-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 275 (тіркелген N 1908) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 74 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы"
Z990357_
1999 жылғы 1 сәуірдегі, "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Z010149_
2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Z010148_
2001 жылғы 23 қаңтардағы, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімді валюталық мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1139
P011139_
және "Ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы кешені орналасқан аумақтардың халқына атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу туралы"
P020558_
2002 жылғы 23 мамырдағы қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
V991058_
бұйрығына мынадай толықтырулар енгізiлсін:
көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
6 "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" функционалдық тобының 2 "Әлеуметтiк көмек" iшкi функциясындағы 258 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың атқарушы органы" бағдарлама әкiмшiсі бойынша:
030 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 033-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"033 Халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар";
мынадай мазмұндағы 047-бағдарламамен толықтырылсын:
"047 Ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы кешенi орналасқан аумақтардың халқына атаулы әлеуметтік көмек көрсету";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында 5 "Қоршаған ортаны қорғау" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы 256-бағдарлама әкiмшiсi, 003-кiшi бағдарламасы бар 002-бағдарламамен және, 016, 023, 025, 070, 097-бағдарламалармен толықтырылсын:
"256 Жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi атқарушы органы
002 Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығындар
003 Жергiлiктi органдардың аппараттары
016 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу
023 Өкiлеттiк шығындарға арналған қаражат есебiнен iс-шаралар өткiзу
025 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен iс-шаралар өткiзу
070 Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi атқарушы органдардың материалдық-техникалық базасын нығайту
097 Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен соттардың шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау";
16 "Қаржыландыру" функционалдық тобының 2 "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногындағы операциялар" iшкi функциясы мынадай мазмұндағы 260-бағдарлама әкiмшiсi 034-бағдарламамен толықтырылсын:
"260 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қаржы атқарушы органы
034 Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын сатып алу".
2. Заң қызметi департаментi (Н.А.Қалиева) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б.Т.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Премьер-Министрдiң орынбасары -
Қаржы министрi