Халықтық және дәстүрлi емес медицинаны алдағы уақытта дамыту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 587 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1925. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 532 бұйрығымен

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы  N 532  бұйрығымен
_________________________________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы  Заңының  64-бабын орындау мақсатында бұйырамын: 
      1. Қоса берiлiп отырған Халықтық және дәстүрлi емес медицина әдiсiмен емдеу құқығына үмiткерлерге куәлiк беру ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Емдеу-алдын алу жұмысы департаментiнiң (Х.А.Сағын) және медициналық ғылым және бiлiм департаментiнiң директорлары (Н.Қ.Хамзина) халықтық және дәстүрлi емес медицина әдiсiмен емдеу құқығына үмiткерлерге куәлiк берудi бақылауға алсын. 
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары осы бұйрықтың орындалуын ұйымдастырсын. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Емдеу-алдын алу жұмысы департаментiнiң директорына (Сағын Х.Ә.) жүктелсiн. 
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап iске асырылады. 

       Министр

 

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
2002 жылғы 17 маусымдағы   
N 587 бұйрығымен бекiтiлген   

  Қазақстан Республикасында халықтық және дәстүрлi
емес медицина әдiсiмен емдеу құқығына умiткерлерге куәлiк беру
Ережесi 

      Осы Ереже халық денсаулығын және өмiрiн қорғауды, сондай-ақ дәстүрлi емес және халықтық медицина әдiстерiмен халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында халық денсаулығын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi мемлекеттiк органының (бұдан әрi - уәкілеттi орган) Қазақстан Республикасында халықтық және дәстүрлi емес медицина әдiсiмен емдеу құқығына үмiткер адамдарға куәлiк беру тәртiбiн белгiлейдi. 

      1. Қазақстан Республикасында халықтық және дәстүрлi емес медицина әдiсiмен емдеу құқығына үмiткерлерге куәлiк берудi халық денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 

      2. Жеке тұлғалар халықтық және дәстүрлi емес медицина әдiсiмен емдеу құқығына үмiткерлер болып табылады. 

      3. Қазақстан Республикасында халықтық және дәстүрлi емес медицина әдiсiмен емдеу құқығына үмiткер адамдар уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсынуы керек: 
      1) өтiнiш; 
      2) өмiрбаян; 
      3) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; 
      4) еңбек кiтапшасының (бар болса) немесе жеке еңбек келiсiмiнiң, не қабылдау және босату бұйрықтарының көшiрмесi; 
      5) бекiтiлген формадағы денсаулығы туралы анықтама; 
      6) дәстүрлi емес медицина қызметiн жүзеге асыруға мемлекеттiк лицензиясы бар, үмiткерлердiң 6 айлық жұмысының қорытындысы бойынша денсаулыққа қолданылатын халық медицинасы және дәстүрлi емес медицинаның емдеу әдiстерiнiң жарамдылығы және қауiпсiздiгi туралы облыстық денсаулық сақтау органы анықтаған мемлекеттiк медициналық ұйымдардың қорытындысы. 

      4. Уәкiлеттi орган халықтық және дәстүрлi емес медицина әдiсiмен емдеу құқығына үмiткерлердiң ұсынған құжаттарын қарау жөнiндегi мәжiлiс өткiзедi. 
      Құжаттар 30 күн iшiнде қаралады. 

      5. Құжаттарды қарау нәтижесi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрi қабылданады: 
      1) куәлiк беру туралы шешiм; 
      2) куәлiк беруден бас тарту туралы шешiм. 

      6. Куәлiк беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады, егер: 
      1) осы санаттағы субъектi үшiн заңнамалық актiмен көрсетiлген қызметтiң түрiн жүзеге асыруға тыйым салынса; 
      2) осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген құжаттар толық ұсынылмаса; 
      3) арыз берушiге қатысты оған емдеудiң осы түрiне және медициналық көмек көрсетуге тыйым салынған соттың шешiмi бар болса; 
      4) үмiткердiң жай-күйi денсаулық жағдайы туралы анықтаманың қорытындысы бойынша емдеудiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе. 
     Куәлiк беруден бас тартқан жағдайда, үмiткерге жазбаша түрде бас тарту себебiнiң негiздемесiмен куәлiк беруден бас тарту туралы хабарланады және куәлiк беру үшiн белгiленген мерзiмде ұсынылған барлық құжаттар қайтарылып беріледі. 

      7. Заңнамада белгiленген тәртiппен үмiткер осы шешiмге байланысты шағымдануы мүмкiн. 

      8. Дұрыс шешiм шығарылған жағдайда үмiткерге куәлiк берiледi.

      9. Куәлiк беру туралы шешiм Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығымен рәсiмделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады