Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1922. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 3 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 3 (2007 жылғы 2 ақпанда N 17 "Заң газеті" газетінде жарияланған) қаулысымен.
      
--------------Қаулыдан үзінді----------------
 
      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 51-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде
тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1922 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және»Вестник Национального Банка Казахстана ресми басылымдарында 2002 жылғы 29 шілде - 11 тамызда жарияланған)...
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағысы
------------------------------

      Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  қаулы етеді
      1. Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi. 
      3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолдансын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және уәкiлеттi банктерге жiберсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Валюталық реттеу және бақылау басқармасынан алған күннен бастап төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға және бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қолма-қол шетелдiк валютаға қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар тұлғаларға жiберсiн. 
      5. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын. 
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы  

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 13 маусымдағы 
N 229 қаулысымен     
бекітілген        

  Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау
мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу
ережесі

      Осы Ереже " Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ", "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi.
      Ереже уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi ұйымдардың, басқа заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың (бұдан әрi - өзге тұлғалар) қызметтерiнiң Қазақстан Республикасының валюта заңнамасы талаптарына сәйкестiгiн айқындау жөнiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) тексерулердi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
       Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

  1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Тексеруді Ұлттық Банктің валюталық реттеу және бақылау функциясын орындайтын бөлімшесіне жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары не Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы бекіткен тапсырманың (нұсқаудың) негізінде Ұлттық Банкі дербес жүзеге асырады. Қажет болған кезде тексеруге басқа ұйымдардың мамандары тартылады (келісім бойынша).
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134   қаулысымен 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).
       

      2. Тапсырма (нұсқау) Ереженің N 1 қосымшасына сәйкес жасалады және онда тексеру объектісінің атауы, мақсаты, тексеруге жататын қызмет кезеңі (қажет болған кезде), тексеру жүргізілетін мерзім, тексерілетін мәселелер тізбесі, тексеру басшысының (болған жағдайда) лауазымы, аты-жөні, сондай-ақ Ұлттық Банктің тексеруге жіберілетін қызметкерлерінің құрамы (бұдан әрі - тексеретін адамдар) болады. Тапсырмада (нұсқауда) сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін барлық тексерулердің ақпараттық есеп құжаттарын беру, тіркеу және жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісіне сәйкес тапсырманы (нұсқауды) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарында тіркеу үшін қажетті мәліметтер көрсетіледі.
      Тексеру белгілеу туралы тапсырма (нұсқау) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарында тіркелуге жатады.
       Ескерту: 2-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134   қаулысымен

      3. Ұлттық Банктің валюталық реттеу және бақылау функциясын орындайтын бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті бөлімше): 
      1) мемлекеттік органдар жүргізетін уәкілетті банктерді тексеруге өз құзыреті шегінде қатысуға;
      2) Ұлттық Банк басшылығының тапсырмасы бойынша мынадай жағдайларда уәкілетті банктерге, уәкілетті ұйымдарға және өзге тұлғаларға жоспардан тыс: 
      валюта заңдарының нормаларын бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың арыздары болғанда; 
      салық, кеден, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар валюта заңдарының сақталуын тексеру қажеттігі туралы өтініш білдіргенде; 
      Ұлттық Банк басшылығымен келісілген басқа да негіздер болғанда тексеру жүргізуге құқылы. 
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134   қаулысымен .

      4. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының валюталық операцияларды бақылау бөлімшесі (бұдан әрі - филиал): 
      1) уәкiлеттi банктердi, уәкiлеттi ұйымдарды және қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге Ұлттық Банктiң лицензиясы бар тұлғаларды (бұдан әрi - бөлшек сауданы жүзеге асыратын тұлғалар) осы Ереженiң 2-тарауының талаптарына сәйкес жасалған және бекiтiлген жарты жылдық тексеру жоспарына сәйкес жүргiзiлетiн жоспарлы тексерулердi;
      2) мынадай жағдайларда уәкілетті банктерге, уәкілетті ұйымдарға және өзге тұлғаларға жоспардан тыс: 
      уәкілетті банктер, уәкілетті ұйымдар және өзге тұлғалар жол берген валюта заңдарының нормаларын бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың арыздары болғанда; 
      салық, кеден, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар валюта заңдарының сақталуын тексеру қажеттігі туралы өтініш білдіргенде; 
      Ұлттық Банк басшылығының тапсырмасы бойынша; 
      бұрын анықталған жөнсіздіктерді жоюға бақылауды жүзеге асырғанда; 
      Ұлттық Банк басшылығымен келісілген басқа да негіздер болғанда тексеру жүргізуге құқылы. 
      Жоспардан тыс тексерулерді бұрын анықталған жөнсіздіктерді жоюды бақылау бойынша тексерулерді қоспағанда, Ұлттық Банк басшылығының келісуі бойынша филиал жүргізеді.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).            

  2-тарау. Тексеру жоспарларын жасау
және бекіту тәртібі  

      5. Тексеру жоспары әрбiр филиал бойынша екiншi деңгейдегi банктер бойынша бөлек, "Қазпошта" Акционерлiк қоғамы бойынша бөлек, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар кредиттiк серiктестiктер бойынша бөлек, уәкiлеттi ұйымдар бойынша бөлек және бөлшек сауданы жүзеге асыратын тұлғалар бойынша бөлек жарты жылға жасалады.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ). 

      6. Тексеру жоспарлары тексерудің тиісті тоқсан өткенге дейін жария етілмеуі тиіс. Уәкілетті бөлімшенің және филиалдардың тексеру жоспарларын жасауға рұқсат берілген және олардағы мәліметтерді жария етілмеуіне жауап беретін лауазымды адамдарының (бұдан әрі - жауапты адамдар) тізбесін: 
      Ұлттық Банктің орталық аппаратында - Ұлттық Банктің Төрағасы; 
      филиалдарда - филиалдың директоры белгілейді.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      7. Уәкілетті банктердің, уәкілетті ұйымдардың және бөлшек сауданы жүзеге асыратын тұлғалардың қызметтерін тексеру жоспарларын филиалдардың жауапты адамдары тоқсанда бір рет жасайды және қарауға және кейін Ұлттық Банк басшылығының бекітуі үшін тиісінше 1 желтоқсаннан (келесі жылдың бірінші жарты жылдығына) және 1 наурыздың, 1 маусымның, 1 қыркүйектiң (екiншi, үшiншi, төртiншi тоқсанына) кешіктірмей уәкілетті бөлімшеге ұсынады.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ). 

      8. Уәкілетті бөлімшенің жауапты адамдары тексеру жоспарларының жобаларын қарайды, қажет болған жағдайда оларды түзетеді және Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарына бекітуге ұсынады. 
      Бекiтiлген тексеру жоспарлары байланыстың қорғалған арналары бойынша филиалдарға жiберiледi.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      9. Филиалдың жауапты адамдары филиалдардың тексеруді жүзеге асыратын қызметкерлеріне тексеру фактісі және тексерілетін объект туралы тексеру басталғанға дейін бір күн бұрын не тексеру басталған күні хабарлайды. 

      10. Бекітілген тексеру жоспарларына, оның ішінде филиалдың ұсынуы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар филиалға Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары қол қойған хатпен, не байланыстың қорғалған арнасы бойынша жіберіледі.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).   

  3-тарау. Тексерулерді ұйымдастыру және оларды
жүргізу үшін жағдай жасау  

      11. Тексеру жетекшісі тексерілетін мәселелердің саны мен көлеміне байланысты тексеру жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарын белгілейді. 

      12. Тексеруші адамдар уәкілетті банкке, уәкілетті ұйымға және өзге тұлғаға тексеру жүргізген уақытта тексеру объектісінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпарат жүйелеріне) еркін кіруге, кез келген қажетті құжатты (мәліметті) қағазға шығарылған және электронды тасымалдаушымен бірінші талап етуі бойынша алуға, сондай-ақ оларды жүргізілген тексеру туралы актіге тіркеу үшін көшірме жасауға құқылы. 
      Сонымен қатар тексеруші адамдар уәкілетті банктің, уәкілетті ұйымның, өзге тұлғаның кез келген қызметкерінен, оның ішінде басшы қызметкерлерінен жүргізіліп жатқан тексеруге, олардың қызметтік міндеттеріне және тексеру объектісінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер (жазбаша түсініктемелер) алуға құқылы. 

      13. Тексеретін адамдар тексеру жүргізілетін кезеңде уәкілетті банктің, уәкілетті ұйымның, өзге тұлғаның үй-жайынан еркін кіруге мүмкіндік болатын бөлек бөлме алуға құқылы. 

      14. Тексеруші адамдар тексеру жүргізу кезінде алынған құжаттардың (мәліметтердің) сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 

      15. Уәкілетті банктер, уәкілетті ұйымдар, өзге тұлғалар Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес валюталық бақылау органдарының талаптарын (нұсқауларын) орындайды. Уәкілетті банктің, уәкілетті ұйымның, заңды тұлғаның тексеру жүргізуге кедергі жасауы, оның ішінде тексеруші адамдардың үй-жайға кіруіне кедергі жасауы, талап етілген құжаттарды бермеуі, уәкілетті банктің, уәкілетті ұйымның, өзге тұлғаның қызметкерлерінің қажетті құжаттарды беруден, мәліметтер ұсынудан бас тартуы, сондай-ақ тексеру жүргізу барысында жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тексеру жүргізуге кедергі жасаған адамдарды заңдарға сәйкес жауапқа тартуға негіз болып табылады.

  4-тарау. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      16. Тексеру нәтижелері бойынша жүргізілген тексеру туралы акті жасалады.
      Актіде мынадай ақпарат болуы тиіс:
      1) жасалған күні және орны;
      2) тексеруші адамның лауазымы, аты-жөні;
      3) тексеру объектісі (оның ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, банктік деректемелері, Ұлттық Банк, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясының нөмірі және күні туралы не оны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, тексеру объектісі басшысының аты-жөні); 
      4) Ұлттық Банк тапсырмасының (нұсқауының) нөмірі және күні; 
      5) тексеру мақсаты және міндеті, тексеруге жататын қызмет кезеңі; 
      6) тексерілетін мәселелерге сәйкес тексерудің мәнін - тексеру нәтижесін, сондай-ақ үй-жайдың техникалық жай-күйін, егер тексеру мақсатында көзделген болса, қажетті ақпарат пен құжаттардың болуын сипаттау; 
      7) жөнсіздіктер анықталған жағдайда - операция жүргізілген күнді, жөнсіздік фактісін растайтын құжаттардың деректемелерін (нөмірін, күнін, сомасын, құжат жасаушыны және басқаларды) көрсете отырып әр фактіні толық жазу және өзге де мәліметтер. 
      Акті нысаны бойынша жалпы бөліктен және бөлімнен (бөлімдерден) тұрады. Жалпы бөлікте осы тармақтың 1)-ден бастап 5)-ке дейінгі тармақшаларда көрсетілген ақпарат көрсетіледі. Актінің әр бөлімінде тапсырмада көрсетілген бір мәселе көрсетіледі. Үй-жайдың техникалық жай-күйі, қажетті ақпараттың және құжаттардың болуын актіде бөлек бөліммен көрсету ұсынылады. Актінің соңғы бөлімінде тексеру нәтижелері (қорытындылары) болады. 
      Жөнсіздіктер анықталған кезде мұндай жөнсіздіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері актіге қоса беріледі, қосымшалар саны актіде көрсетіледі.
       Ескерту: 16-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134   қаулысымен

      17. <*>
       Ескерту: 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134   қаулысымен .  

      18. Филиал уәкілетті банктерге, уәкілетті ұйымдарға және өзге тұлғаларға жоспарлы және жоспардан тыс тексеру, сондай-ақ уәкілетті бөлімше жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде тексеру нәтижелері мынадай тәртіппен ресімделеді: 
      1) тексеруші тұлғалар алдын ала (тексеру аяқталғанға дейін 3-5 күнтізбелік күн бұрын) осы Ереженің 16-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес акт жасайды. Акт тексеру аяқталғанға дейін 2 жұмыс күні қалғанда уәкілетті банктің немесе оның филиалының, уәкілетті ұйымның басшысына және бас бухгалтеріне, осы актіге қол қоятын өзге тұлғаға келісу және танысу үшін  беріледі; 
      2) актіде жазылған фактілермен келіспеген жағдайда уәкілетті банктің (немесе оның филиалының), уәкілетті ұйымның, өзге тұлғаның лауазымды тұлғасы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде жазбаша қарсы пікір жазады, растау құжаттарының көшірмелерімен бірге қол қойылған актіге қосып, тексеру жетекшісіне ұсынады; 
      3) әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады; 
      Актіге тексеруші адамдардың және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген уәкілетті банктің, уәкілетті ұйымның, өзге тұлғаның лауазымды адамдарының қол қойған күні бұрыннан келе жатқан жөнсіздік анықталған күн болып табылады;
      4) уәкiлеттi бөлiмше Ұлттық Банк Төрағасының жетекшiлiк ететiн орынбасарына құқық бұзушыларға қатысты шараларды қолдану жөнiндегi ұсыныстармен бiрге уәкiлеттi бөлiмшенiң қызметкерлерi жүргiзген тексеру барысында анықталған жөнсiздiктер туралы қорытынды дайындайды.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134   қаулысымен 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      19. Актіге уәкілетті банктің, уәкілетті ұйымның, өзге тұлғаның лауазымды адамдары қол қоюдан бас тартқан жағдайда оған тиісті белгі қойылады. Осы акті тексеру жүргізу нәтижелерін бекітетін түпкілікті және тиісті түрде ресімделген құжат болып табылады. 

  5-тарау. Тексеру нәтижелерін қарау тәртібі  

      20. Уәкілетті банкті, уәкілетті ұйымды, өзге тұлғаны тексеру нәтижелерін қажет болған жағдайларда уәкілетті банктің, уәкілетті ұйымның, өзге тұлғаның басшыларын және өзге де лауазымды тұлғаларын шақыра отырып уәкілетті бөлімше не филиал қарайды. Тексеру актісі Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарына не филиал басшысына қарау үшін беріледі. 

      21. Тексеру барысында қолданылып жүрген валюта заңнамасын бұзу фактiлерi анықталған жағдайларда Ұлттық Банк не оның филиалы уәкiлеттi банкке, уәкiлеттi ұйымға анықталған жөнсiздiктерге байланысты заң актiлерiне сәйкес оларға және өзге тұлғаларға ықпал етудiң шектелген шараларын қолдануға, оның iшiнде уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi ұйымның анықталған кемшiлiктердi жою мерзiмдерiн белгiлеуге, сондай-ақ санкция қолдануға құқылы. 
      Егер заңдарда санкция қолдануға Ұлттық Банк басшылығына немесе оның келісуімен ғана жол берілетін жағдайда филиал қажетті материалдарды Ұлттық Банктің орталық аппаратына жібереді. 
      Бұл үшін жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарда көзделген жөнсіздіктер анықталған жағдайда материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті сотқа, органға (лауазымды тұлғаға) қарау үшін жіберіледі.
       Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113   қаулысымен  ( қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ). 

      22. Уәкілетті банк, уәкілетті ұйым, өзге тұлға анықталған жөнсіздіктерді уәкілетті бөлімше немесе филиал белгілеген мерзімде жояды, нәтижелері туралы Ұлттық Банкке (оның филиалына) жазбаша нысанда хабарлайды. 

      23. Филиал ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-іне дейін ай ішінде жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, олардың нәтижелері және филиал қолданған шаралар туралы уәкілетті бөлімшеге хабарлауға міндетті. 

      24. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен шешіледі. 

                                   Қазақстан Республикасының 
                                     валюта заңдарын сақтау     
                                   мәселелері жөнінде тексеру   
                                    ұйымдастыру және жүргізу    
                                            ережесіне            
                                            1-қосымша        

       Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134   қаулысымен .    

                                           "БЕКІТЕМІН"           
                                   Қазақстан Республикасының   
                                   Ұлттық Банкі Төрағасының    
                                  орынбасары/филиал директоры 
                                  _______ жылғы "___"________ 
                                  ___________________________  
                                           (аты-жөні)           

            ____________________________ тексеру жүргізуге
           (тексеру объектісінің атауы )
                           Тапсырма (нұсқау )

      Тексеру мақсаты - ____________________________________
      Тексеруге жататын кезең - _____________________________
      Тексеру жүргізу мерзімі ______ жылғы "____" __________бастап
"____"_________ қоса алғанға дейін.
      Тексеруге жататын мәселелер: 
      1.
      2.
      3.
      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін барлық
тексерулердің ақпараттық есеп құжаттарын беру, тіркеу және жүргізу
тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актісіне сәйкес тапсырманы (нұсқауды) Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу
жөніндегі комитетінің аумақтық органдарында тіркеу үшін қажетті
мәліметтер:
      1.
      2.
      3.
      Тексеруді жүзеге асыру үшін Ұлттық Банктің және/немесе Ұлттық
Банк филиалының мынадай мамандары жіберілсін:
      1.
      2.
      3.
      Тексеруге жалпы басшылық бойынша міндеттер ________________
________________________________________________ жүктеледі.
            (лауазымы, аты-жөні)
      Ұлттық Банктің
      валюталық реттеу және бақылау
      бөлімшесінің басшысы/
      Ұлттық Банк филиалының
      валюталық операцияларды бақылау
      бөлімшесінің басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады