Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудiң ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 22 ақпандағы N 39-ө бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1764. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 106-ө Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.03.30 N 106-ө Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысын іске асыру және мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің стажын есептеу бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында
                               БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
 
      Министр
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2002 жылғы 22 ақпандағы N 39-ө бұйрығымен "бекiтiлген"
 
 
        Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттiк
           қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы
                         бойынша жұмыс стажын есептеудiң
                                    ЕРЕЖЕСI
 
      1. Осы Ереже мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудiң тәртiбi мен шартын реттейдi.
      2. Мамандығы бойынша жұмыс стажына мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, денсаулық сақтау және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк мекемелерде және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда сол мамандық бойынша жұмыс iстеген барлық уақыт есептеледi, сондай-ақ:
      1) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыт;
      2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерде, Iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармасы органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызмет өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын орындаған, соның iшiнде әскери комиссариаттың анықтамасы болғанда әскери қызметшiнiң тұтқында болған уақыты;
      3) жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берiлген баланы күту жөнiнде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты; (РҚАО-ның сілтемесі: Z990493_ 66-67-баптарды қараңыз.)
      4) Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының, мәслихат депутатының өкiлеттiктерiн жүзеге асырған уақыты;
      5) егер қызметкер шетелге кетер алдында мамандығы бойынша мемлекеттiк мекемелерде жұмыс iстесе және жолға кеткен уақытын есептемегенде шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi ай iшiнде мемлекеттiк мекемеге жұмысқа орналасса, шетелде жұмыс iстеген уақыты;
      6) жұмыстан заңсыз босатылып, кейiннен жұмысқа қайта орналастырылғанда ерiксiз жұмыста болмаған уақыты;
      7) мемлекеттiк мекеменiң жолдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында жұмыстан қол үзiп оқыған уақыты;
      8) ұйымдарда мамандық бейiнi бойынша ғылыми жұмыс iстеген уақыты;
      9) 1999 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мамандығы бойынша интернатурадан және клиникалық ординатурадан өту уақыты;
      10) өзiнiң еңбек қызметi өткен қызмет саласына қарамастан мамандығына ұқсас лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты енедi.
      3. Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеу бойынша есепке алынады.
      4. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын арттыру құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық жалақы осындай құқық пайда болған күннен бастап еңбек стажы ескерiле отырып есептеледi.
      5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын және мамандықтардың сәйкестiгiн мемлекеттiк мекеменiң еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссиясы айқындайды, оның құрамын тиiстi мемлекеттiк мекеменiң басшысы бекiтедi.
      6. Комиссияның мамандығы бойынша жұмыс стажын белгiлеу туралы шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнiң көшiрмесi екi данада жасалады, бiр нұсқасы - кадр бөлiмiне, екiншiсi бухгалтерияға берiледi. 7. Еңбек кiтапшасы (ол болған ретте) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзiндi қызметкердiң мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшiн еңбек қызметiн растайтын құжаттар болып табылады. Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады