Облысқа сiңiрген айрықша еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихатының ХV cессиясының шешімі 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 178-II. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 8 ақпанда N 770 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 16-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 25.01.2012 № 16-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"Z010148 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығы құрметiне II сайланған облыстық Мәслихаттың ХV сессиясы шешiм еттi:
      1. Облысқа сiңiрген айрықша еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған азаматтарға 2000 теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн.
      2. Әлеуметтiк көмек облысқа сiңiрген айрықша еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған азаматтардың табысына байланыссыз 2002 жылдың қаңтар айынан бастап ай сайын төленедi.
      3. Облыс әкiмi:
      1) 2002 жылға арналған облыс бюджетiнде облысқа сiңiрген айрықша еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтiк көмек төлеуге қаражат қарастырсын;
      2) облысқа сiңiрген айрықша еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу тәртiбiн жасап бекiтсiн.
 
 

      Облыстық Мәслихат ХV
      сессиясының төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады