Алғабас ауылдық округінің Қазақстан ауылы азаматтарының 2000 жылғы 7 қарашадағы жиынның өтінішін, Сырым аудандық мәслихатының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 6-2-ші және Сырым ауданы әкімінің "Алғабас ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 28 қарашадағы N 269-шы шешімдерін қарай келе, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабы 4-ші тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 11-ші бабы 3-ші тармағына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан ауылы өзіне тиесілі жерімен бірге Алғабас ауылдық округі құрамынан шығарылып, Талдыбұлақ ауылдық округіне берілсін.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы