Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 21 маусымдағы N 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 17 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1919. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 498 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.09.02 N 498 Бұйрығымен.

      "Келісілді"      
Қазақстан Республикасы  
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігі төрағасының   
орынбасары       
2002 ж. 21 маусым     

      "Қазақстан Республикасында дене шынықтырудың және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 12 наурыздағы N 570 Жарлығын және "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 462 қаулысын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм департаментi (Б.С.Әбдiрәсiлов), Жалпы орта бiлiм департаментi (Ж.А.Қараев), Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ.А.Лекер) және "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (А.К.Құлназаров):
      оқу бағдарламаларына ұлттық спорт түрлерi мен халықтық ойындарды енгiзсiн.

      2. 2002-2003 жаңа оқу жылынан бастап iс-әрекеттегi оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес барлық деңгейдегi оқу орындарының оқу жоспарларына өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) жалпы орта бiлiм беру мекемелерiнде:
      дене тәрбиесiнiң апталық мiндеттi 3-сабағы енгiзiлсiн;
      әр топтағы оқушылар саны 10-12-ден кем болмаған жағдайда 5-11 сыныптардың дене тәрбиесi сабағында ер балалар мен қыз балалар бөлек оқытылсын;
      арнайы дәрiгерлiк топқа жатқызылған оқушылар үшiн дене тәрбиесiнен мiндеттi сабақтар өткiзiлсiн;
      дене тәрбиесiнен сыныптан тыс жұмыстар, таңертеңгiлiк бой сергiтулерi, "Дене шынықтыру үзiлiстерi", "Дене шынықтыру минуттерi" және "Қимыл-қозғалыс үзiлiстерi" мектептердiң күн тәртiбiне енгiзiлсiн.
      Кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждер мен лицейлерде оқытудың барлық кезеңдерiнде аптасына 4 сағаттан кем болмайтын көлемде мiндеттi дене тәрбиесi сабақтарын өткiзу қамтамасыз етiлсiн.
      2) жоғары оқу орындарында:
      оқытудың бүкiл кезеңi бойына аптасына 4 сағаттан кем болмайтын көлемде мiндеттi дене тәрбиесi сабақтарын өткiзу қамтамасыз етiлсiн, оқытудың барлық кезеңiндегi әрбiр семестрде дене тәрбиесi бойынша дифференциялық сынақтар алу енгiзiлсiн.

      3. Жалпы орта бiлiм департаментi (Ж.А.Қараев), Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ.А.Лекер) және "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (А.Қ Құлназаров):
      балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң жүйесiн дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырсын;
      спорттағы дарынды балалар үшiн мектеп-интернаттар, спорттық резерв пен спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша сынақтан өтетiн командаларды даярлау орталықтарын ашу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      екi жылда бiр рет (2002 жылдан бастап) оқушылардың республикалық жазғы Спартакиадасын, екi жылда бiр рет (2003 жылдан бастап) оқушылардың республикалық қысқы Спартакиадасын өткiзудi қамтамасыз етсiн;
      балалар мен жасөспiрiмдер арасындағы "Жұлдызша", "Былғары доп", "Алтын шайба", "Үмiт старттары", сонымен бiрге ұлттық спорт түрлерi (тоғыз құмалақ, қазақша күрес және басқа) бойынша көпшiлiк қатынасатын жарыстарды өткiзу қайта жандандырсын;
      көпшiлiктi қамтитын "Шаңғы жолдары шақырады" және "Көктемгi және күздегi жеңiл атлетикалық кросс" жарыстарын өткiзудi қайта жандандырсын;
      бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары оқушыларының арасында қысқы және жазғы спорт фестивальдерiн жыл сайын өткiзудi қалпына келтiрсiн.

      4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм департаментi (Б.С.Әбдiрәсiлов), "Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесi орталығы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (А.Қ.Құлназаров):
      Республикалық студенттер универсиадасын екi жылда бiр рет өткiзудi қамтамасыз етсiн;
      жоғары оқу орындарында спорттық клубтарды құру шараларын қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының спортшы-студенттерiнiң Бүкiл дүниежүзiлiк қысқы және жазғы Универсиадалары, сондай-ақ Халықаралық студенттер спорт одағынан ұйымдастыратын халықаралық жарыстарға қатысуларын қамтамасыз етсiн.

      5. Бюджет жоспарлау және қаржы департаментi (Т.А.Нұрғожаева) жыл сайын 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру iс-шараларын қаржыландыру көзiн анықтау жөнiндегi ұсыныстарды енгiзсiн.

      6. Жалпы орта бiлiм департаментi (Ж.А.Қараев) осы бұйрықты заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi Ғ.Мұтановқа жүктелсiн.    

      Министрдің міндетін
      атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады