Халық емшісінің куәлігін беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 532 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4477 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 865 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.12.22 N 865 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында халық емшілерінің қызметін реттеу және үйлестіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халық емшісінің куәлігін беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің (басқармаларының) директорлары (келісім бойынша):
      1) халықтық медицина әдісімен емдеу құқығына үміткерлерге 6 айлық сынақтан өтуге арналған мемлекеттік медициналық ұйымдардың тізбесін бекітсін;
      2) халықтық медицина әдісімен емдеу құқығына үміткерлердің 6 айлық сынақтан өтуі бойынша іс-шараларды қамтамасыз етсін;
      3) үміткердің 6 айлық жұмыс қорытындысы бойынша қолданылатын халықтық медицинаның емдеу әдістерінің денсаулық үшін тиімділігі және қауіпсіздігі туралы мемлекеттік медициналық ұйым шешімінің негізінде халық емшісінің куәлігін алуға үміткерлерді медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е.М.Мусинге):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) халықтық медицина әдісімен емдеу құқығына үміткер адамдарға куәлік беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д. В. Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.А. Амангелдиевке жүктелсін.

      6. "Халықтық және дәстүрлі емес медицинаны алдағы уақытта дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 587 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1925 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының бюллетенінде жарияланған 2002 жыл, N 36, 689-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің  
2006 жылғы 10 қарашадағы    
N 532 бұйрығымен бекітілген  

Халық емшісінің куәлігін беру жөніндегі нұсқаулық

      Халық емшісінің куәлігін беру жөніндегі осы нұсқаулық медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің) Қазақстан Республикасында халықтық медицина әдістерімен емдеу құқығына үміткер адамдарға халық емшісінің куәлігін беру рәсімін түсіндіреді.

1. Жалпы ережелер

      1. Жеке тұлғалар халықтық медицина әдісімен емдеу құқығына үміткерлер болып табылады.

      2. Халық емшісінің куәлігін алуға үміткер адамдар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жолдамасы бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында 6 айлық сынақтан өтеді.

      3. Халық емшісінің куәлігін алуға үміткер адамдар сынақтан өткеннен кейін тұрғылықты мекен-жайы бойынша мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш;
      2) өмірбаян;
      3) жеке куәлігінің нотариалдық расталған көшірмесі;
      4) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе жеке еңбек шартының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;
      5) 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, құжаттарды тапсырған кезден бір айдан кешіктірмей берілген психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің анықтамалары;
      6) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің 6 айлық сынағының қорытындысы бойынша халықтық медицинаның емдеу әдістерінің денсаулыққа тиімділігі және қауіпсіздігі туралы мемлекеттік медицина ұйымының қорытындысы.

2. Үміткер адамдардың өтініштерін қарау рәсімі

      4. Халық емшісінің куәлігін осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көзделген барлық құжаттармен өтінішті берген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері береді.

      5. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) халық емшісінің куәлігін беру;
      2) халық емшісінің куәлігін беруден бас тарту.
      Дұрыс шешім шығарылған жағдайда осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халық емшісінің куәлігі беріледі.

      6. Куәлікті беру туралы шешімді мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

      7. Егер:
      1) осы санаттағы субъектіге көрсетілген қызметтің түрін жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
      2) осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаса;
      3) өтініш берушіге қатысты оған емдеудің осы түрімен айналысуға және медициналық көмек көрсетуге тыйым салынған сот шешімі болса;
      4) үміткердің денсаулығы оның денсаулық жағдайы туралы анықтаманың қорытындысы бойынша осы қызмет түрін жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе куәлік беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
      Куәлік беруден бас тартылған жағдайда, үміткерге жазбаша түрде бас тарту себебінің негіздемесімен куәлік беруден бас тарту туралы хабарланады және куәлік беру үшін белгіленген мерзімде ұсынылған барлық құжаттар қайтарылып беріледі.

3. Халық емшісінің куәлігі туралы

      8. Халық емшісінің куәлігі бес жыл мерзімге беріледі және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралады.
      Медициналық қызметті одан әрі жүзеге асыру үшін адам 6 айлық сынақтан қайтадан өтіп, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.

      9. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде берілген куәліктер осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркеледі.

      10. Куәлікті жоғалтып алған жағдайда мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі адамға телқұжат береді.

      11. Егер:
      1) куәліктің берілген мерзімі өткен жағдайда;
      2) куәлікте көрсетілген талаптар орындалмаса;
      3) куәлікті алу кезінде өтініш беруші көрінеу жалған ақпарат берсе;
      4) халық емшісінің куәлігін алған адам тиісті лицензиясыз медициналық қызметті жүзеге асырса, берілген халық емшісінің куәлігі жарамсыз деп танылады.

4. Қорытынды ереже

      12. Халық емшісінің куәлігін беруден бас тарту туралы шешімге үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

      13. Халық емшісінің куәлігі бар адамның тиісті лицензиясыз медициналық қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.

                                         Халық емшісінің куәлігін
                                        беру жөніндегі нұсқаулыққа
                                                 1-қосымша

          Халықтық медицина әдістерімен емдеуді жүзеге
          асыру үшін куәлікті алу құқығына қорытынды

Үміткердің Т. А. Ә. _______________________________________________
___________________________________________________________________
200__ жылғы "___"____________ бастап 200__ жылғы "___"_____________
дейінгі кезеңге халықтық медицина әдістерімен емдеу құқығына

N

Емделушінің Т.А.Ә.

Туған күні

Мекен-жайы, жұмыс орны

Клиникалық диагнозы

Жағдайының жақсаруы

Жағдайының нашарлауы

өзгеріссіз

Тиісті зерттеулердің хаттамаларына сәйкес нозологиясына қарай объективтік, клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері бойынша









  Үміткердің 6 айлық жұмысының қорытындысы бойынша қолданылатын
халықтық медицинаның емдеу әдістерінің денсаулыққа тиімділігі және
қауіпсіздігі туралы қорытынды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жетекшінің Т. А. Ә. __________________________________________ қолы
Бөлімше меңгерушісінің Т. А. Ә. ___________________________________
______________________________________________________________ қолы
Медициналық мекеме бас дәрігерінің Т. А. Ә. _______________________
______________________________________________________________ қолы
Облыстың, Астана, Алматы қалалары департаментінің (басқармасының)
директоры ____________________________________________________ қолы

Күні
М.О.

                                         Халық емшісінің куәлігін
                                        беру жөніндегі нұсқаулыққа
                                                 2-қосымша

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
    Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті

                           N__ КУӘЛІК

Азамат (ша) _______________________________________________________
___________________________________________________________________
халықтық медицина әдістерімен емдеуді жүзеге асыру құқығына берілді.

      Ішкі мүшелері мен жүйке жүйесі функционалдық бұзылған
сырқаттарды халықтық медицина әдістерімен емдеуге РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ.
      Органикалық аурулармен, туберкулезбен, психикалық,
онкологиялық, жұқпалы және венерологиялық аурулармен, ЖҚТБ-мен
ауыратын сырқаттарды емдеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

200__ жылғы "____"____________ N__ бұйрық

Берілген күні 200__ жылғы "____"_________

Куәлік 200__ жылғы "__"____ дейін жарамды

Куәлікті берген мемлекеттік органның атауы ________________________
___________________________________________________________________
Мемлекеттік органның басшысы ______________________________________

М.О.

                                         Халық емшісінің куәлігін
                                        беру жөніндегі нұсқаулыққа
                                                 3-қосымша

             Халық емшісінің куәлігін беру журналы

Куәліктің N

Тегі, аты, әкесінің аты

Тұрғылықты мекен-жайы

Куәлік берілген күн

бұйрықтың N






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады