1935 нөмірмен тіркелген, "Кейбір міндетті төлемдерді бюджетке қолма-қол ақшамен төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 15 шiлдедегi N 323 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 6 ақпандағы N 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2188. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 633 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 633 Бұйрығымен.

      Келісілді        
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі    
Салық комитетінің    
Төрағасы         

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Кейбiр мiндеттi төлемдердi бюджетке қолма-қол ақшамен төлеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 15 шiлдедегi N 323 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 2002 жылғы 1 тамызда 1935 нөмiрмен тiркелген; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде" жарияланған, 2002 жыл, қыркүйек, N 35) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      "жүзеге асырылған келесi" деген сөздерден кейiн "банктiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      "күнтiзбелiк" деген сөз "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi (С.Қанатов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің м.а.

Келісілді         
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істері Бірінші  
Вице-Министрі      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады