Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Өзара iс-қимылдар ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 674, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 772 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу 1962. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 19 қазандағы N 533, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 391 бірлескен бұйрығымен.

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 19 қазандағы N 533, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 391 бірлескен бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------
 

            Нормативтік құқықтық кесімдерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес келтіру мақсатында "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының импорты және экспорты кезіндегі өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 772 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 674 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1962 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      Міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
------------------------------------      

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы кедендiк iс туралы"  Заңын , 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 22  қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi туралы ереженi, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 830  қаулысын орындау үшiн және тiркелмеген дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасына әкелiнуiне жол бермеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫЗ
      1. Қоса берiлiп отырған Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Өзара iс-қимылдар ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi: 
      1) 2002 жылғы 20 тамызға дейiнгi мерзiмде рұқсаттарды куәландыратын уәкiлеттi тұлғалардың қолы мен мөр табандарының үлгiлерiн кеден органдарының назарына жеткiзсiн; 
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу туралы хаты негiзiнде дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың импорты мен экспортын ресiмдеудi жүзеге асырсын. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң төрағасы С.Е.Сұлтановқа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының орынбасары А.К.Ержановқа жүктелсiн. 

     Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
     Мемлекеттік кіріс министрі          Денсаулық сақтау министрі

                                        Қазақстан Республикасы 
                                    Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
                                   2002 жылғы 8 тамыздағы N 772 және
                                         Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
                                      2002 жылғы 8 тамыздағы N 674 
                                              бұйрығымен
                                               БЕКIТIЛГЕН

Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен
медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау
мен экспорттау кезiнде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Өзара iс-қимылдар ережесi

        1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы  кедендiк iс туралы" және 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы"  Заңдарына , Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi туралы ережесiне, "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы  N 1037 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 830  қаулысына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасында дәрiлiк құралдарды, медицина техникасымен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң өзара iс-қимылдарын анықтайды. 
      2. Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің өзара iс-қимылдары осы Ереженiң мақсаты болып табылады. 
      3. Қазақстан Республикасына келiп түсетiн дәрiлiк құралдар заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелуге және Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайлардан басқа оларды медициналық қолдануға рұқсат берiлуге тиiс. 
      4. Дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың импорты мен экспортын кедендiк ресiмдеу дәрiлiк құралдар мен медицина өнеркәсiбi айналымы саласында басшылық етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi ведомствосының - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң (бұдан әрi - Фармация комитетi) дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiркелгендiгiн растайтын хаттың төл нұсқасы негiзiнде жүргiзiледi. 
      5. Фармация комитетi осы Ережеге қоса берiлген нысан бойынша бiр мәмiле шегiнде дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу растығы туралы хатты бередi (2-қосымша). 
      6. Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу туралы хатты ресiмдеу үшiн өтініш иесi Фармация комитетiне мынадай құжаттарды ұсынады: 
      1) дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу туралы хатты беруге өтiнiшiн қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағазда және электронды түрде (1-қосымша); 
      2) белгіленген үлгiде бланкiдегi бiрiншi басшының қолымен және өтiнiш иесiнiң мөрiмен куәландырылған дәрiлiк құралдарды өндiру және (немесе) көтерме сату арқылы фармацевтика қызметiмен айналысуға лицензияның көшiрмесiн. 
      Коммерциялық құндылығы жоқ медициналық ұйымдарды жарақтандыру мақсатында мемлекеттiк сатып алу арқылы алынған медициналық жабдықты әкелу жағдайында - медициналық қызметпен айналысуға лицензияның көшiрмесiн; 
      3) сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу келiсiм-шартының (шарттың) көшiрмесiн фирма мен өндiрушi елдi дәрiлiк құралдар мөлшерiн ерекшелiктерiмен әрi салыстыру үшiн төлнұсқасын; 
      4) тауарды алғаннан кейiн 10 күн iшiнде шығарған елдiң құзыреттi органы берген тауарды шығару сертификатының көшiрмесiн беру туралы кепiлдiк хатты; 
      5) заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (патент) көшiрмесiн; 
      6) тапсырылған құжаттар тiзiмдемесiн. 
      7. Ұсынылған мәлiметтердің растығы үшiн жауапкершiлiк өтiніш иесiне жүктеледi. 
      8. Берiлген медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу туралы хаттар Фармация комитетiнiң деректер банкiсiнде тiркелуге жатады. 
      9. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік құралдардың импорты мен экспорты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзіледi. 

                            "Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы
                             мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
                                импорттау мен экспорттау кезiнде
                                   Қазақстан Республикасының
                              Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен
                                    Қазақстан Республикасы
                               Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
                                  Өзара iс-қимылдар ережесiн
                                       бекiту туралы"
                                    Қазақстан Республикасы 
                                Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
                             2002 жылғы 8 тамыздағы N 772 бұйрығына
                                   және Қазақстан Республикасы
                                Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
                              2002 жылғы 8 тамыздағы N 674 бұйрығына
                                           1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 

      Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi
                            ӨТIНIШ

     Дәрілік құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу растығы туралы хатты беруіңізді сұраймын.


     _________________________________________________________________________

Өтініш иесі
Облыс
Заңды мекен-жайы
Телефон, эл.пошта
ОКПО (өтініш иесі)     
СТН (өтініш иесі)     
Өнім беруші
Өнім берушінің (алушының) заңды мекен-жайы
Телефон, эл.пошта
Өнім берушінің (алушының) елі
Келісім-шарттың N
Келісім-шарттың жасалған күні
Валюта төлеу түрі
Ерекшеліктің (қосымша) N     
Ерекшеліктің жасалған күні
Тауардың тобы
Ол арқылы әкелу (әкету) жүзеге асырылатын кеден органы
___________________________________________________________________________ 

___________________________________________________________________________
СЭТ |Дәрі.|Шыға.|Өлшем|Мөл.|Төлем  |Төлем  |Теңге.|Доллар.|Өнді.|Өнді.|Тір.
ТН  |лік  | ру  |бір. |шері|валюта.|валюта.|дегі  |дағы   |руші |руші |кел.
коды|құрал|ныса.|лігі |    |сындағы|сындағы|сома. |сомасы | ел  |фирма|ген 
    |дың  | ны  |     |    |бірлік.|сомасы |сы    |       |     |     |күні
    |атауы|     |     |    | тің   |       |      |       |     |     |
    |     |     |     |    | құны  |       |      |       |     |     |
__________________________________________________________________________ 
 
   ___________________________________________________________________________ 

Өтініш иесінің қолы ________________________ 

М.о.                                                200_ж. "___" ________ 
                                 "Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы  
                                    мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды  
                                      импорттау мен экспорттау кезiнде
                                          Қазақстан Республикасының        
                                      Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен    
                                           Қазақстан Республикасы          
                                       Денсаулық сақтау министрлiгiнiң     
                                          Өзара iс-қимылдар ережесiн       
                                               бекiту туралы" 
                                            Қазақстан Республикасы 
                                        Денсаулық сақтау министрлiгiнiң    
                                    2002 жылғы 8 тамыздағы N 772 бұйрығына
                                         және Қазақстан Республикасы       
                                       Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң    
                                   2002 жылғы 8 тамыздағы N 674 бұйрығына
                                                  2-қосымша

                                                    ___________ жөніндегі
                                                  Кеден (кеден) басқармасы

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Фармация, 
фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi мына дәрілiк құралдарға, 
медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға 2002 жылғы "___" 
___________ ерекшелік бойынша ___________ фирмасымен 2002 жылдың "___" 
_______ жасасқан N _____ келiсiм-шартқа (шартқа) сәйкес ___________ (заңды 
(жеке) тұлғаның толық атауы, СТН, ОКПО коды, мекен-жайы, телефон) 
Қазақстан Республикасына дәрілiк құралдарды, медицина техникасы мен 
медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге (әкетуге) рұқсат бередi:

___________________________________________________________________________
р/с |СЭҚ ТН  |Дәрілік   |Өлшем|Мөл.|Баға. |Сомасы | Фирманың | ҚР-да
N  |бойынша |құралдар. | бір.|шері| сы   |төлем  |    және  | тіркел.
    | коды   |дың атауы,| лігі|    |      |валюта.| өндіруші |ген күні
    |        |дәрілік   |     |    |      |сында  |  елінің  | мен N
    |        |нысандар  |     |    |      |       |   атауы  |
___________________________________________________________________________
1     2          3        4    5     6       7         8         9
___________________________________________________________________________
 
  Жиынтығы:                                     V
___________________________________________________________________________

     Жоғарыда көрсетілген дәрілiк құралдар (атаулар саны) Қазақстан 
Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат берілген әрi "Қазақстан 
Республикасында тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау туралы 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 шілдедегі N 1037  қаулысына сәйкес лицензиялауға жатпайды.

Уәкілетті тұлғаның қолы  ____________________ тегi, аты, әкесiнiң аты

                                                  М.О.
Орынд. ________________
Тел. ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады