Мәдениет, өнер саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерi үшiн мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу Тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1763. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 106 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 106 бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) "Мәдениет, өнер саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері үшін мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 45 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1763, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 45 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
      2) ...
      3)«...
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Е.Ертісбаев

___________________________________________________________

      "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  P020041_  қаулысын орындау үшiн 
                               БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Мәдениет, өнер саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң, мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң және бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерi үшiн мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу Тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн. 
      2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап қолданылысқа енгiзiледi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр О.Г. Рябченкоға жүктелсiн. 

                                               Келісілген:

 
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының 
      Мәдениет, ақпарат және Еңбек және халықты әлеуметтік 
      қоғамдық келісім министрі қорғау министрі 

                                            Қазақстан Республикасының

                                             Мәдениет, ақпарат және        

                                             қоғамдық келісім министрінің  

                                             2002 жылғы 21 ақпандағы

                                             N 45 бұйрығымен 

                                             Бекітілген

 
       Мәдениет, өнер саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң, мемлекеттiк 
          мұрағат мекемелерiнiң және бұқаралық ақпарат құралдарының 
          мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерi үшiн 
              мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу Тәртiбi 

 
                               1. Жалпы ережелер 

 
      Осы Ережелер ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан мәдениет, өнер, мұрағат iсi саласындағы мекемелерiнiң және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерiне мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу тәртiбiн реттейдi. 
      Осы Ережелерге сәйкес есептелетiн мамандығы бойынша жұмыс өтiлi күнтiзбелiк есептеумен ескерiледi. 
      Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық еңбекақысын көтеру құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық еңбекақысын есептеу осындай құқық пайда болған күннен бастап есептеледi. 
      Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi және мамандықтың сәйкестiгiн, құрамын тиiстi ұйым басшысы бекiтетiн, өтiл белгiлеу жөнiндегi комиссия анықтайды. 
      Мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен көшiрме екi данада жасалады және бiр данасы кадрлар қызметiне, екiншiсi бухгалтерияға берiледi. 
      Мамандығы бойынша еңбек өтiлiн анықтау үшiн негiзгi құжат еңбек кiтапшасы (ол болған жағдайда) немесе жеке еңбек шарты немесе жұмысқа қабылдау және босату туралы бұйрықтан көшiрме табылады. 

 
         2. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерiне және оларға 
               теңестiрiлген тұлғаларға жұмыс өтiлiн есептеу 

 
      1. Театр-көрiнiстiк, мәдени-демалыс, мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу, жөндеу-жаңғырту ұйымдарының, көркем-өндiрiстiк шеберханалар, сондай-ақ барлық профильдегi мұражайлардың, мұражай-қорықтардың, кiтапханалардың, кiтап палатасының артистiк, шығармашылық, әкiмшiлiк-басқару, өндiрiстiк-техникалық персоналы мен басқа да қызметкерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiне осы ұйымдардағы және соларға теңестiрiлген ұйымдардағы жұмыс өтiлi қосымшаға сәйкес есептеледi. 
      2. Мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне осы Ережелердiң 1-тармағында көрсетiлген ұйымдардағы барлық жұмыс уақыты, сондай-ақ: 
      1) бiлiм берудiң оқу орындарындағы, ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы мәдениет және өнер саласындағы ұйымдардың мамандықтарына сәйкес келетiн жұмыс уақыты; 
      2) арнайы жоғары бiлiмi жоқ, алайда мәдениет және өнер саласындағы ұйымдардағы осы мамандықтар бойынша тиiстi практикалық жұмыс өтiлi бар қызметкерлердiң жұмыс уақыты; 
      3) шетелдегi жұмыс, егер шетелге жiберiлгенге дейiн қызметкер мамандығы бойынша мәдениет және өнер саласындағы және соларға теңестiрiлген ұйымдарда жұмыс iстесе және қоныс аудару мерзiмiн санамағанда шетелден келген күнiнен бастап екi ай iшiнде ұйымға жұмысқа тұрса; 
      4) қызметтен жағымсыз себептерден босатылғандарынан басқа офицерлер құрамының Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының Қарулы күштерiндегі ішкi, шекара әскерiндегi, азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының және КСРО iшкi істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдары жүйесіндегi қызметтерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы қызметi, сондай-ақ интернационалдық борышын өтеуге, соның iшiнде әскери комиссариаттың анықтамасы болған жағдайда әскери қызметшiлердiң тұтқында болған уақыты; 
      5) жүктiлiгi және босануы жөнiндегi демалыстар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берiлетiн еңбекақысы сақталмайтын бала күту бойынша берiлетiн демалыс уақыты; 
      6) жұмыстан заңсыз босатылған және кейiн жұмыс орнын қалпына келтiру; 
      7) жұмыстан босатылып, кадрлар дайындау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарда оқу; 
      8) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыты; 
      9) барлық деңгейдегi депутаттар жұмысы, егер осы лауазымға сайлау алдында тiкелей мәдениет немесе өнер саласындағы еңбек қызметiнде болса; 
      10) оның еңбек қызметi салаға қарамастан осы тектес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты. 

 
               3. Мұрағат iсi ұйымдары қызметкерлерi мен соларға 
                 теңестiрiлген тұлғалардың жұмыс өтiлiн есептеу 

 
      3. Мұрағат iсi ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерi үшiн мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiне қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мұрағат мекемелерiндегi, арнайы мұрағат мекемелерiндегi және ведомстволық мұрағаттардағы жұмыс уақыты жатқызылады. 
      4. Мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне осы Ережелердiң 3-тармағында көрсетiлген барлық ұйымдардағы жұмыс уақыты, сондай-ақ мына уақыт енедi: 
      1) орта және жоғарғы білім беру ұйымдарындағы, ғылыми зерттеу, жобалау-конструкторлық ұйымдарындағы мемлекеттік мұрағат мекемелеріндегі жұмыс бейініне сәйкес келетін мамандықтар бойынша жұмыстар; <*> 
      2) мұрағат және тарихи құжаттарды қалпына келтiру және сақтаумен байланысты ұйымдардағы жұмыс; 
      3) дыбыс-бейне құжаттамалары мен кинофотоқұжаттамаларды қалпына келтiрумен байланысты мәдениет және киноиндустрия ұйымдарындағы жұмыс; 
      4) қызметтен жағымсыз себептерден босатылғандарынан басқа офицерлер құрамының Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының Қарулы күштерiндегi iшкi, шекара әскерiндегi, азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының және КСРО iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдары жүйесiндегi қызметтерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы қызметi, сондай-ақ интернационалдық борышын өтеуге, соның iшiнде әскери комиссариаттың анықтамасы болған жағдайда әскери қызметшiлердiң тұтқында болған уақыты; 
      5) жүктiлiгi және босануы жөнiндегi демалыстар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берiлетiн еңбекақысы сақталмайтын бала күту бойынша берiлетiн демалыс уақыты; 
      6) жұмыстан заңсыз босатылған және кейiн жұмыс орнын қалпына келтiруі; 
      7) жұмыстан босатылып, кадрлар дайындау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарда оқу уақыты, егер қызметкер курсқа түскенге дейiн мұрағат iсi ұйымдарында жұмыс iстесе және оларды аяқтаған соң ұйымға мамандығы бойынша қайта оралса; 
      8) барлық деңгейдегi депутаттар жұмысы, егер осы лауазымға сайлау алдында тiкелей мұрағат iсi саласындағы еңбек қызметiнде болса; 
      9) мамандығы бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыты; 
      10) мұрағат iсi ұйымдарындағы мамандықтар тектес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты. 
      Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
               келісім министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 82 бұйрығымен. 
                V021824_  

 
                  4. Бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдарының 
                   қызметкерлерiне және соларға теңестiрiлген 
                        тұлғаларға жұмыс өтiлiн есептеу 

 
      5. Теледидар және радио, газеттер мен журналдар, баспалар, ақпарат агенттiктерiнiң мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын редакциялық, әкiмшiлiк-басшылық, өндiрiстiк-техникалық персоналдары мен басқа да қызметкерлерiнiң жұмыс өтiлiне қосымшаға сәйкес осы ұйымдардағы және соларға теңестiрiлген ұйымдардағы жұмыс уақыты жатқызылады. 
      6. Мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне осы Ережелердiң 5-тармағында көрсетiлген барлық ұйымдардағы жұмыс уақыты, сондай-ақ мына уақыт енедi: 
      1) газет-журнал және кiтап баспаларындағы, газеттер мен журналдардың аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және ведомстволық редакцияларындағы, баспа үйлерiндегi, ақпарат агенттiктерiндегi, радио мен теледидардың редакцияларындағы, телерадиокомпаниялардағы редакциялық персоналдың жоғарғы немесе орта-арнайы бiлiмi, немесе редакциялық немесе баспа қызметiмен айналысуға құқық беретiн бiлiмi болған жағдайдағы жұмысы; 
      2) теледидар және радиохабар тарату студияларындағы, телерадиокомпаниялардағы, кинематография, кинофикация және кинопрокат ұйымдарындағы режиссерлiк-қоюшы және басқа да қосалқы персоналдың жоғарғы немесе орта-арнайы бiлiмi, немесе режиссерлiк, операторлық және қосымшаға сәйкес осы тектес лауазымдардағы қызметпен айналысуға құқық беретiн бiлiмi болған жағдайдағы жұмысы; 
      3) қызметтен жағымсыз себептерден босатылғандарынан басқа офицерлер құрамының Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының Қарулы күштерiндегі ішкi, шекара әскерiндегi, азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының және КСРО iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдары жүйесiндегi қызметтерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы қызметi, сондай-ақ интернационалдық борышын өтеуге, соның iшiнде әскери комиссариаттың анықтамасы болған жағдайда әскери қызметшiлердiң тұтқында болған уақыты; 
      4) жүктiлiгi және босануы жөнiндегi демалыстар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берiлетiн еңбекақысы сақталмайтын бала күту бойынша берiлетiн демалыс уақыты; 
      5) жұмыстан заңсыз босатылған және кейiн жұмыс орнын қалпына келтiру кезiндегi бос жүруге мәжбүр болған уақыты; 
      6) жұмыстан босатылып, кадрлар дайындау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарда оқу уақыты, егер қызметкер курсқа түскенге дейiн бұқаралық ақпарат құралдары мен киноиндустрия ұйымдарында жұмыс iстесе және оларды аяқтаған соң қайта оралса; 
      7) барлық деңгейдегi депутаттар жұмысы, егер осы лауазымға сайлау алдында тiкелей мұрағат iсi саласындағы еңбек қызметiнде болса; 
      8) мамандығы бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыты; 
      9) бұқаралық ақпарат құралдары мен киноиндустрия ұйымдарындағы мамандықтар тектес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты. 

                                         Қазақстан Республикасы 

                                       Мәдениет, ақпарат және қоғамдық     

                                           келiсiм министрiнiң 

                                        2002 жылғы 21 ақпандағы N 105      

                                           бұйрығымен бекiтiлген

                                      Мәдениет, өнер, мұрағат iсi және     

                                  бұқаралық ақпарат құралдары салаларының  

                                  қызметкерлерiнiң мамандық бойынша еңбек  

                                             өтiлiн есептеу

                                              Ережесiне

                                               Қосымша

 
            Жұмыс iстеген уақыты театрлық-көрiнiстiк, мәдени-демалыс, 

 

            ғылыми-зерттеу, жөндеу-қайта қалпына келтiру ұйымдары,         

          көркем-өндiрiстiк шеберханалар, мұражайлар, мұражай-қорықтар,    

          кітапханалар, кітап палатасы, мұрағат ісі ұйымдары, бұқаралық    

            ақпарат құралдары ұйымдары қызметкерлерiнiң мамандықтары       

           бойынша еңбек өтiлiне жатқызылатын ұйымдар мен лауазымдар

                                 Тiзбесi <*>

     

     Ескерту. Тізбе толықтырылды - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

              келісім министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 82 бұйрығымен.

                V021824_  

___________________________________________________________________________

     Мекемелер, ұйымдар мен                     Лауазым атауы

        кәсiпорындар атауы 

___________________________________________________________________________

Ұлттық кiтапханалар, республикалық       Бас директор, бас директордың

кiтапханалар, қалалық кiтапханалар,      орынбасары, ғылыми хатшы, бөлiм

аудандық кiтапханалар, ведомстволық      меңгерушiсi, кiтапханалық ынтымақ.

(академиялық) кiтапханалар, арнаулы      тастықтың жетекшi үйлестiрушiсi, 

кiтапханалар, соқырлар мен көзі          сектор меңгерушiсi, басылым 

нашар көретiн азаматтарға арналған       түрлерi  бойынша бас жинақтаушы,

(облыстық) кiтапханалар, жасөспірім.     кiтапханашы, электронды каталогтың

дер кiтапханалары, балалар               бас редакторы, электронды

кiтапханалары, ғылыми-техникалық         жинақтаушы каталогтың жетекшi 

кiтапханалар, барлық деңгейдегi          редакторы, директор, директордың

кiтапханалардың филиалдары, әмбебап      орынбасары, жетекшi кiтапханашы, 

(көпшiлiк) кiтапханалар                  лаборатория меңгерушiсi, үйрету   

                                         бағдарламаларының бас үйлестiру.  

                                         шісi, қайта қалпына келтiрушi,    

                                         бас сақтаушы, ауыстыру резерв     

                                         қорының меңгерушiсi, бас          

                                         библиограф, бас зерттеушi, бас    

                                         әдiстемешi, типография меңгеруші. 

                                         сi, мұрағат меңгерушiсi, суретшi;

 

Театрлық-көрiнiстiк, мәдени -            Көркемдiк жетекшi, бас режиссер, 

демалыс ұйымдары, оның iшiнде:           бас дирижер, бас балетмейстер, бас

Абай атындағы Мемлекеттiк опера          хормейстер, бас суретшi, директор,

және балет академиялық театры,           жоғары категориялы актер, бiрiншi 

К.Байсейiтова атындағы Ұлттық опера      категориялы актер, екiншi 

және балет театры, М.Әуезов              категориялы актер, қоюшы, көркем

атындағы Қазақ мемлекеттiк драма         қоюшы, директордың орынбасары,

театры, Ғ.Мүсiрепов атындағы             администратор, администратор-     

балалар мен жасөспiрiмдерге              менеджер, труппа жетекшiсi, әдеби 

арналған академиялық қазақ театры,       бөлiмнiң меңгерушiсi, дирижер, 

Мемлекеттiк республикалық                режиссерлiк басқару жетекшісі,

музыкалық-комедиялық ұйғыр               сахна шеберiнiң жетекшi-әртiсi,

театры, Мемлекеттiк республикалық        шығармашылық топтың жетекшiсi,

музыкалық-комедиялық кәрiс театры,       бөлушi директор, жоғары           

облыстық драма театрлары, облыстық       категориялы әртіс, бірінші катего.

қуыршақ театрлары, облыстық қазақ        риялы әртiс, екiншi категориялы

драма театрлары, облыстық орыс           әртiс, көркемдiк-қоюшылық

драма театрлары, облыстық, аудандық,     бөлiмнiң меңгерушiсi, режиссер,   

ауылдық мәдениет және өнер ұйымдары      дыбыс режиссерi, балетмейстер,    

(клубтар, мәдениет және демалыс          хормейстер, вокал класы бойынша   

парктері, мәдениет үйлері мен сарай.     репетитор, балет класы бойынша    

лары және т.б.) <*>                      репетитор, сөйлеу техникасы       

                                         бойынша репетитор, вокал класы    

                                         бойынша концертмейстер, хор класы

                                         бойынша концертмейстер, жарық

                                         жөнiндегi суретшi, костюм         

                                         жөнiндегi суретшi, суретшi        

                                         бутафор, бутафор-декоратор,       

                                         гример-постижер, гример,          

                                         әдеби-драма бөлiмiнiң (меңгерушi)

                                         жетекшiсi, суфлер, театр          

                                         қойылымының макетшiсi;

Республикалық салалық мұражайлар         Директор, директордың орынбасары, 

мен қорықтар: археологиялық,             бас қор сақтаушы, бөлiм 

геологиялық, ведомстволық, тарихи-       меңгерушiсi, ғылыми хатшы, 

мемориалдық, көркем, мұражай-            өнертанушы, негiзгi емес бөлiм. 

қорықтар, тарихи-өлкелiк, әдеби,         дердің бастықтары, сектор 

әдеби-мемориалдық, қолданбалы өнер       меңгерушiсi, суретшi-қайта қалпына

мұражайы, қазiргi заман, декоратив.      келтiрушi, қор сақтаушысы,  

тi-қолданбалы өнер, тарихи-мәдени        суретшi, суретшi редактор, әдісте.

облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық     меші, экскурсия ұйымдастырушы,

мұражайлар мен қорық-мұражайлар <*>      суретшi-безендiрушi, аға ғылыми   

                                         қызметкер, ғылыми қызметкер,      

                                         экскурсовод, инженер, кiтапхана.  

                                         шы, музей қараушы, фотограф,      

                                         инспектор, кiшi ғылыми қызметкер,

                                         жетекшi инспектор, маман,         

                                         фотограф-қайта қалпына келтiрушi, 

                                         аға музей қараушы;

     

 

Концерттiк ұйымдар, "Қазақконцерт"       Бас директор, концерттiк ұйымдас.

Қазақ мемлекеттiк гастролдiк-            тырудың көркемдік жетекшісі,

концерттiк бiрлестiгi, республика.       шығармашылық ұжымның директоры,

лық филармониялар, облыстық              дирижер, симфониялық оркестр      

филармониялар,мәдени-ағарту ұйымдары     әртiстерi, камералық оркестр      

                                         әртiстерi, вокалист, әншi-        

                                         вокалист, саз жетекшiсi, саз      

                                         редакторы, ансамбль жетекшiсi,    

                                         оркестр жетекшiсi, ансамбль       

                                         сазгерi, оркестр сазгерi, лектор-

                                         өнертанушы, жоғары категориялы    

                                         әртiс, бiрiншi категориялы әртiс, 

                                         екiншi категориялы әртiс, әртiс-  

                                         аспапшы, әртiс-әншi, әншi-        

                                         аспапшы, әншi-әртiс, хормейстер,  

                                         режиссер, концертмейстер,

                                         жоғары категориялы сүйемелдеушi-

                                         концертмейстер, дыбыс режиссерi,  

                                         вокал бойынша репетитор;

Республикалық кинокомпаниялар,           Бас директор, бас директордың 

облыстық, аудандық кино-бейне            бiрiншi орынбасары, бас 

жалға берушiлер, кинофикациялар          директордың орынбасары, бас       

                                         продюсер, бас технолог, бас       

                                         редактор, бас кинооператор,       

                                         бiрлестiк директоры, түсiру       

                                         тобының директоры, көркемдiк

                                         жетекшi, суретшi-қоюшы, жоғары

                                         категориялы актер, орындаушы      

                                         продюсер, құрастырушы-режиссер,   

                                         режиссер, қоюшы-режиссер,         

                                         режиссер-редактор, директор,

                                         дыбыс режиссерi, дыбыс операторы,

                                         редактор, қоюшы-суретшi, қоюшы-   

                                         гример, дыбыс инженерi, дыбыс     

                                         операторы, дыбыс безендiрушiлер,  

                                         суретшi-декоратор, оператор       

                                         ассистентi, костюм жөнiндегi

                                         суретшi, режиссер ассистентi,     

                                         суретшi ассистентi, кинооператор  

                                         ассистентi, жетекшi редактор,     

                                         костюмер, реквизитор, гример-     

                                         настижер, фотограф

Ғылыми-зерттеу ұйымдары                  Ұйымның директоры, директордың

                                         орынбасарлары, ғалым хатшы,

                                         редакторлар, бөлiм, сектор,       

                                         лаборатория меңгерушiсi, бас      

                                         ғылыми қызметкерлер, жетекшi      

                                         ғылыми қызметкерлер, аға ғылыми   

                                         қызметкерлер, кiшi ғылыми         

                                         қызметкерлер, лаборант, әдiскер.  

                                         лер, мамандар.

Мәдениеттiң басқару органдары            Басқару лауазымдары, сондай-ақ    

                                         мәдениет пен өнер саласының       

                                         қызметiне қатысты өзге де         

                                         лауазымдар

Мұрағаттар: мемлекеттiк,                 Республикалық мемлекеттiк мұрағат

республикалық, облыстық, қалалық,        мекемесiнiң директоры, республи.  

Астана, Алматы қалаларының,              калық мемлекеттiк мұрағат мекемесi

аудандық, ведомстволық, арнаулы          директорының орынбасары, облыстық,

                                         Астана, Алматы қалалары           

                                         мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң 

                                         директоры, мемлекеттiк мұрағат    

                                         мекемесiнiң бөлiм бастығы,        

                                         облыстық филиалдың директоры,

                                         қалалық немесе аудандық мемлекет. 

                                         тiк мұрағат мекемесiнiң           

                                         директоры, бас мұрағатшы, бас     

                                         мұрағат жасаушы, қордың бас       

                                         сақтаушысы, бас палеограф,        

                                         республикалық мемлекеттiк мұрағат

                                         мекемелерiнiң негiзгi қызметтерi  

                                         бойынша өзге де бас мамандар,     

                                         облыстық, Астана және Алматы      

                                         қалалары мемлекеттiк мұрағат      

                                         мекемелерiнiң бөлiм бастықтары,

                                         облыстық, Астана және Алматы      

                                         қалалары мемлекеттiк мұрағат      

                                         мекемелерiнiң негiзгi қызметi     

                                         бойынша бас мұрағатшы, бас        

                                         мұрағат жасаушы, қордың бас       

                                         сақтаушысы, өзге де бас мамандар, 

                                         қалалық және аудандық мемлекеттiк 

                                         мұрағат мекемелерi директорының   

                                         орынбасары, мұрағатшы, мұрағат    

                                         жасаушы, палеограф, сақтау        

                                         қоймасының меңгерушiсi, жоғары    

                                         санатты әдiскер, бiрiншi          

                                         санаттағы әдiскер, екiншi         

                                         санаттағы әдiскер, қалалық және   

                                         аудандық мұрағат мекемесiнiң      

                                         бөлiм бастығы, бiрiншi санаттағы  

                                         барлық мамандықтардың инженерi,   

                                         шағын фильмирлеу және көшiрмесiн  

                                         түсiру аппаратының операторы,

                                         жаңғыртушы, суретке түсiруші,     

                                         екiншi санаттың барлық            

                                         мамандықтарының инженерi;

Республикалық, облыстық, қалалық,        Газеттiң немесе журналдың бас 

аудандық газет және журналдар            редакторы, бас редактордың 

редакциялары, баспаханалар               орынбасары, жауапты хатшы, бөлiм  

                                         редакторы, редакциялық алқа       

                                         мүшесi, негiзгi бағыттар бойынша  

                                         бөлiм меңгерушiсi, меншiктi       

                                         тiлшi, шолушы, арнаулы тiлшi,     

                                         тiлшi, аудармашы, фототiлшi,      

                                         ретуш жасаушы, суретке түсiрушi,  

                                         фотолаборант, жеке компьютерде

                                         терушi-оператор, стенографшы,

                                         редакцияның машинка басушысы, бет

                                         оқушы, беттеушi-оператор, аға     

                                         корректор, корректор, суретшi;

Республикалық кiтап палатасы             Директор, директордың орынбасары,

                                         негiзгi қызмет бойынша бөлiм      

                                         меңгерушiсi, ғалым хатшы, бас     

                                         библиограф, өзге бөлiмдердiң      

                                         меңгерушiлерi, кiтапханашы,

                                         библиограф;

Ақпарат агенттiгi                        Бас редактор, бас редактордың

                                         орынбасары, редактор, редактордың 

                                         шет ел ақпараттары жөнiндегi      

                                         орынбасары, редактордың орынбаса. 

                                         ры,  тiлшiлер тобының             

                                         меңгерушiсi, аға тiлшi, тiлшi,

                                         меншiктi тiлшi(шет елде),         

                                         аудармашы-редактор, оператор,     

                                         тiлшiлер қосынының меңгерушiсi,   

                                         бағдарламашы-инженер;

Кiтап баспалары                          Директор, бас редактор, директор. 

                                         дың орынбасары, редакция, бөлiм   

                                         меңгерушiсi, редактор, техникалық 

                                         редактор, фотосуретшi,            

                                         фотолаборант, суретшi, көркемдеу. 

                                         шi редактор, шығарушы, ретуш

                                         жасаушы, кескiндеушi;

Теледидар мен радио                      Бағдарламалардың бас директоры,   

                                         бас редактор, бас шығарушы, бөлiм

                                         меңгерушiсi, жауаптыхатшы,

                                         комментатор, жауапты шығарушы,

                                         арнаулы тiлшi, бағдарламаның      

                                         жүргiзушiсi; саяси шолушы,        

                                         редактор-консультант,             

                                         редактор-стилист, қалалық,        

                                         аудандық радио хабарларын тарату  

                                         редакциясының жауапты редакторы,  

                                         меншiктi тiлшi, тiлшiлер          

                                         қосынының меңгерушiсi, аға

                                         редактор, аудармашы, шығарушы     

                                         редактор, тiлшi, фототiлшi,       

                                         диктор, қалалық, аудандық радио   

                                         хабарларын тарату редакциясының   

                                         дикторы, кiшi редактор,           

                                         корректор, референт, сектор, бюро

                                         меңгерушiсi, диктордың иномаманы,

                                         қоюшы-кинорежиссер, телевиденияның

                                         режиссерi, кинорежиссер, радио

                                         хабарларын тарату режиссерi, дыбыс

                                         режиссерi, дыбыс операторы, бас

                                         кинооператор, қоюшы-кинооператор,

                                         құрама түсiрiмнiң кинооператоры,

                                         телеоператор, монтаждаушы,        

                                         теледидар режиссерiнiң ассистенті,

                                         басқа да аталымдардың ассистентi,

                                         кинорежиссердiң көмекшiсi,        

                                         кинооператордың көмекшiсi, қоюшы- 

                                         суретшi, құрама түсiрiлiмдер

                                         жөнiндегi суретшi, гримдеушi-     

                                         суретшi, мультфильм түсiрушi-     

                                         суретшi, қуыршақ ұстаушы-суретшi, 

                                         ойын қуыршақтарын безендіруші-

                                         суретші, өзге де мамандықтардың   

                                         суретшісі, дыбыс жасаушы,         

                                         музыкамен әрлеуші, телефильмнің

                                         редакторы, мәтінді үйлестіруші,

                                         түсіру тобының директоры,         

                                         дайындаушы, түсіру тобы

                                         директорының орынбасары, әкімші.

___________________________________________________________________________

     

     

     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Жұманазарова А.Б.

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады