Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 487 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 1 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1934. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004.04.13. N 221 (V042864) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің біліктілігі жоғары, жаңа қоғамдық-экономикалық, құқықтық жағдайларға сай басшы кадрлар резервін дайындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелері қосымшаға сай бекітілсін. 
      2. Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызмет бастықтары: 
      1) көрсетілген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын; 
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) оқуға үміткерлерді уақытында және сапалы іріктеуді қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 202 "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының Ішкіісминінің, ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІБ-нің және ҚАЖ-нің басшы құрамын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелерін бекіту туралы"  бұйрығының  күші жойылды деп есептелсін. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-Министрі ішкі қызмет генерал-майоры С.Н.Баймағанбетовке жүктелсін. 
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

       Министр
      генерал-полковник

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 487 бұйрығымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының 
ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие
аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелері 

  1. Жалпы ережелер  

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының N 1 факультеті) тыңдаушыларды іріктеу мен қабылдау тәртібін белгілейді. 

      2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультеті жоғары заң білімі базасында қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдерінің бастықтарын 521650 - "Заңтану" мамандығы бойынша даярлайды және Жоғары академиялық курстарында Ішкі істер министрлігінің, Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі Ішкі істер басқармаларының (бұдан әрі - Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ) басшы кадрлары мен тәрбие аппараттарының мамандарын қайта даярлауды жүзеге асырады. Жоғары академиялық курсқа қабылдау ережесі бөлек нормативтік актімен кесімделеді.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 19 қарашадағы N 650   бұйрығымен .

      3. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультетінде оқу мерзімі қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдерінің лауазымындарында резервте тұрған адамдар үшін қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдерінің құқық қорғау ісін ұйымдастыру мамандандыруы және заңтану магистрi біліктілігі бойынша - 1 жыл.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 19 қарашадағы N 650   бұйрығымен

  2. Қабылдау шарттары 

      4. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультеті жоғары заңгерлік білімі, басшылық және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, жоғары іскерлік қабілетке ие және қалалық, аудандық, желілік ішкі істер бөлімдері басшылары лауазымдарында резервте тұрған, жасы 40-қа дейінгі, ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде Ішкіісминнің аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор, аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспектор лауазымдарынан төмен емес, ІІББ, ІІБ, КІІБ бөлімшелерінің, қалалық (аудандық), желілік ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ішкі істер бөлімі құқығына ие полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары, қалалық (аудандық), желілік ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің) жедел-тергеу бөлімдерінің (бөлімшелерінің) бастықтары лауазымдарында 2 жылдан кем қызмет өтілі бар орта және аға басшы құрамдағы адамдар қабылданады. 

      5. Академияға оқуға түсуші үміткерлердің жасы мен тиісті лауазымдардағы қызмет өтілі түсу жылының 1 қазанындағы жағдай бойынша есептеледі. 

  3. Үміткерлерді іріктеу мен қабылдау тәртібі  

      6. Академиядағы оқуға үміткерлерді іріктеу Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жыл сайынғы бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының N 1 факультетін жасақтаудың жоспарына сәйкес жүргізіледі. 

      7. Қазақстан Республикасы Академиясының N 1 факультетіне үміткерлерді қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді. Комиссия құрамына: кадр мәселесімен айналысатын Қазақстан Республикасы ішкі істер вице-Министрі, Академия факультеттерінің және жетекші кафедраларының бастықтары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі анықтайтын басқа да адамдар кіреді. 

      8. Ішкіісмин Академиясының N 1 факультетіне түсушілер ішкі істер органы басшысының атына мәлімдеме жазады. Мәлімдемеде арнайы атағы, тегі, аты мен әкесінің аты, лауазымы, туған жылы мен айы, білімі көрсетіледі. 

      9. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині қызметтерінің бастықтары, ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ-нің бастықтары мәлімдемелерді қарап, үміткерлер қабылдау шарттарына сәйкес келген кезде, кадр аппараттары арқылы денсаулық жағдайы бойынша Академиядағы оқуға жарамдылығын анықтау үшін оларды медициналық куәландыруға жібереді. 

      10. Қазақстан Республикасы Академиясының N 1 факультетіне үміткерлерді іріктеу үшін, облыстық ІІББ, ІІБ-да, көліктегі ІІББ-ның бұйрығымен ІІББ, ІІБ, КІІБ-да іріктеу комиссиялары құрылады. 

      11. Іріктеу комиссиялары осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясын жасақтау жоспарын басшылыққа ала отырып, үміткерлерге ұсынылған құжаттарды мұқият тексереді, бұл үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкес келуін анықтауға және олардың әрқайсысы бойынша дәлелді қорытынды шығарады. 

      12. Іріктеу комиссияларының жұмыс қорытындылары хаттамалармен рәсімделеді. Академияға түсуші әрбір үміткерге хаттама парағы рәсімделеді. 

      13. Академияның N 1 факультетіне оқуға іріктеп алынған адамдарға Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ-нің кадр аппараттары түсу жылының 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Академиясына мынадай құжаттар жібереді: 
      белгіленген тәртіпте рәсімделген жеке іс; 
      оқу ісі: үміткердің рапорты; қызметінің соңғы кезеңдегі аттестациясы; қызметкердің Академияны бітіргеннен кейін тағайындалатын лауазымы көрсетілген оқуға жіберу туралы іріктеу комиссиясы шешімінің көшірмесі; білімі туралы дипломның көшірмесі; Қазақстан Республикасы Ішкіісмині 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1  бұйрығымен  бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылы 12 ақпанда 1398 номермен тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықтың 19 қосымшасына сай көрсетілген үлгідегі анықтама; әскери дәрігерлік комиссияның қорытындысы; кадр аппараты растаған 4 фото сурет (көлемі 3,5х4,5). 

      14. Ішкіісминнің, ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІБ-нің іріктеу комиссиялары іріктеп алған адамдар Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің Академиясына, түсу жылының 15 тамызына дейін көлемі 20-25 баспа табақ басылған атқарып жатқан лауазымының ерекшелігі бойынша басқару қызметі тақырыбында реферат ұсынулары керек. 

      15. Қабылдау комиссиясы Академияның N 1 факультетіне оқуға түсуге жасақтаушы органдар ұсынған адамдардың материалдарын қарап, үміткерлерді ішкі істер органдарының қызметін және қылмыспен күресті кесімдейтін қолданыстағы заңнаманың, ведомстволық нормативтік актілерді, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатын білу туралы ауызша қабылдау емтиханын өткізеді. 

      16. Қазақстан Республикасы Академиясының N 1 факультетіне оқуға қабылдау емтихан нәтижесі, үміткерлердің рефератының резенциясының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Академиясы бастығының бұйрығымен жүзеге асады. 

      17. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Академиясы бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі оған қол қойылғаннан кейін он күннен кешіктірмей үміткерлерді оқуға жіберген жасақтаушы органға жіберіледі. 

      18. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Академиясы бастығының үміткерді оқуға қабылдау туралы бұйрығы оны жасақтаушы органнан оқу орнына іссапарға жіберу үшін негіз болып табылады. 

      19. Оқуға қабылданбаған үміткерлердің жеке істері мен басқа да құжаттары жасақтау органдарына кері қайтарылады. 

      20. Қызметтік қажеттілік жағдайларында, ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІБ-нің ұсынысы бойынша, ерекше жағдайда, Академияның N 1 факультетінің күндізгі оқу нысаны бойынша кемінде 6 ай оқыған тыңдаушыларды кейіннен оларды жеке график бойынша оқыту арқылы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің бұйрығымен қызметке шақырып алуға жол беріледі. 

  4. Ішкіісминінің Академиясы N 1 факультетінің тыңдаушыларын
материалдық қамтамасыз ету

      21. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының тыңдаушыларына оқу уақытында оқуға жіберуге дейін атқарған соңғы негізгі (уақытша орындалмаған) штаттық лауазымы бойынша ақшалай үлестің 70 пайызы төленеді. 

      22. Тамақтандыру мен орналастыру тыңдаушылар есебінен, ал заттай мүліктермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ішкіісмині белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады