Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 шілдеде N 1922 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3147. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 3 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 3 (2007 жылғы 2 ақпанда N 17 "Заң газеті" газетінде жарияланған) қаулысымен.
      
--------------Қаулыдан үзінді----------------
 
      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 51-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      ...
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 шілдеде N 1922 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3147 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің»Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 11 қазан - 7 қарашада жарияланған)...
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағысы
------------------------------

      Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1922 тіркелген, 2002 жылғы 27 шілдеде "Казахстанская правда" газетінің N 162-163 және 2002 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінің N 171 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесінде:
      1-тармақта "жүргізеді" деген сөз "жүзеге асырады" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бірінші абзац  мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тапсырмада (нұсқауда) сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін барлық тексерулердің ақпараттық есеп құжаттарын беру, тіркеу және жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісіне сәйкес тапсырманы (нұсқауды) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарында тіркеу үшін қажетті мәліметтер көрсетіледі.";
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тексеру белгілеу туралы тапсырма (нұсқау) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарында тіркелуге жатады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік органдар жүргізетін уәкілетті банктерді тексеруге өз құзыреті шегінде қатысуға;";

      16-тармақтың 3) тармақшасында "Ұлттық Банк" деген сөздерден кейін ", қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;

      17-тармақ алынып тасталсын;

      18-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тексеруші тұлғалар алдын ала (тексеру аяқталғанға дейін 3-5 күнтізбелік күн бұрын) осы Ереженің 16-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес акт жасайды. Акт тексеру аяқталғанға дейін 2 жұмыс күні қалғанда уәкілетті банктің немесе оның филиалының, уәкілетті ұйымның басшысына және бас бухгалтеріне, осы актіге қол қоятын өзге тұлғаға келісу және танысу үшін  беріледі;";
      бесінші абзацта "жөнсіздік анықталған күн" деген сөздер "бұрыннан келе жатқан жөнсіздік анықталған күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының    
валюта заңдарын сақтау     
мәселелері жөнінде тексеру   
ұйымдастыру және жүргізу    
ережесіне            
1-қосымша            

"БЕКІТЕМІН"           
Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Төрағасының    
орынбасары/филиал директоры 
_______ жылғы "___"________ 
_________________________  
(аты-жөні)           

            ____________________________ тексеру жүргізуге
           (тексеру объектісінің атауы )
                           Тапсырма (нұсқау )

      Тексеру мақсаты - ____________________________________
      Тексеруге жататын кезең - _____________________________
      Тексеру жүргізу мерзімі ______ жылғы "____" __________бастап
"____"_________ қоса алғанға дейін.
      Тексеруге жататын мәселелер: 
      1.
      2.
      3.
      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін барлық
тексерулердің ақпараттық есеп құжаттарын беру, тіркеу және жүргізу
тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актісіне сәйкес тапсырманы (нұсқауды) Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу
жөніндегі комитетінің аумақтық органдарында тіркеу үшін қажетті
мәліметтер:
      1.
      2.
      3.
      Тексеруді жүзеге асыру үшін Ұлттық Банктің және/немесе Ұлттық
Банк филиалының мынадай мамандары жіберілсін:
      1.
      2.
      3.
      Тексеруге жалпы басшылық бойынша міндеттер ________________
________________________________________________ жүктеледі.
            (лауазымы, аты-жөні)
      Ұлттық Банктің
      валюталық реттеу және бақылау
      бөлімшесінің басшысы/
      Ұлттық Банк филиалының
      валюталық операцияларды бақылау
      бөлімшесінің басшысы".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдайтын болсын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап жеті күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.
      5. Операция басқармасы (Сүндетова Д.С.) осы қаулыны жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен төлейтін болсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігінің
      Төрағасы
      ______________________
      2004 жылғы 25 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады