"Шаруашылық субъектілердің қызметінде жүргізілетін барлық тексерулердің алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тіркеу тәртібі туралы" Ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы N 66 бұйрығының күшін жою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2002 жылғы 25 сәуірдегі N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 31 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1867. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 (V042744 )бұйрығымен.

      Барлық мүдделі ведомстволармен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылдың 31 желтоқсанындағы N 4189 Жарлығын  орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін барлық тексерулердің бірыңғай статистикалық есебін енгізу туралы" 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N 1286 қаулысына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан  Республикасының прокуратурасы туралы" заң күші бар, жарлығының 11-бабын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Шаруашылық субъектілерінің қызметінде жүргізілетін барлық тексерулердің алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тіркеу тәртібі туралы" Ереже бекітілсін және 2002 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы N 66 бұйрығының  күші жойылды деп табылсын.
      3. Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (Ә.Б. Ағманов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша Ережені тіркесін.
      4. Осы бұйрық және оған тіркелген Ереже барлық облыс және оларға теңестірілген прокурорларға, Астана мен Алматы қалаларының прокурорларына орындау үшін жолдансын.
      5. Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (Ә.Б.Ағманов) ресми бұқаралық ақпарат құралдарында осы Ережені жарияласын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары М.К. Уәйісовке жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2002 жылғы 25 сәуірдегі
N 27 бұйрығымен бекітілген

Шаруашылық субъектілердің қызметіндегі барлық тексерулердің
алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тіркеу тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 31 желтоқсанындағы N 4189 "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығын  орындау мақсатында және Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйегіндегі N 1286  (26.10.2000 жылғы N 1599 және 10.12.2001 жылғы N 1601  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) "Шаруашылық субъектілердің қызметіндегі барлық тексерулерді бірыңғай статистикалық тіркеуді енгізу туралы" қаулысына сәйкес жетілдірілген.
      2. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес бақылау және қадағалау құқығы бар мемлекеттік органдар (бұдан былай бақылаушы орган) шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін барлық тексерулерді тағайындау туралы актілерді (ұйғарулар, қаулылар және т.б.) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат Орталығының өлкелік органдарында (әрі қарай Тіркеу органдары) тіркеуге міндетті.
      ҚСжАО бөлімдері жоқ қалалар мен аудандардағы бақылау органдарының актілерін тіркеу осы қалалар мен аудандардың прокурорларына жүктеледі.
      Көліктегі тексеру тағайындау туралы актілер тек көлік аймақтарындағы ҚСжАО тіркеледі.
      Көліктік ҚСжАО жоқ болған жағдайда актілердің тіркелуі көліктік прокуратураларда жүргізіледі. Олар жоқ болған жағдайда аумақтық прокуратураларда тіркеліп, сол күні немесе келесі күні аймақтық көлік ҚСжАО жіберіледі. Қаулының көшірмесінде көліктік органның коды мен тіркеу нөмірі қойылады.
      Әскери басқарма органдарына ведомстволық қарасты немесе өз қызметін сол объектілерде іске асыратын шаруашылық субъектілердің қызметін тексеру тағайындау туралы акттерді тіркеу сәйкес аймақтағы әскери прокурорларға жүктеледі.
      3. Тексеру тағайындау туралы акт өзінде мына мәліметтерді мазмұндауы қажет:
      1) тексеру тағайындаған органның аталуы;
      2) бақылау органының тіркеу нөмірі мен күні;
      3) тексеру жүргізген лауазым иесінің фамилиясы мен аты-жөні;
      4) тексерілетін объектінің аталуы мен мекен-жайы, СТН;
      5) тексерілетін субъекті басшысының фамилиясы, аты-жөні;
      6) тексеру түрі;
      7) тексеру сұрағы;
      8) тексеру жүргізу мерзімі.
      4. Қажетті жағдайларда тексеру мерзімі қуатталған құжаттар бар болған жағдайда тексеру мерзімі ұзартылып, ол бойынша сәйкес жазбалар енгізіледі.
      5. Қылмыстық істі тергеумен, төтенше жағдайлармен, эпидемиялар, жұқпалы аурулардың тұтануымен байланысты шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді тағайындау туралы актілер, және де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі іске асыратын екінші деңгейдегі банктерді және сақтандыру мекемелерін тексеру тағайындау туралы актілер тіркеуге жатпайды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің басқа да шаруашылық субъектілердің қызметін тексеру актілері міндетті түрде тіркелуге тиісті.
      Мемлекеттік органдардағы, коммерциялық емес сипатты мемлекеттік мекемелердегі, қазыналық кәсіпорындардағы тексерулер тіркелуге жатпайды.
      Сонымен қатар, шаруашылық субъектінің өз басшылығымен кез-келген сұрақтар бойынша жүргізілген тексерулер (шаруашылық субъектінің мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына жолдау; мәселен, мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет, СЭҚ (СЭС) органдары және т.б.), құпия объектілердегі тексерулер және де заңдылыққа қайшы хаттауға сәйкес келмейтін кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың қызметінде жүргізілетін тексерулер (лицензиясы, патенті жоқ немесе кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін басқа да құжаты жоқ) тіркелуге жатпайды.
      Қазақстан Республикасы сыртқы кедендік шекарадағы автомобильдік, темір жол және де суда бақылау-өткізу пункттеріндегі үнемі бақылау және тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы халықаралық әуежайларда тауарларды және көлік құралдарын кедендік және шекаралық шектен өткізудің рұқсаттық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ететін тексерулер тіркелмейді.
      Көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылау Комитеті және Ішкі істер министрлігінің жол полиция Департаменті жергілікті органдарының бақылау-өткізу пункттеріндегі, жүк құрылу нүктелері, автомагистральдағы қиылыстар, шекаралық өту, жүк құрылу бағыттары орындарындағы автомобильдік жолдар аймағындағы, және де "Рубеж" бөгеуші жүйесіне кіретін ішкі істер органдарының посттарындағы, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген, айрықша қорық орындарында орналасқан табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі посттарындағы тексерулер тіркеуге жатпайды.
      Жан-жануарлармен, жануарлар мен өсімдік түп-тегі шикізатпен, және де оларды қайта өңдеу тағамдарымен сауда жасайтын базарларда тексеру және бақылау жасайтын мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет және СЭҚ органдарының қызметі тіркеуге жатпайды.
      Басқа тексерулердің барлығы тақырыптық байланыстығына қарамастан міндетті түрде тіркелуге тиіс.
      6. Актілерді тіркеу тексеру басталғанға дейін Тіркеу органдарында іске асырылады.
      Ерекше жағдайларда, адам өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер тудыратын заңбұзушылықтарды қақпайлауға іле-шала шаралар қабылдауға, сондай-ақ тікелей сол мезетте жасалған заң бұзушылықтарды айқындап айғақ заттарды бекіту үшін жедел іс-әрекеттер жүргізумен туындаған қажетті тексерулердің актілері Тіркеу органына келесі жұмыс күні ағымында тапсырылады.
      Тіркеу, тексеру тағайындау туралы актіні және белгіленген үлгідегі (1-П формалы) толтырылған, есепке алу карточкасын Тіркеу органына тапсыру жолымен жүргізіледі.
      Тексеру аяқталған соң тексеру тағайындау туралы акт шығарған мемлекеттік орган 24 сағат ішінде Тіркеу органына әр шаруашылық субъектіні тексеруді есепке алу карточкасына талон-қосымша тапсырады.
      7. Рейдтік тексерулерді тіркеу барысында Тіркеу органына нақты тексеретін тұлғалар көрсетілген тексеруді тағайындау туралы актімен бірге жоспарланған шаруашылық субъектілердің біреуіне барлық реквизиттері толтырылған формасы N 1-П тексеруді есепке алу карточкасы тапсырылады. Қалған карточкалар мен талон-қосымшалар әрбір тексерілген субъектілер бойынша, және де тексерілген субъектілердің тізімі тексеру аяқталған соң 24 сағат ішінде тапсырылады.
      Тексеру тәртібін бұзған жағдайда (соның ішінде тексеруді есепке алу карточкасымен талон-қосымшаны дер кезінде тапсырмау) бақылау органдары заңдылықта көрсетілген талаптарға сай жауапкершілікке тартылады.
      8. Тіркеу органына тексеру тағайындау туралы акт Тіркеу органына екі данада тапсырылып, бір данасы Тіркеу органында қалдырылады.
      Тіркеу органы осы құжаттарды алғаннан соң сол мезетте тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу Журналына (әрі қарай Журнал) сәйкес жазбаларды толтырып, бақылау органына қайтарылып берілетін актте формасы 1-П есепке алу карточкасының тіркеу нөмірі болып табылатын реттік нөмірді беруге міндетті. Осы акттің көшірмесі Тіркеу органында қалады.
      9. Карточкалар мен талон-қосымшаларды тапсыру барысында дұрыс толтырылмаған (шаруашылық субъектінің атауы, мекен-жай, СТН, тексерудің тақырыбы мен мерзімі көрсетілмеген) жағдайлардан басқа кездерде Тіркеу органы бақылау органдардың шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеуге қабылдамауына тиым салады.
      10. Тіркеу органы тағайындалған тексерулер бойынша мәліметтерді жарияламауды қамтамасыз етуге міндетті.
      Тексеруді тағайындау туралы актіні негізсіз тіркеуден бас тартса, прокуратура немесе сот органдарына шағым келтіруге болады.
      Тіркеу органы тексеруді тағайындау туралы актілерді жұмыс күні ішінде тіркеуге міндетті.
      Кешендік тексерулерді тағайындау туралы актіде тексеру жүргізетін барлық органдар мен лауазым иелері көрсетіледі. Кешендік тексерулерді тағайындау актісін ҚСжАО органында тексеруді бастаушы (қозғаушы) орган тіркейді. Осы орган ҚСжАО органына есептеу құжаттарын тапсырады.
      Осы айғақты материалдар бақылау органдарында сақталатын айқындалған бұзушылықтар бойынша бақылау органдарымен сәйкес шаралар қолдану мүмкіншіліктерінен айырмайды.
      Кешендік тексерулердің қалған құжаттары (актілер) ведомстволар бойынша тексеруге қатысушыларда болуға тиіс.
      11. Тексеруді тағайындау туралы актілерін тіркеу және тексеру тазалығы тәртібі бұзылумен байланысты шаруашылық субъектілерінің құқығы бұзылған айғақтар айқындалған жағдайда Тіркеу органы жедел түрде айқындалған заң бұзушылықтарды жою үшін прокуратура органдарына хабарлауға міндетті.
      12. Тіркеу органы шаруашылық субъектілер оларды ынталандыратын сұрақтар бойынша хабарласуға мүмкіншіліктер тудыратын дүркін-дүркін ресми бұқаралық ақпарат құралдарына өзінің мекен-жайы мен телефон нөмірін жариялауға міндетті.
      13. Осы Ережемен белгіленген алғашқы есеп құжаттарын тіркеу және тапсыру тәртібін бұзған лауазым иелері заң тәртібі бойынша жауапкершілікке тартылады.
      14. Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары заң шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерді тексеруде Тіркеу органдарында тіркелген тексеру тағайындау туралы актілерді кемінде тоқсанына бір рет салыстырып тексеру жүргізуге міндетті.
      15. Формасы 1-П тіркеу бланкаларымен қамтамасыз ету бақылау органдарына жүктеледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуратурасы жанындағы
      Құқықтық статистика және
      ақпарат Орталығы (департаменті)

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады