"Мәдениет, өнер саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері үшін мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 45 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 17 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1824. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 106 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 106 бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді----------------

       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) ...
      2) "Мәдениет, өнер саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері үшін мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 45 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1824);
      3)«...
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Е.Ертісбаев

___________________________________________________________

      "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  P020041_  қаулысын орындау үшін 

 
                               БҰЙЫРАМЫН: 

 
      1. "Мәдениет, өнер саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері үшін мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 45  V021763_  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген Бұйрықпен бекітілген мәдениет, өнер саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлері үшін мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу Тәртібінде: 
      4-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын: 
      "1) орта және жоғарғы білім беру ұйымдарындағы, ғылыми зерттеу, жобалау-конструкторлық ұйымдарындағы мемлекеттік мұрағат мекемелеріндегі жұмыс бейініне сәйкес келетін мамандықтар бойынша жұмыстар"; 
      театр-көріністік, мәдени-демалыс, ғылыми-зерттеу, жөндеу-қалпына келтіру ұйымдарындағы, көркем-өндірістік шеберханаларындағы, мұражайларындағы, мұражай-қорықтардағы, кітапханалардағы, кітап палатасындағы, мұрағат ісі ұйымдарындағы, бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдарындағы жұмыс уақыты қызметкерлердің мамандықтары бойынша жұмыс өтіліне есептелетін ұйымдар мен лауазымдар Тізбесінде: 
      мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар атаулары бағанында екінші жолға "облыстық орыс театрлары" сөздерінен кейін "облыстық, аудандық, ауылдық мәдениет және өнер ұйымдары (клубтар, мәдениет және демалыс парктері, мәдениет үйлері мен сарайлары және т.б.)" сөздерімен толықтырылсын; 
      мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар атаулары бағанында үшінші жолға 

 

"тарихи-мәдени" сөздерінен кейін "облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық

мұражайлар мен қорық-мұражайлар" сөздерімен толықтырылсын. 

     3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа 

енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтарда пайда болған қарым-қатынастарға 

таратылады.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр 

О.Г.Рябченкоға жүктелсін.

 

                                         Келісілген:

     Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының

     Мәдениет, ақпарат және              Еңбек және халықты 

     қоғамдық келісім министрі           әлеуметтік қорғау министрі

     

     Мамандар:

         Икебаева А.Ж.

         Омарбекова А.Т.

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады