Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 24 тамыздағы N 320. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1975. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық мүмкіндігін кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1-тармағының 3 және 10-тармақшалары негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "40%-тен кем емес" деген сөздер "35%-тен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-2) тармақшадағы "5%-дан аспайтын" деген сөздер "10%-тен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "45%-дан кем емес" деген сөздер "50%-тен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1) тармақшадағы "5%-дан кем емес" деген сөздер "10%-тен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға, кастодиан банктерге және бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. 

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады