Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы № 48 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 22 қарашада № 1143 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 27-бабы, І-тармағы, 17-тармақшасына сәйкес, бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға үстіміздегі жылдың қарашасынан бастап айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде ай сайын материалдық көмек белгіленсін.
      2. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы санаттағы адамдарға материалдық көмек тағайындауды жүргізсін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.01.26 N 29 Қаулысымен.
      3. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) тағайындалған материалдық көмек төлемдерін дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Нұрғалиевке жүктелсін.

Облыс әкімі
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады