Кейбір міндетті төлемдерді бюджетке қолма-қол ақшамен төлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 1 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1935. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 633 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 633 Бұйрығымен.

             Келісілді                       Келісілді
      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер вице-министрі       Мемлекеттік кіріс министрі
           2002 жылғы                 2002 жылғы 2002 жылғы 9 шілде

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық Кодексi) iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Салық Кодексiне сәйкес оларды төлеу қолма-қол ақшамен жүзеге асырылуы мүмкiн кейбiр мiндеттi банктiк төлемдердi уәкiлеттi органдар, дипломатиялық өкілдiктер немесе консулдық мекемелер бюджетке қабылдауға арналған қатаң есептiлiк бланкiсiнің нысаны бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi органдар, дипломатиялық өкілдiктер немесе консулдық мекемелер қабылдаған бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi қабылдау, ақшаны қабылдау жүзеге асырылған келесi күннен кешiктiрмей күн сайын бюджетке есепке алу үшiн "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Агент ретiнде анықталған екiншi деңгейдегi банктерге немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиясы бар ұйымдарға өздерi өткiзедi деп белгiленсiн. Егер, күн сайынғы қолма-қол ақшаның түсуi кемiнде 10 айлық есептiк көрсеткiштi құраған жағдайда, өткiзу үш банктiк күнде бiр рет жүзеге асырылады.
      Ескерту: 1-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 6 ақпандағы N 46 бұйрығымен .
      2. Фискальдық саясат және болжамдар департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен келiссiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары
      Министр

Кейбiр міндеттi төлемдерді
бюджетке қолма-қол ақшамен
төлеу туралы      
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрiнің    
2002 жылғы 15 шілдедегі 
N 323 бұйрығына қосымша 

ТYБIРТЕКТІҢ ТҮБІРШЕГІ ТYБIРТЕК
Сериясы N Сериясы N

Төлеушiнiң атауы (аты-жөнi) ____  Төлеушiнiң атауы (аты-жөнi)_______
________________________________  __________________________________
Төлеушiнiң CTH * ________________  Төлеушiнiң CTH * ___________________
Төлемнiң тағайындалуы___________  Төлемнiң тағайындалуы ____________
________________________________  __________________________________
Төлемнiң сомасы ________________  Төлемнiң сомасы__________________
төлем валютасын көрсете отырып,   төлем валютасын көрсете отырып,
санмен және жазбаша көрсетiледi   санмен және жазбаша көрсетiледi
Түбiртектi берген мемлекеттiк     Түбiртектi берген мемлекеттiк
органның атауы:                   органның атауы:
________________________________  _________________________________
________________________________  _________________________________
________________________________  _________________________________
Берілген күнi: 200_ж. "__"______  Берілген күнi: 200_ж. "__"______
Түбiртектi берген лауазымды       Түбiртектi берген лауазымды
МО тұлғаның аты-жөнi және қолы:   МО тұлғаның аты-жөнi және қолы:
________________________________  ________________________________
________________________________  ________________________________
Төлеушiнiң қолы ________________  Төлеушiнiң қолы ________________

*Ескерту : Қазақстан Республика.  *Ескерту : Қазақстан Республика.
сының салық заңнамасына сәйкес    сының салық заңнамасына сәйкес
мемлекеттiк  тiркеуге жататын     мемлекеттiк тiркеуге жататын
тұлғалардың CTH-i көрсетілдi      тұлғалардың CTH-i көрсетілдi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады