Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Iшкi Істер министрінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 223 бұйрығымен (2006 жылғы 16 маусымда N 109-110 (916) "Заң газеті" газетінде жарияланған).
--------------Бұйрықтан үзінді---------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы заңының 40-бабына сәйкес бұйырамын:
"Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi Істер министрінің 2002 жылғы 26 ақпандағы N 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1811 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 18 Бюллетенінде жарияланған, Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 548 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Министр
----------------------------------
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса берiлiп отырған Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Астана қаласы IIБ-нiң, Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң бастықтары:
1) осы Нұсқаулықты жол полициясы бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң оқып-үйренуiн қамтамасыз етсiн және оны орындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;
2) осы Нұсқаулықта көзделген қызметтiк құжаттама бланкiлерiнiң әзiрленуiн қамтамасыз етсiн және олармен жол полициясы бөлiмшелерiн жабдықтасын;
3) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 66
бұйрығымен
бекiтiлген "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiн барлық тексерулердiң бастапқы есепке алу құжаттарын ұсыну мен тiркеудiң тәртiбi туралы" тәртiп талаптарына сәйкес заңды тұлғалардың тексерiлуiн тiркеудi ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың және бекiтiлген Нұсқаулық талаптарының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Iшкіісминінiң Жол полициясы комитетiне (Н.Т.Мырзабеков) жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ішкі Істер министрі
генерал-лейтенант
Қазақстан Республикасы
Iшкiiсминiнiң
2002 жылғы 26 ақпандағы
N 130 бұйрығымен бекiтiлген
Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын
орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық көлік құралдарын пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол полициясының заңды тұлғалардың "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердің талаптарын орындауын тексерудi (бұдан әрi - заңды тұлғаларды тексеру) ұйымдастыруын айқындайды.
2. Жол полициясының заңды тұлғаларды тексерумен байланысты қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Үкiметiнің кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Нұсқаулыққа негiзделедi.
3. Жол полициясының бөлiмшелерi заңды тұлғаларды тексерудің мынадай түрлерiн жүргiзуi мүмкiн:
1) жоспарлы;
2) жоспардан тыс - жол-көлiк оқиғаларының фактiлерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен қозғалған қылмыстық iстердi тергеуге байланысты, заңнамамен белгiленген тәртiппен жол-көлiк оқиғаларының фактiлерi бойынша iшкi iстер органдарының тергеушiлерi мен анықтаушылары тағайындайды.
4. Заңды тұлғаларды жоспарлы тексерудің кезеңдiлiгi олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай белгiленедi:
1) қызметтің лицензияланбайтын түрлерiн жүзеге асыратын, саны 10 адамға дейiнгi кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерi (толық серiктестiк, коммандиттiк серiктестiк, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк, өндiрiстiк кооператив) үш жылда бiр рет тексерiледi.
2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғаларды қоспағандағы кәсiпкерлiк субъектiлерi жылына бiр рет тексерiледi.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 548
бұйрығымен
.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағындағы 1) және 2) тармақшаларда көрсетiлген заңды тұлғаларды жоспарлы тексеру заңнамамен белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының органдарында (бұдан әрi - ҚСжАО органдары) тiркеуге жатады.
6. Заңды тұлғаны бiр тексерудің мерзiмi оның басталуынан аяқталуына дейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
2. Заңды тұлғаларды тексерудi ұйымдастыру
7. Тексерудi ұйымдастыру үшiн жол полициясы бөлiмшесiнің басшысы тексеру актiсiн (1-қосымша) шығарады және осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген жағдайларда кейiннен ҚСжАО органдарында тiркеу арқылы заңнамамен белгiленген үлгiдегi есепке алу карточкасы толтырылады.
8. Жол полициясы заңды тұлғалардың мынадай мiндеттердi орындауын:
1) жол қозғалысы процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыруды;
2) жүргiзушілердiң белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтауды;
3) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және жерде жүретiн Қалалық электр көлiгi жүргізушілерi мен басқа да қызметкерлердің бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасауды;
4) жол-көлiк оқиғаларының себептерiне және Жол қозғалысы ережелерiн бұзушылыққа талдау жасау мен оларды жоюды;
5) көлiк құралдарының техникалық жағдайына және олардың жарамды күйде пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етудi;
6) жүргiзушiлердi рейс алдында және кезеңдi медициналық тексерiп отыруды қамтамасыз етудi;
7) жүргiзушiлердің ЖКО-дан зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды тексередi.
9. Көлiк құралдарының техникалық жағдайының талаптары жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға, өзге де нормативтiк кесiмдерге, ережелер мен стандарттарға сәйкес қойылады. Көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру техникалық бақылаудың жылжымалы пункттерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
10. Көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру нәтижелерi жол полициясының уәкiлеттi қызметкерi және заңды тұлғаның өкiлi қол қоятын тексеру актiсiне (1-қосымша) енгiзiледi. Акттің көшiрмесi заңды тұлғаға берiледi.
11. Жол қозғалысының қауiпсiздiгін қамтамасыз ету жөнiндегi заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда жол полициясы тәртiп бұзушылықтарды және оларды жою үшiн қажеттi шараларды көрсете отырып, орындауға мiндеттi жазбаша өкiм (2-қосымша) бередi.
12. Жазбаша өкiмдi орындауды тексеру заңды тұлғаны тексеру басталғаннан кейiн 10 күндiк мерзiмде жүзеге асырылуы тиiс. Жазбаша өкiмнің орындалуын тексеру туралы мәлiметтер тексеру актiсiнде көрсетiледi.
13. Әрбiр заңды тұлғаға қатысты заңды тұлғаны тексеру актiлерi, жазбаша өкiмдердің көшiрмелерi, көлiк құралдарының бар-жоғы және олардың техникалық жағдайы туралы, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнің талаптарын орындау бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар туралы және т.с.с. қажеттi мәлiметтер тiгiлетiн бақылау iстерi жүргiзiледi.
3. Жол полициясы жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды тексерудi бақылау
14. Жол полициясы бөлiмшелерiнің заңды тұлғаларды тексерумен байланысты қызметiн iшкi iстер органдары жол полициясының жоғары тұрған органдары бақылайды.
15. Бақылау жол полициясы бөлiмшелерiн тексеру арқылы жүзеге асырылады. Бақылау барысында заңды тұлғаларды тексеру кезiнде заңдылықты сақтау, тексерудi осы Нұсқаулықтың талаптарына сай ұйымдастыру, заңды тұлғаларды тексеру туралы шынайы мәлiметтер көрсетiле отырып, есептер ұсыну мәселелерi белгіленедi.
Қазақстан Республикасы
Iшкiiсминiнiң
2002 жылғы 26 ақпандағы
N 130 бұйрығымен бекiтiлген
Нұсқаулыққа
1-қосымша
__________________ тiркеу N
(күнi, айы, жылы)
_________________________прокуратурасының ҚСАО
(ауданның, қаланың атауы)
Заңды тұлғалардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын
орындауын тексерудің
N _________АКТIСI
"Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Заң
күші бар Жарлығының
талаптарын басшылыққа ала отырып,_________ бастап____________ дейiн
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, заңды
_____________________________тексеру жүргiзудi белгiлеймiн.
мекен-жайы)
____________________________________________________________________
(жол полициясы бөлімшесi басшысының лауазымы, атағы, Т.А.Ә., қолы)
Мен,________________________________________________________________
(тексеру уәкiлеттiгi берілген жол полициясы қызметкерiнiң лауазымы,
____________________________________________________________________
атағы, Т.А.Ә.,)
заңды тұлғаны тексеру барысында мыналарды анықтадым:
1) жол қозғалысы процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн
талаптарға сәйкес жүргiзушiлердің жұмысын ұйымдастыру_______________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2) жүргiзушiлердiң белгiленген еңбек және демалыс режимін сақтау______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль
және жерде жүретiн қалалық электр көлігі жүргiзушiлерi мен басқа да
қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау___________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4) жол-көлiк оқиғаларының себептерiне және Жол қозғалысы
ережелерiн бұзушылыққа талдау жасау мен оларды жою__________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5) көлiк құралдарының техникалық жағдайына және олардың жарамды
күйде пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету_________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6) жүргiзушiлердi рейс алдында және кезеңдi медициналық
тексерiп отыруды қамтамасыз ету____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7) жүргiзушiлердiң ЖКО-дан зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi
көмек көрсету дағдыларын жетілдіру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру_________________________________________________________
____________________________________________________________________
8) заңды тұлғаның балансында тұрған көлiк құралдарының_________
бiрлiгiнiң техникалық жағдайы тексерілді, оның ішінде:
____________________________________________________________________
N КҚ типi Моделi Мемлекеттiк Шығарылған Техникалық жағдайының ЖҚҚ
нөмiрлiк жылы саласындағы заңнама
белгiсi талаптарына сәйкестiгi
немесе сәйкес еместігі
көрсетіле отырып,
техникалық жағдайын
тексерудің нәтижелерi
туралы қорытынды,
себептері
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6

Тексеру нәтижелерi бойынша_______ көлiк құралы ақаусыз деп танылды,
(саны)
ал______көлiк құралы ақауы бар деп танылды.
(саны)
"Таныстым"__________________________________________________________
(тексерiлген ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә., қолы)
М.О.
Тексеру нәтижелерi бойынша қорытынды:_______________________________
(заңды тұлғаға Жазбаша өкiмнiң берiлгендiгi туралы, Жазбаша өкiмнiң
орындалуын тексеру туралы, көлiк құралдарының техникалық жағдайына
және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке тарту туралы және т.б.)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тексеру уәкiлеттiгi берiлген жол полициясы
____________________________________________________________________
қызметкерiнiң лауазымы, атағы, Т.А.Ә.,)
Қазақстан Республикасы
Iшкiiсминiнiң
2002 жылғы 26 ақпандағы
N 130 бұйрығымен бекiтiлген
Нұсқаулыққа
2-қосымша
Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі
заңнама талаптарын бұзушылықты жою туралы
ЖАЗБАША ӨКІМ
_____________________________________ тексеру барысында мынадай жол
(заңды тұлғаның атауы)
қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталды __________________________________________________________
(заңнама талаптарын орындамау фактілері жазылады)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
"Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы
Заңы
мен "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің
Заң
күші бар Жарлығы
талаптарының негізінде______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы Жазбаша өкім міндетті түрде орындалуы керек.
Қабылданған шаралар туралы 200__ ж. "___" ____________дейін.
хабарлауыңызды сұраймын.
____________________________________________________________________
(жол полициясының уәкілетті қызметкерінің лауазымы, атағы,
Т.А.Ә.қолы)
М.О. 200__ ж. "___" ____________
Жазбаша өкімді алдым:
____________________________________________________________________
(ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә., қолы)
200__ ж. "___" ____________