Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының Қаулысы 1998 жылғы 5 маусымдағы N 5 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 6 тамызда тіркелді. Тіркеу N 563. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 151 қаулысымен.

  ------------Қаулыдан үзінді------------------

      Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы N 5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттiк тiркеу тізiлiмiнде N 563 тiркелген);
      2) ...
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. ...

      Төраға
------------------------------      

      Тіркеушілердің қызметін реттеу және инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 
                             ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. <*>
    Ескерту: 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 52 қаулысымен.  V021851_  
      2. Тіркеушілерге мынадай техникалық-технологиялық талаптар белгіленсін: 
      1) 2000 жылы проблемалардың туындауының алдын алатын және оның туындалуы мүмкін салдарларын төмендететін ақпараттық технологияларды пайдалану; 
      2) сыртқы электр көздерін пайдаланусыз, оның ішінде электрмен жұмыс істейтін құралдар мен приборларды пайдаланусыз толық қағаз технология бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізуді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық-техникалық ресурстардың болуы; 
      3) бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу және сақтау жүйелерімен бағалы қағаздар ұстаушылардың кемінде 5.000.000 (бес миллион) жеке шоттарын ұстап тұру; 
      4) бағалы қағаздар ұстаушыларының барлық тізілімде бір бағалы қағаздар ұстаушыға арналған бір жеке шот ашуға негізделген бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу технологиясын пайдалану.<*> 
      3. Тіркеушілер 1998 жылғы 01 қазанға дейінгі мерзімде өз капиталдарының мөлшерін және олардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметін реттейтін ішкі құжаттарын қолданылып жүрген заңдарға және осы Қаулыға сәйкестендіруге міндеттелсін.<*>
      3-1. Тіркеушілер өз қызметтерін (бағалы қағаздар ұстаушыларының  тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттейтін ішкі құжаттарды қоса):
     1) осы Қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарына 1999 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде;
      2) осы Қаулының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарына  2000 жылғы 01 көкекке дейінгі мерзімде сәйкес келтіруге міндеттелсін.<*>
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды, 3-тармаққа өзгеріс енгізілді, 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 14 қазандағы N 47 қаулысымен.   V990936_
      4. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.

       Ұлттық комиссияның Төрағасы

      Ұлттық комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады