Қазақстан Республикасындағы Стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет Мемстандарт 2002 жылғы 17 мамырдағы N 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1887. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2007 жылғы 4 қазандағы N 292 бұйрығымен.

  Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің 2007 жылғы 4 қазандағы N 292 бұйрығымен.
Үзінді:

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасындағы Стандарттау, сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасының 2002 жылғы 17 мамырдағы N 169 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1887 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 38, 697-құжат);
      2) ...
      3) ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы
______________________________

      " Стандарттау туралы ", " Сертификаттау туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарын орындауда және аталған заң актiлерiнiң талаптарына сәйкес мемлекеттiк қадағалау жүргiзу мақсатында, 
                              БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қосымша берiлген Қазақстан Республикасындағы Стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Бөлiм басшылары А.Б.Жағыпаров және Ж.Т.Сүлейменова Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне қосымша берiлген Ереженi 10 күндiк мерзiмде тiркеуге ұсынсын. 
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Төраға м.а.  

      Қазақстан Республикасы    
Экономика және сауда министрлiгi
Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi   
комитетi төрағасының м.а.  
2002 жылғы 17 мамырдағы   
N 169 бұйрығымен бекiтiлдi  

  Қазақстан Республикасындағы Стандарттау,
сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған
өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттiк қадағалау
мен бақылауды жүзеге асыру 
ЕРЕЖЕСI 

      Осы ереже " Стандарттау туралы ", " Сертификаттау туралы ", "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы", " Өлшемдердiң бiрлiгiн қамтамасыздандыру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң бюджеттiк бағдарламаларының төлқұжаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы N 138  қаулысына  сәйкес (N 059 "Тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне сату саласында мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн үлгiлерiн сатып алу және сынау") әзiрлендi және стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi, бұдан әрi - мемлекеттiк қадағалау, бақылау. 
      Өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын Мемстандарттың және оның аймақтық органдарының лауазымды тұлғалары үшiн, сондай-ақ тексерiлетiн Қазақстан Республикасының аймағындағы жеке және заңды тұлғалар үшiн, шетел фирмаларын қоса, осы Ереже мiндеттi болып табылады. 

  1. Жалпы ережелер 

      1. Мемлекеттiк қадағалаудың мақсаты - өнiм, жұмыс (қызмет көрсету), (бұдан былай - өнiм), сапасын, олардың азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыздандыру мәселелерiнде мемлекет мүдделерiн және тұтынушылардың құқығын қорғау болып табылады. 
      Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау - осы талаптарды бұзу фактiлерiн анықтауға, алдын алуға және жоюға бағытталған стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органның және оның аймақтық бөлiмшелерiнiң, заң актiлерiнде аталған басқа мемлекеттiк басқару органдарының қызметi. 
      Тiркелген сертификаттау жөнiндегi органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттiк бақылауды заңмен бекiтiлген тәртiп бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк орган және оның аймақтық бөлiмшелерi iске асырады. 

      2. Мемлекеттiк қадағалау мен бақылаудың негiзгi мәселелерi мыналар болып табылады: 
      1) нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын бұзушылықты анықтау, болдырмау, жоюға бағытталған талаптарының сақталуы; 
      2) сертификаттау ережелерiнiң, сертификатталған өнiм сапасының сақталуын бақылау; 
      3) мiндеттi сертификаттау ережелерi мен нормативтiк құжаттарында белгiленген мiндеттi талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және (немесе) сатылатын өнiм сапасының күйi туралы сенiмдi ақпаратты мемлекеттiк органдарға, басқа мүдделi ұйымдарға ұсыну. 

      3. Мемлекеттiк қадағалау және бақылау объектiлерi: 
      1) Бiрнеше рет өндiруге немесе қолдануға мүмкiн өнiм, процестер (жұмыстар), қызметтер; 
      2) өнiмге (қызмет көрсету, жұмыс) берiлген нормативтiк, техникалық және басқа құжаттама; 
      3) өндiрушiлер (сатушылар, орындаушылар) өнiмiн, сынақ зертханаларын (орталықтарын), сертификаттау органдарын мiндеттi сертификаттау жөнiндегi жұмысы. 

      4. Мемлекеттiк қадағалау Қазақстан Республикасы аумағында шетел фирмаларын қоса, жеке және заңды тұлғаларда өнiмнiң өмiршеңдiк кезеңiнiң кез келген сатысында жүргiзiледi: өнiмдi әзiрлеу және өндiрiске жеткiзу, оны даярлау, тарату (жеткiзу, сату), қолдану (пайдалану), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату, сондай-ақ процестердi (жұмыстарды) орындау және қызмет көрсету. 

      5. Мемлекеттiк қадағалау Мемстандарт бекiткен тәртiп бойынша аттестатталған және белгiлi үлгідегi куәлiктерiне ие Мемстандарттың және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының лауазымды тұлғаларымен - мемлекеттiк инспекторларымен жүзеге асырылады. 
      Тексерiске бақылау және қадағалау қызметiн атқарушы басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар белгiленген тәртiп бойынша қатысуы мүмкiн. 
      Барлық жағдайда тексерiстi Мемстандарттың немесе оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының лауазымды тұлғалары басқарады. 

      6. Мемстандарт құзыретiне жататын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы Мемстандарт төрағасы болып табылады. 
      Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - Мемстандарт төрағасының орынбасары болып табылады. 
      Астана және Алматы қалалары мен облыстардың Бас мемлекеттiк инспекторлары - Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының басшылары болып табылады, олардың құрылымдық бiрлiктерiнде - Басқарма басшыларының орынбасарлары - негiзгi бөлiмшенiң тұрғылықты жерiнен тыс орналасқан қалалар бойынша бөлiм басшылары. 

      7. Мемлекеттiк қадағалау барысында сыртқы тексерiс, өнiмдi салыстыру, өлшем және сынақ бақылау және қадағалау нәтижелерiнiң сенiмдiлiгiн және әдiлдiгiн қамтамасыз ететiн басқа әдiстер қолданылады. 

      8. Заңды тұлғалардың басшылары және жеке тұлғалар тексерiс кезiнде мемлекеттiк инспекторларға тексерiстi iске асыру үшiн қажеттi жағдайды қамтамасыз етуi тиiс: 
      1) мемлекеттiк инспектор куәлiгiн және заңмен белгiленген талаптарға сай мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органында, және қажеттi жағдайда прокуратура органында тiркелген тексеру тапсырмасын ұсынған жағдайда қызмет және өндiрiстiк бөлмелерiне еркiн кiру; 
      2) мемлекеттiк қадағалау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi, тексеру кесiмiн ресiмдеу үшiн бөлме мен ұйымдастыру техникасын, өлшем және сынақ құралдарын, үлгiлердi сынауға жеткiзуге арналған көлiк құралдарын ұсыну, аралық кесiмдерге, анықтама қағаздарына қол қоюға құқылы жауапты тұлғаларды бөлу; 
      3) сынақ жүргiзуге (талдау, өлшеу) шығындалған үлгiлер мен шығындардың құны республикалық бюджет, немесе өнiм үлгiлерiн сатып алуға және сынауға бюджет қаражаты бөлiнбеген болса, тексерiлетiн объектiлер шығындары есебiне жатқызып, нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу. 

  2. Мемлекеттiк қадағалауды дайындаудың және
 жүргiзудiң жалпы ережелерi

      9. Мемлекеттiк қадағалау төмендегiлердi ескере отырып, таңдаулы тексерiс арқылы жүзеге асырылады:
      1) жыл сайын Мемстандарт белгiлеген мемлекеттiк қадағалаудың басым бағыттары;
      2) Үкiметтiң, Мемстандарттың және жергiлiктi атқарушы органдарының мақсатты тапсырмалары;
      3) тұтынушылардың шағымдары мен басқа органдар тарапынан келген ақпарат;
      4) тiркелген сынақ зертханалары (орталықтары) және сертификаттау органдары туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң деректерi. 

      10. Өнiм өндiрушiлер нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын сақтауына жоспарлы тексеру аралығы жылына бiр рет болады. 
      Тауарлардың үлгiлерi аймақтық Басқармаларының басшылары бекiткен кестеге сай сатып алынады. 
      Жеке және заңды тұлғалардың нормативтiк құжаттарында өнiмге қойылған талаптарды бұзу фактiлерi бойынша тұтынушылардың шағымдары мен кiнәрәт-талаптары, жоғарыдағы мекемелер мен жергiлiктi билiк органдарының қосымша тапсырмалары мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органына келiп түскен жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргiзiледi. 
      Тексерiс нәтижесiнде нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптары, мiндеттi сертификаттау ережелерi анықталған жағдайда және заңнамада бекiтiлген ұйғарым берiлгенде, ұйғарымды орындау үшiн берiлген мерзiм аяқталған соң тексерiс ұйымдастырылуы тиiс. 
      Егер ұйғарым алған заңды (жеке) тұлға анықталған бұзушылықтардың жойылуы туралы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi органына хабарласа және тиiстi рұқсаттарды беру туралы өтiнсе, тексерiс бұрын берiлген ұйғарымды орындауға арналған мерзiмге дейiн ұйымдастырылуы мүмкiн. 

      11. Мемлекеттiк қадағалаудың қандай да бiр объектiсiн тексеру жөнiндегi комиссия (инспектор) қызмет көрсететiн аймақтың, облыстың (қаланың) Бас мемлекеттiк инспекторымен құрылып (анықталып), бекiтiледi. 

      12. Тексерiс ұйымдастыру үшiн тексерiлетiн объект басшысына мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының тексерiстердi есептеу журналында және прокуратура органында мiндеттi түрде тiркелуге тиiстi, 1 қосымшасының нысаны бойынша тексерiс жүргiзу кесiмi даярланады. 

      13. Тексерiске әзiрлену барысында: 
      1) алдыңғы тексерiстердiң нәтижелерiне талдау жүргiзiледi, оның iшiнде бақылау және қадағалау жөнiндегi басқа мемлекеттiк органдары жүргізгені; 
      2) тексерiс затына қатысты нормативтiк және техникалық құжаттамаға талдау жүргiзiледi; 
      3) тексерiлетiн объект қызметiнiң нәтижелерi зерттеледi (есептiк деректер, шағымдар және т.б.); 
      4) қажеттi жағдайда тексерiс бағдарламасы әзiрленедi; 
      5) басқа мекемелердiң мамандарын және бақылауға алынған өнiм сапасы саласындағы сарапшыларды қатыстыру қажеттiлiгi жөнiндегi мәселе қарастырылады; 
      6) қаланың, облыстың сынақ зертханаларында (орталықтарында) бақылауға алынған өнiмге сынақ жүргiзу мүмкiндiктерi анықталады. 

      14. Тексерiлетiн объектiге келген соң объект басшысына немесе оны алмастырушы тұлғаға осы құжаттың 12-тармағына сәйкес әзiрленген тексерiс жүргiзу туралы хабарлама берiледi және тексерiс жоспарымен таныстырады. 
      Одан соң комиссия мүшелерi - мемлекеттiк инспекторлар және қатыстырылған мамандар арасындағы жұмыс белгiленедi, және тексерiс объектiсi ұсынатын қажеттi мәлiметтер мен құжаттардың тiзiмi анықталады. 

  3. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
 мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау жүргiзу ережесi  

      15. Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау жүргiзу барысында бекiтiлген талаптарды сақтауға баға берiлуi тиiс. 
      Осы мақсатпен өнiмнiң сыртқы түрi тексерiледi, салыстырылады және сынақ жүргiзу үшiн өнiмнiң үлгiлерi (сынамалары) iрiктеледi. 
      Iрiктеу әдiстемесi және iрiктелетiн үлгiлердiң саны (iрiктеу көлемi) нақты өнiм стандарттарының талаптарына сәйкес болуы тиiс. 
      Егер өнiм стандарты тұтас бақылауды көздейтiн болса немесе үлгiлердi iрiктеу мөлшерi белгiлемесе, iрiктеу мөлшерiн тексерiлетiн объект басшысының келiсiмiмен мемлекеттiк инспектор анықтайды, бiрақ кемiнде тексерiлетiн топтама өнiмiнiң 10%-ы немесе тұтас бақылау кезiнде кемiнде 3 бұйымы. 
      Үлгiлердi iрiктеу 2-қосымшадағы нысан бойынша кесiммен ресiмделедi. 

      16. Өнiмнiң нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiк бағасы стандарттарды көзделген бақылау және сынақ (талдау, өлшеу) негiзiнде берiледi. 
      Өнiмнiң сыртын тексерiлетiн объект мамандарының қатысуымен мемлекеттiк инспектор тексередi. 
      Үлгiлердi сынау тексерiлетiн өнiмдi сынауға тiркелген кез келген зертханада (орталықта) жүргiзiледi. 
      Ірiктелген үлгiлер (сынамалар) басқа өнiмнен оқшауланады, буып-түйiледi, пломба салынады немесе мөр басылады және iрiктеу кесiмiнiң көшiрмесiмен, сынақ бағдарламасы көрсетiлген 3 қосымшадағы нысан бойынша жолдама бағыт хатымен қоса сынаққа жiберiледi. 
      Үлгiлер алынған өнiмнiң топтамасы, тез бұзылатын өнiмдерден басқасы, сынақ аяқталғанға дейiн сатылмайды. 
      Сынақ көлемiн тапсырмаға байланысты тексерiстi басқарушы мемлекеттiк инспектор анықтайды. 
      Сынақ нормативтiк құжаттарда белгiленген тек мiндеттi талаптар бойынша жүргiзiледi. 
      Тұтынушылар шағымдары бойынша тексерулердi жүргiзген кезде өнiмнiң тұтыну қасиетiн негiздейтiн өнiм сәйкессiздiгiне сынақ осы көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi. 

  4. Қолданылған үлгілердiң құны және сынақ (талдау, өлшеу)
жүргiзуге жұмсалған шығындар үлгiлердi сатып алуға және сынауға

      17. Өнiмдi сынау, өлшеу, сыртқы түрiн тексеру және салыстыру нәтижелерi бойынша, 4-қосымшада ұсынылған нысан негiзiнде хаттама жасалады. Сынақ хаттамасы немесе сынақты жүргiзген тiркелген зертхананың хаттамасы тексерiс кесiмiнiң қосымшасы болып табылады. 
      Сынақ нәтижелері үлгiлер алынған өнiмнiң топтамасын қамтиды. 

      18. Егер өнiмнiң сыртын тексеру және сынау нәтижелерi бойынша бұзушылық анықталмаса, тексерiс аяқталып, осы ереженiң 30-тармағына сәйкес кесiм ресiмделедi. 

      19. Өнiмнiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың себептерi зерттеледi және толық бағдарлама бойынша тексерiс жүргiзiледi. 

      20. Мiндеттi сертификатталуға тиiстi өнiмдi бақылау процесiнiң барысында, сонымен қатар, төмендегiлер тексерiледi: 
      уәкiлеттi орган берген сертификаттың болуы, оның түпнұсқалығы, ресімделуінің, тіркелуінің дұрыстығы, қолдану мерзімі немесе сәйкестiк декларациясының болуы; 
      сәйкестiк белгiсiн қолдану құқықтылығы; 
      инспекциялық бақылауды көздейтiн сертификаттау сызбасы бойынша сертификат берген сертификаттау жөнiндегi органы инспекциялық бақылау жүргiзгенiн дәлелдейтiн құжаттардың болуы. 

      21. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуына тексерiс жүргiзумен қатар тексерiлетiн объектіде, Мемстандарт бекiткен әдiстемелер бойынша, өлшем және сынақ құралдарымен қамтамасыздығы және олардың күйi тексерiледi. 

      22. Өнiмнiң сериялық өндiрiсi немесе оны өндiрушi кәсiпорынның сапа жүйесi белгiленген тәртiппен сертификатталған болса, мемлекеттiк қадағалау органдарымен тек келесi жағдайларда ғана тексерiледi: 
      1) тұтынушылардың шағымдары немесе жоғарыдағы мекеменiң тапсырмасы келiп түскенде; 
      2) егер сертификаттау жөнiндегi органының қызметiн тексеру нәтижесiнде өнiмге сәйкестiк сертификатын беру негiзсiздiгi немесе сертификаттау жөнiндегi органының сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзу барысындағы болған бұзушылық анықталғанда. 

      23. Өнiмдi сату сатысында мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн мыналар қажет: 
      тауарлардың үлгiлерiн сатып алу және ақшалай қаражат алу үшiн Комитет Төрағасы мен аймақтық Басқармаларының басшылары арасында: 
      толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасалады; 
      тиiстi Басқарманың басшысы бекiткен кестеге сәйкес, аванс журналы бойынша ақшалай қаражатты алған соң, мемлекеттiк инспекторларға тауарларды сатып алу үшiн ақшалай қаражат берiледi; 
      сату саласында тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн олардың үлгiлерiн сатып алу және сынау заңнамаға сәйкес iске асырылады. 
      Yлгiлердi сатып алу тәртiбi: 
      тауарлардың үлгiлерiн сатып алу орындары: тиiстi Басқарманың басшысы бекiткен кестеге сәйкес сату саласы (дүкен, супермаркеттер); 
      сапасын және қауiпсiздiгiн анықтау үшiн сатып алынатын тауарлардың үлгiлерi - тiзiмге сәйкес (осы ереженiң 5-қосымшасы); 
      тексерiстi ұйымдастыру үшiн тексерiлуге тиiстi объектiнiң басшысына, Басқарманың тексерiстердi есептеу журналында мiндеттi түрде және прокуратура органдарында тiркелуге тиiстi тексерiс жүргiзу туралы тапсырма (осы ереженiң 1-қосымшасы) әзiрленедi; 
      өнiмдi сырттай тексерудi, оны салыстыруды нормативтiк құжаттардың өнiмге қойылатын талаптарының негiзiнде мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады; 
      сату саласында тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн тауарлардың үлгiлерi сатып алынады; 
      тауарлардың үлгiлерiн сатып алу кезiнде мемлекеттiк инспектор тексерiске қатысушылар қол қойған тауарлардың үлгiлерiн iрiктеу кесiмiн (осы ереженiң 2-қосымшасы) жасайды және тауарға берiлген чектi тiркейдi; 
      тауардың сатып алынған үлгiсiн мемлекеттiк инспектор тiркелген зертханаларға сынауға тапсырады (осы ереженiң 3-қосымшасы); 
      тiркелген зертханалар тексерiске қатысушылардың қолы қойылған сынақ хаттамасын (осы ереженiң 4-қосымшасы) мемлекеттiк инспекторларға тапсырады; 
      мемлекеттiк инспектор тексерiс нәтижелері, үлгiлердi iрiктеу кесiмi және сынақ хаттамасы негiзiнде тексерiске қатысушылардың қолы қойылған тексерiс кесiмiнiң 3 данасын (осы ереженiң 6-қосымшасы) және орындалған жұмыс кесiмiн (осы ереженiң 7-қосымшасы) жасайды; 
      әрбiр тексерiс бойынша мемлекеттiк инспекторлар аймақтық Басқарма басшысына аванстық есеп бередi; 
      терiс нәтижелер алынған жағдайда аймақтық әкiмшiлiк комиссиялары Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы Кодексiне сәйкес әкiмшiлiк шаралары қолданылады. 
      Тiркелген зертханалардың тауар үлгiлерiне сынақ жүргiзу тәртiбi: 
      тауарлардың үлгiлерiне сынақ жүргiзу үшiн тiркелген зертханаларды Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ашық конкурс жариялау арқылы анықтау; 
      болашақ жеткiзушiлер үшiн нұсқау әзiрлеу; 
      заңмен белгiленген тәртiп бойынша, Мемстандарт және тiркелген зертханалар арасындағы шартына сәйкес тауарлардың үлгiлерiн сынау қызметiн көрсету үшiн төлеу; 
      сынақ зертханаларының ай сайын, ағымдағы айдың 10-на дейiн, Мемстандартқа орындалған жұмыс кесiмiн ұсынуы; 
      аймақтық басқарма басшыларының Мемстандарт бухгалтериясынан тауарлардың үлгiлерiн сатып алуға арналған ақшалай қаражатты тоқсан сайын алуы және ағымдағы айдың 10-на дейiн түпнұсқалы құжаттарды қоса бухгалтерияға аванстық есеп беруi: 
      1) тексерiс кесiмi (iрiктеу кесiмi мен тауарларды сатып алу чегiмен қоса); 
      2) тiркелген зертханаларымен орындалған жұмыс кесiмiн жасау. 

  5. Сертификаттау жөнiндегi органдарының және сынақ 
зертханаларының қызметiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу ережесi  

      24. Сертификаттау жөнiндегi органдарының және сынақ зертханаларының қызметiне мемлекеттiк қадағалау олардың қызметiнiң тiркелген талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарының сақталуын тексеру мақсатында жүргiзiледi. 

      25. Тiркелген сертификаттау жөнiндегi органдарына тексерiс жүргiзу барысында төмендегiлер анықталады: 
      1) өнiмдердi (қызмет көрсетулердi), сапа жүйелерiн, өндiрiстi сертификаттау жөнiндегi органның тiркеу аттестатының болуы; 
      2) нормативтiк құжаттамаларының қажеттi қорының болуы және оның көкейтестi ету уақыттылығы; 
      3) тиiстi персоналдың болуы және оның бiлiктiлiгi; 
      4) органға бекiтiлген өнiмдi сертификаттау ережесi мен тәртiбiн белгiлейтiн құжаттардың болуы; 
      5) сертификаттау жөнiндегi орган ережесiнде және мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң құжаттарында белгiленген талаптардың сақталуы; 
      6) тiркеу саласына сәйкес өнiмге берiлген сәйкестiк сертификаттарының дұрыс ресiмделуi және берiлуiнiң негiздiлiгi; 
      7) берiлген сертификаттардың дұрыс тiркелуi; 
      8) өнiмнiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкессiздiгiне байланысты сертификат беруден бас тартқан жағдайлар;
      9) қосалқы мердiгерлермен жұмыс iстеу ережесi;
      10) сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзудiң дұрыстығы;
      11) iшкi аудит жүргiзу.

      26. Тiркелген сынақ зертханаларына тексерiс жүргiзу барысында 
төмендегiлер анықталады:
      1) сертификаттау сынақтарын жүргiзу құқығына сынақ зертханасының тiркеу аттестатының болуы;
      2) сертификаттау сынақтарынан өтетiн өнім түрінің зертхананың тiркелген саласына сәйкестiгi;
      3) қажеттi персоналдың болуы, оның бiлiктiлiгi, қызмет нұсқауларының және бiлiктiлiгiн арттыру нысандарының болуы;
      4) нормативтiк құжаттамаларының қажеттi қорының болуы және оның көкейтестi ету уақыттылығы;
      5) сертификаттау сынақтары барысында қолданылатын өлшем құралдары мен әдiстемелерiнiң, сынақ құралдарының және сынақ әдiстемелерiнiң күйi, сынақ және өлшем құралдарын салыстырып тексеру уақыттылығы, стандарттық үлгiлердi қолдану дұрыстығы;
      6) сыналатын өнiм үлгiлерiн iрiктеу кесiмiнiң және белгiлеу жүйесiнiң (таңбалау) болуы;
      7) өнiм үлгiлерiнiң нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiгiн сынау толықтығы;
      8) сынақ жүргiзу бағдарламалары мен әдiстемелерiнiң сақталуы;
      9) сертификаттық сынақ хаттамаларының дұрыс ресiмделуi және 
сенiмдiлiгi;
      10) сынақ сапасына iшкi бақылау және зертхананың сапаны басқару жүйесiне iшкi тексеру жүргiзiлуi;
      11) өтiнушiлермен, басқа сынақ зертханаларымен, сертификаттау жөнiндегi органдарымен өзара әрекетi. 

  6. Тексерiс нәтижелерiн ресiмдеу

      27. Заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижелерi бойынша 6-қосымшадағы нысан бойынша кесiм ресiмделедi.

      28. Тексерiс кесiмi - қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиiстi шаралар қолдану туралы ұйғарымдар мен қаулылар беруге негiздеме болып табылатын құжат.
      Тексерiс кесiмiне қойылатын негiзгi талаптар:
      1) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарының, мiндеттi сертификаттау ережелерiнiң бұзылуы туралы анықталған фактiлердiң және оның себептерiнiң сенiмдiлiгi және негiздiлiгi;
      2) барынша қажеттi ақпараттың баяндалу қысқалылығы;
      3) тексерiс нәтижелерiнiң толықтығы;
      4) тексерiс нәтижелерiнiң объективтiлiгi. 

      29. Бұзушылық анықталған тексерiс кесiмi келесi бөлiмдерден тұрады:
      1) бастапқы деректер;
      2) нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi;
      3) өлшем және сынақ құралдарының күйiн тексеру нәтижелерi;
      4) бұзушылық себептерi;
      5) тұжырымдама.
      Негiзгi кесiмге аралық кесiмдер қоса берiледi: үлгiлердi iрiктеу кесiмi, сынақ хаттамалары, анықталған бұзушылықтарды куәләндыратын құжаттардың көшiрмесi және т.б. 
      Кесiмде тексерiлген объектiнiң қысқаша сипаттамасы берiледi, анықталған бұзушылықтар мен олардың себептерi, сондай-ақ қолданылатын шаралардың негiзi бола алатын басқа мәлiметтер көрсетiледi. 
      Кесiмге тексерiстiң барлық қатысушылары қол қояды. Кесiмде баяндалған деректердiң толықтығы, сенiмдiлiгi және объективтiлiгi үшiн тексерiс жетекшiсi жауапты.
      Кесiм мазмұны тексерiлген объект басшысына жеткiзiледi, және ол кесiмге қол қоюға тиiс. Егер ол қол қоюдан бас тартса, кесiмге тиiстi белгi жасалады.
      Тексерiлген объекттiң лауазымды тұлғалары кесiмге қоса, тексерiс нәтижелерi бойынша өздерiнiң айрықша пiкiрлерiн жазуға құқылы.

      30. Бұзушылықтар анықталмаған тексерiс кесiмi тек мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) бастапқы деректер;
      2) нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi. 
      Сонымен қатар, кесiмге қоса үлгiлердi iрiктеу кесiмi және сынақ хаттамасы берiледi.

      31. Өнiмнiң өмiршеңдiк кезеңiнiң түрлi сатыларында тексеру жүргiзу және оны ресiмдеу бойынша, өнiмнiң нақты түрлерi мен тексерiс объектiлерi бойынша қосымша талаптар Мемстандарт бекiткен тексеру әдiстемелерiнде немесе тексеру жүргiзуге техникалық тапсырмаларында белгiленедi.

  7. Мемлекеттiк қадағалау мәлiметтерiн жүзеге асыру

      32. Тексерiс кесiмiнiң бiр данасы, қосымшалары мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк қадағалау берген ұйғарымдарды қоса, тексерiлген тұлғаға жiберiледi. 

      33. Тексерiс кесiмiнiң бiр данасы Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының iстерiнде сақталады, ал республиканың бас мемлекеттiк инспекторы тарапынан шара қолдану қажеттiлiгi туындаған жағдайда кесiм көшiрмесi Мемстандартқа ұсынылады. 

      34. Үзiндi немесе жалпы мәлiметтерi түрiндегi тексерiс кесiмдерiнен алынған деректер, қажеттi жағдайда, сондай-ақ арнайы сұраулар бойынша, мүдделi тұлғаларға заңмен белгiленген тәртiппен жiберiледi. 

      35. Тiркелген сертификаттау жөнiндегi органдары мен сынақ зертханаларының қызметiн тексеру кесiмiнiң бiр данасы тексерiс нәтижелерiне қатыссыз Мемстандартқа ұсынылады. 

      36. Тексерiлген тұлға кесiм мен ұйғарымдарды алған соң анықталған бұзушылықтар мен олардың себептерiн жою жөнiнде шаралар қолданады. Қажеттi жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiндегi шаралардың жоспары әзiрленедi және мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық бөлiмшелерге хабарланады. 
      Шаралар жоспарларының орындалуы туралы анықтамалар, ұйғарымдарды орындау туралы хабарламалар мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық бөлiмшелерiне жiберiледi және берiлген ұйғарымдардың орындалуына тексеру кезiнде пайдаланылады. 

Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың міндетті  
талаптарының сақталуына және    
сертификатталған өнімге (жұмыстарға,
қызметтерге) мемлекеттік қадағалау 
мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша            

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінің
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитетi
(Мемстандарт)

 ____________________________________________________________________
        (мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының атауы) 

Мекен-жайы: _________________                 N _________________
Телефондар __________________            2002ж. _________________

ТАПСЫРМА (ХАБАРЛАМА)
 _______________________________________________
_____________________
(Тексерiлетiн объект атауы)
____________________________________________________________________
(аты-жөнi)

Стандарттау туралы, Сертификаттау туралы, Тұтынушылардың құқығын
қорғау туралы, Өлшемдердiң бiрлiгiн қамтамасыздандыру туралы
Қазақстан Республикасының Заңдарына және
____________________________________________________________________                 (мемқадағалау жоспарына, шағым, ұйғарыммен)
____________________________________________________________________
сәйкес Сiздің қарамағыңыздағы кәсiпорыныңызда тексерiс жүргiзіледi.

Тексерiс жүргiзу ___________________________________________________
инспекторларына тапсырылды.
Тексерiс басшысы __________________________________________________
     Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсiпорынның Жарғысын,
лицензияны, патент немесе жеке тұлжеке тұлға куәлiгiн ұсынуыңызды
және 200_ ж. ______________________________________________________
дейiнгі белгiленген мерзiмде тексерiс жүргiзу үшiн қажеттi жағдай
жасауыңызды өтiнемiн.

______________________ 
(қаласының, облысының)
                              _______________   ___________________
Бас мемлекеттiк инспекторы        (қолы)           (аты-жөнi)

      

 тандарттау, сертиФикаттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың міндетті  
талаптарының сақталуына және    
сертификатталған өнімге (жұмыстарға,
қызметтерге) мемлекеттік қадағалау 
мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша                

 Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
комитетi (Мемстандарт)

____________________________________________________________________
       (мемлекеттік қадағалау жөнiндегi аймақтық органының атауы) 

Yлгiлердi (сынамаларды) iрiктеу

       "___" _____________2002 ж.
____________________________________________________________________                   (кәсiпорын, ұйымның, мекеменiң атауы)
Мен, мемлекеттiк инспектор_________________________________________                                          (аты-жөнi)
____________________________________________________________________
         (тексерілетiн объект өкiлдерiнiң аты-жөнi, лауазымы)

көзiнше ____________________________________________________________
                     (нормативтiк құжаттың белгiсi, атауы)
талаптарына сәйкестiгiн тексеру үшiн сатуға дайын өнiмнiң үлгiлерiн
iрiктедiм.
____________________________________________________________________
Тексе. | өлшем   | Топтама | Топта. | Дайын. |Iрiктелген  үлгілердің
рiле.  | бірлік. | (бұйым) | маның  | далған |      (сынамалардың)  
тiн    | терінің | нөмірі  | көлемі.|  күні, |  саны немесе салмағы
өнiм   | Заттай/ |         |  нің   |іріктеу |____________________
үлгісі | құнды   |         |Заттай/ | уақыты,|  Сыртқы    |  Сынақ 
(сына. | түрі    |         | құнды  |(тез бұ.| тексеріс   |  өлшем
малар) |         |         |  түрі  |зылатын |   және     |  үшін
атауы  |         |         |        | өнiмдер| салыстыру  |
       |         |         |        |  үшiн) |   үшін     |
____________________________________________________________________
  1        2         3         4          5             6         7
____________________________________________________________________
     Yлгiлер iрiктелген өнiм (тез бұзылатынынан басқасы) топтамасын 
жөнелтуге тексерiс аяқталғанға дейiн және мемлекеттiк инспектордың
тиiстi рұқсатынсыз тыйым салынады.

Мемлекеттiк инспектор ____________________    ____________________
                         (қолы)                   (аты-жөнi)
Тексеруге қатысушылар ____________________    ____________________
                         (қолы)                   (аты-жөнi)

 Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың міндетті  
талаптарының сақталуына және    
сертификатталған өнімге (жұмыстарға,
қызметтерге) мемлекеттік қадағалау 
мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша             

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің 
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi
(Мемстандарт)

____________________________________________________________________
       (мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының атауы)
____________________________________________________________________                 (тiркелген сынақ зертханасының атауы) 

өнiмге сынақ жүргiзу
БАҒЫТЫ

______________ 2002 ж.                      N _____________________

Үлгiлер атауы___________________________________________________ 

Өндiрушi _______________________________________________________
Жеткiзушi_______________________________________________________
Үлгiлердi iрiктеу кесiмi________________________________________
                                       (күнi, айы, жылы)
Зертханаға жiберiлген үлгiлер саны______________________________

Үлгiлер күйiн сипаттау__________________________________________
                          (мөр басылған, пломбыланған және т.б.)
________________________________________________________________
          (құжаттардың белгiсi) (көрсеткiштердi көрсетiңiз)
сәйкестiгiне анықталатын көрсеткiштердiң тiзбесi.
Сынақтар хаттамасын мына мекен-жай бойынша ұсынуыңызды сұраймын:
________________________________________________________________

Мемлекеттiк инспектор ________________     _________________
                          (қолы)               (аты-жөнi)

 Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың міндетті  
талаптарының сақталуына және    
сертификатталған өнімге (жұмыстарға,
қызметтерге) мемлекеттік қадағалау 
мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне
 4-қосымша            

Сыртқы тексеру, салыстыру және сынақ 
ХАТТАМАСЫ

____________________________________________________________________                         Сынақ жүргізілген жер
____________________________________________________________________                             өнімнің атауы
____________________________________________________________________
Өнім атауы|Нормативтік|Нормативтік|Өлшем|Параметр  |Өнім сынамалары.
  түрі,   |құжаттардың|  құжаттың |бір. |мағынасы  |ның (үлгілері.
 сипаты,  | белгілері |талаптарына|лігі |(сипаты,  |  нің) саны 
маркасы   |   және    |   сәйкес  |     | көрсет.  |(натуралды және
және т.б. | тармақта. | келмейтін |     |кіштері)  |      құнды 
          |   рының   | параметр. |     |          |   сипатында)
          | нөмірі    |  лердің   |     |__________|______________
          |           |   атауы   |     |Норма|Фак.|тексе. | НҚ
          |           |           |     | тив.|сі  | ріл   | сәйкес
          |           |           |     | тік |бой.| ген   |келмей.
          |           |           |     |құжат|ынша|       |  тін
          |           |           |     |бойын|    |       |
          |           |           |     |  ша |    |       |
____________________________________________________________________
    1          2            3        4     5    6      7       8  ____________________________________________________________________

       Мемлекеттік инспектор ______________ ______________________
                               (қолы)                (аты-жөнi)

       Тексеріске қатысушы тұлғалардың қолы

Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың міндетті  
талаптарының сақталуына және    
сертификатталған өнімге (жұмыстарға,
қызметтерге) мемлекеттік қадағалау 
мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне
5-қосымша           

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысымен
бекiтiлген мiндеттi сертификатталуға тиiстi
өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiне
сәйкес сапасы мен қауiпсiздiгiн анықтау
үшiн сатып алынатын өнiмдердiң
ТIЗБЕСI

1. Адамның терiсiмен жанасатын, тамақпен және сумен байланысты  
   халық тұтынатын тауарлар
2. Құрылыс материалдары және конструкциялар 
3. Дәрiлiк заттар
4. Медициналық бұйымдар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы
   құралдар (3005**, 901831, 901890500) 
5. Тамақ өнеркәсiбiнiң өнiмдерi
6. Отандық шикiзаттар
7. Ойыншықтар

Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың міндетті  
талаптарының сақталуына және    
сертификатталған өнімге (жұмыстарға,
қызметтерге) мемлекеттік қадағалау 
мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне
6-қосымша             

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi
(Мемстандарт)

____________________________________________________________________
      (мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының атауы)  

КЕСIМ

"___" 2002 ж.                                 N __________________
____________________________________________________________________                (тексерiс түрi, өнiмнiң өмiршеңдiк кезеңi)

Тексерiлген заңды тұлғаның басшысы__________________________________
____________________________________________________________________                         (кәсiпорын мекен-жайы, РНН)
Негiздеме: тапсырма_________________________________________________
         (тапсырма берген органның атауы, құжаттың күнi және нөмiрi)
____________________________________________________________________
Нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуына және өлшем құралдарына
мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттік инспекторларымен
құрастырылды________________________________________________________                            (аты-жөнi, лауазымы)
Қатысушылар_________________________________________________________
                             (аты-жөнi, лауазымы)
____________________________________________________________________
1. Бастапқы деректер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Нормативтiк құжаттар мен мiндеттi сертификаттау ережесi
талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Өлшем және сынақ құралдарының күйiн тексеру нәтижелерi ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Бұзушылықтардың себептерi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5.Тұжырымдамалар
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша_____________________________________________________________

Кесiм ____ п. 3 данада жасалды және
1. ________________________________________________
2. ________________________________________________
3. ________________________________________________
                  жiберiлдi (ұсынылды)

Тексерiс басшысы,
мемлекеттiк инспектор ________________       _____________________
                         (қолы)                    (аты-жөнi)
Тексеруге қатысушылар ________________       _____________________
                         (қолы)                    (аты-жөнi)
Кесiмнiң бiр данасын
Кәсiпорын басшысы алды ________________      _____________________
                          (қолы)                        (аты-жөнi)

 Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың міндетті  
талаптарының сақталуына және    
сертификатталған өнімге (жұмыстарға,
қызметтерге) мемлекеттік қадағалау 
мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне
 7-қосымша            

Орындалған жұмыс 
КЕСІМІ

"___" 2002 ж.                                   N __________________
Тiркелген сынақ зертханасы Орындаушы басшы ретiнде
____________________________________________________________________
Бiр жағынан және ___________________________________________ бойынша
Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасының
басшысы ___________________________________________ екіншi жағынан
Төмендегiлер туралы келiстi.
     059 мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес Орындаушы күнтiзбелiк
жоспардың жалпы көлемiнiң
______________________________________________________________ сома
мөлшерiнде жұмыс атқарылды.
     1. Шарттың жасалу мерзiмiнен бастап жалпы жұмыстың құны
        ______________________________________________________
     2. Бұдан бұрын жұмсалған сома 
        ______________________________________________________
     3. Тапсырушының орындаушыға ескерулерi жоқ.

     ТАПСЫРУШЫ                              ОРЫНДАУШЫ
     ____________ бойынша                   тiркелген СЗ басшысы
     мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi
     басқарма

                    Тараптардың реквизиттер
_____________________                     _______________________
_____________________                     _______________________
_____________________                     _______________________
_____________________                     _______________________
 "___" _________ 2002ж.                    "___" _________ 2002ж. 
қолы _________________                    қолы __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады