"Қызмет атқаруды ұйымдастыру, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына (тіркеу нөмірі 1878) толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2783. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 166 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.03.2017 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аса қауіпті қылмыскерлерді айдап алып жүру мен күзетудің кейбір мәселелерін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қызмет атқаруды ұйымдастыру, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына (12 маусым 2002 жылы 1878 нөмірде тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының нормативтік құқықтың актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 5-6) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықта:

      11-тармақта:

      1) тармақшадағы "күшейтілген" деген сөзден кейін "ерекше" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) сезіктілер мен айыпталушыларды ерекше күзетудің қосымша күзет орны ақпараттардың тарап кетуін және ерекше мәні бар қылмыстық істер бойынша аса қауіпті қылмыскерлер арасындағы рұқсат берілмеген байланыстарды болдырмау мақсатында қойылады. Шешімді Ішкі істер органының басшылығы мұндай қылмыстық істерді тергейтін жедел-тергеу топтары жетекшілерінің ұсынымхаттары бойынша қабылдайды.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-Министрі генерал-майоры полиция Қ.Б.Өскембаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күдіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау департаментіне (М.М.Баймұхамбетов) жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

Министр


КЕЛІСІЛДІ:


Қазақстан Республикасы


Бас Прокурорының орынбасары


2004 жылғы 26 ақпан


Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрі


2004 жылғы 26 қаңтар



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады