Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз
).
________________________________
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы нұсқаулық жөнінде" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351
V960434_
қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы нұсқаулықта:
N 1 қосымша мынадай редакциядағы 122-1-жолмен толықтырылсын:
--------------------------------------------------------------------
122-1 !Республикалық және жергілікті бюджеттердің!тұрақты !тұрақты
!қаражаты есебінен берілген заемдар бойынша! !
!құжаттар (өтініштер, заем шарттары, есептер,! !
!жазысқан хаттар және басқалар) ! !
--------------------------------------------------------------------
2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің Мұрағаттар мен
құжаттамаларды басқару жөніндегі
комитетінің төрағасымен
2002 ж. 12 қыркүйек