 01.10.2001 N 311 шешiмiмен.
2. Қала және аудан әкiмдерi үстiмiздегi жылдың 15 қыркүйегiне дейiн:
1) алынып тасталды
2) Ағаштар мен бұталарды отырғызу жөнiндегi жұмыстардың орындалуы үшiн меншiк түрлерiнен тәуелсiз облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарының жанындағы көгал аумақтарын бекiту туралы мәселе шешiлсiн;
3) барлық аудан орталықтарында, Атырау қаласының жеке секторында жоспарлы-реттеу санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылсын.
Ескерту. 2-тармақтың 1-тармақшасы алынып тасталды - Атырау облысы әкiмiнiң 01.10.2001 N 311 шешiмiмен.
3. алып тасталды
Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - Атырау облысы әкiмiнiң 01.10.2001 N 311 шешiмiмен.
4. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментi (В. Оспанов) Атырау облысын көгалдандыру мәселесiндегi негiзгi бағыттарды өңдеу мақсатында аумақтық орман және биоресурстар жөнiндегi басқармамен және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқармамен бiрiгiп осы жылдың 15 қазанға дейiн орман, балық, аң аулау шаруашылығы Комитеттерi өкiлдерiнiң және мамандандырылған институттардың мiндеттi қатысуымен жиналыс өткiзсiн.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкiмiнiң 01.10.2001 N 311 шешiмiмен.
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ. Ищановқа жүктеледi.
Облыс әкімі |