Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 438 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1992. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 185 бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007.05.23.  N 185  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.  

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы"  Заң  күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса берiлiп отырған Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспары бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының Бас жоспары туралы" 1996 жылғы 18 қарашадағы N 6  қаулысының  күшi жойылды деп танылсын. 
      3. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдіснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы Бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрiнiң     
2002 жылғы 18 қыркүйектегі
N 438 бұйрығымен бекiтiлген

  БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕПКЕ АЛУ ШОТТАРЫНЫҢ
YЛГI ЖОСПАРЫ 

       Ескерту: Үлгі жоспар өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 372   бұйрығымен .

1-бөлiм. АЙНАЛЫМҒА ТҮСПЕЙТІН АКТИВТЕР

Шот
кодтары
10  Материалды емес активтер
101 Лицензиялық келiсiмдер
102 Бағдарламамен қамтамасыз ету
103 Патенттер
104 Ұйымдастыру шығындары
105 Гудвилл
106 Басқа да материалды емес активтер
11  Материалды емес активтердің амортизациясы
111 Материалды емес активтердiң амортизациясы - лицензиялық
    келiсiмдер 
112 Материалды емес активтердiң амортизациясы - бағдарламамен 
    қамтамасыз ету
113 Материалды емес активтердiң амортизациясы - патенттер
114 Материалды емес активтердiң амортизациясы - ұйымдастыру
    шығындары
115 Материалды емес активтердiң амортизациясы - гудвилл
116 Материалды емес активтердiң амортизациясы - басқа да
    материалды емес активтер
12  Негiзгi құралдар
121 Жер
122 Ғимараттар мен құрылыс-жайлары
123 Машиналар мен жабдықтар, күш беруші қондырғылар
124 Көлiк құралдары
125 Басқа да негiзгi құралдар
126 Аяқталмаған құрылыс
13  Негiзгi құралдардың тозуы
131 Ғимараттар мен құрылыс-жайларының тозуы
132 Машиналар мен жабдықтардың, күш беруші қондырғылардың тозуы
133 Көлiк құралдарының тозуы
134 Басқа да негiзгi құралдардың тозуы
14  Инвестициялар
141 Еншiлес ұйымдарға салынған инвестициялар
142 Тәуелдi ұйымдарға салынған инвестициялар
143 Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар
144 Жылжымайтын мүлiкке салынған инвестициялар 

2 бөлiм. ТАУАР-МАТЕРИАЛДЫҚ БОСАЛҚЫЛАР

20  Материалдар
201 Шикiзат пен материалдар
202 Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
    конструкциялар мен бөлшектер
203 Отын
204 Ыдыс және ыдыстық материалдар
205 Босалқы бөлшектер
206 Басқа да материалдар
207 Қайта өңдеуге берiлген материалдар
208 Құрылыс материалдары және басқалар
21  Аяқталмаған өндiрiс
211 Негiзгi өндiрiс
212 Өзiнде өндiрiлген жартылай фабрикаттар
213 Көмекшi өндiрiс
22  Тауарлар
221 Дайын өнiм
222 Сатып алынған тауарлар
223 Басқа да тауарлар

3 бөлiм. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЖӘНЕ БАСҚА ДА
 АКТИВТЕР  

30  Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегi
301 Алынатын шоттар
302 Алынған вексельдер
303 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқа да берешегi
31  Күмәндi талаптар бойынша резервтер
311 Күмәндi талаптар бойынша резервтер
32  Еншілес (тәуелдi) ұйымдардың дебиторлық берешегi
321 Еншілес ұйымдардың берешегі
322 Тәуелдi ұйымдардың берешегі
323 Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі
33  Басқа да дебиторлық берешек
331 Орнын толтыруға жататын қосылған құн салығы
332 Есептелген сыйақылар
333 Қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың берешегі
334 Басқа да дебиторлық берешегі
34  Алдағы кезеңдердiң шығындары
341 Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары
342 Жалгерлік төлем
343 Алдағы кезеңдердiң басқа да шығыстары
35  Берiлген аванстар
351 Тауар-материалдық босалқыларды алу үшiн берiлген аванстар
352 Жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету үшiн берiлген
    аванстар
353 Басқа да берiлген аванстар 

4 бөлiм. ҚАРЖЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ АҚШАЛАР

40  Қаржылық инвестициялар
401 Акциялар
402 Облигациялар
403 Басқа да қаржы инвестициялары
41  Жолдағы ақшалар
411 Жолдағы ақшалар
42 Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы
   және басқа да шоттардағы ақша
421 Аккредитивтердегi ақшалар
422 Чек кiтапшаларындағы ақшалар
423 Карт-шоттардағы ақша
424 Банктердегі басқа да шоттардағы ақшалар
43 Шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік
   шоттардағы ақша
431 Ел ішінде шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік
    шоттардағы ақша
432 Шет елдегі шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік ақша
44 Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша
441 Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша
45  Кассадағы қолда бар ақшалар
451 Ұлттық валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар
452 Шетелдік валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар

5 бөлiм. ӨЗ КАПИТАЛЫ

50  Жарғылық капитал
501 Қарапайым акциялар
502 Артықшылығы бар акциялар
503 Салымдар мен пайлар
51  Төленбеген капитал
511 Төленбеген капитал
52  Қайтарып алынған капитал
521 Қайтарып алынған капитал
53  Қосымша төленген капитал
531 Қосымша төленген капитал
54  Қосымша төленбеген капитал
541 Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген 
    капитал
542 Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген
    капитал
543 Басқа да активтердi қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген
    капитал
55  Резервтiк капитал
551 Құрылтай құжаттарда белгiленген резервтiк капитал
552 Басқа да резервтiк капитал
56  Бөлiнбеген табыс (жабылмаған залал)
561 Есептi жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)
562 Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)
57  Жиынтық табыс (залал)
571 Жиынтық табыс (залал) 

6 бөлiм. МIНДЕТТЕМЕЛЕР

60  Қарыздар
601 Банктердің қарыздары
602 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
    ұйымдардың қарызы
603 Басқалар
61  Алдағы кезеңдердiң табыстары
611 Алдағы кезеңдердiң табыстары
62  Қатысушылардың табыстары мен дивидендтер бойынша 
    есеп айырысу
621 Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу
622 Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу
623 Қатысушылардың табыстары бойынша есеп айырысу
63  Бюджетпен есеп айырысу
631 Төленілетін корпоративтiк табыс салығы
632 Кейінге қалдырылған корпоративтiк табыс салығы
633 Қосылған құн салығы
634 Акциздер
635 Әлеуметтiк салық
636 Жер салығы
637 Мүлiк салығы
638 Көлiк құралдары салығы
639 Басқа да салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн
    мiндеттi төлемдер
64  Еншiлес (тәуелдi) ұйымдарға кредиторлық берешек
641 Еншiлес ұйымдарға берешек
642 Тәуелдi ұйымдарға берешек
643 Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаларға берешек
65  Кепiлдiктер мен шартты мiндеттемелер
651 Кепiлдi мiндеттемелер
652 Шартты мiндеттемелер
66  Алынған аванстар
661 Тауар-материалдық босалқыларды беру үшiн алынған аванстар
662 Жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету үшiн алынған
    аванстар
663 Басқа да алынған аванстар
67  Берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу
671 Төленетін шоттар
68  Басқа да кредиторлық берешектер және есептеулер
681 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу
682 Лауазымды тұлғаларға берешек
683 Жалгерлiк мiндеттемелер
684 Төленетін сыйақылар
685 Жұмысшылардың еңбек демалыстары бойынша есептелген берешек
686 Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу
687 Басқалар 

7 бөлiм. ТАБЫСТАР

70  Негiзгi қызметтен түсетін табыс
701 Дайын өнiмдi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден
    түсетін табыс
71  Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатудан шегерулерi,
    бағадан шегерулер
711 Сатылған тауарлардың қайтарылуы
712 Сатудан шегеру
713 Бағадан шегеру
72  Негiзгi емес қызметтен түсетін табыс
721 Материалды емес активтердiң шығуынан түсетін табыс
722 Негiзгi құралдардың шығуынан түсетін табыс
723 Инвестициялардың, қаржы инвестицияларының шығуынан түсетін табыс
724 Акциялар бойынша дивидендтер және сыйақы түрiндегi табыстар
725 Бағам айырмасынан түсетін табыс
726 Атқарушы өкiмет органдарының субсидиялары
727 Негiзгi емес қызметтен түсетін басқа да табыстар 

8 бөлiм. ШЫҒЫСТАР

80  Өткізілген дайын өнiмнiң (тауарлардың, жұмыстардың,
    қызметтердiң) өзiндiк құны
801 Өткізілген дайын өнiмнiң (тауарлардың, жұмыстардың,
    қызметтердiң) өзiндiк құны
81  Дайын өнiмдi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) өткізу
    шығыстары
811 Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) өткізу   
    шығыстары
82  Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар
821 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар
83  Сыйақы түріндегі шығыстар
831 Сыйақы түрiндегi шығыстар
84  Негiзгi емес қызмет бойынша шығыстар
841 Материалды емес активтердiң шығуы бойынша шығыстар
842 Негiзгi құралдардың шығуы бойынша шығыстар
843 Инвестициялардың, қаржы инвестицияларының шығуы бойынша шығыстар
844 Бағам айырма шығыстар
85  Корпоративтiк табыс салығы бойынша шығыстар
851 Корпоративтiк табыс салығы бойынша шығыстар
86  Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан
    түсетiн табыстар (шеккен залалдар)
861 Табиғат апатынан болған өтелмейтін залалдар
862 Табиғат апатынан түскен табыстар (шеккен залалдар)
863 Тоқтатылған операциялардан түскен табыстар (шеккен залалдар)
864 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын
    басқа да табыстар (шеккен залалдар)
87  Басқа ұйымдарға үлес қосудан түскен табыс (шеккен залал)
871 Басқа ұйымдарға үлес қосудан түскен табыс (шеккен залал)

9 бөлiм. ӨНДIРIСТIК ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ШОТТАРЫ

90  Негiзгi өндiрiс
900 Негiзгi өндiрiс
901 Материалдар
902 Өндiрiстегі жұмысшылардың еңбек ақысы
903 Еңбек ақыдан бөлiнетiн аударымдар
904 Үстеме шығыстар
91  Өзiнде өндiрiлген жартылай фабрикаттар
910 Өзiнде өндiрiлген жартылай фабрикаттар
911 Материалдар
912 Өндiрiстегі жұмысшылардың еңбек ақысы
913 Еңбек ақыдан бөлiнетiн аударымдар
914 Үстеме шығыстар
92  Қосалқы өндiрiстер
920 Қосалқы өндiрiстер
921 Материалдар
922 Жұмысшылардың еңбек ақысы
923 Еңбек ақыдан бөлiнетiн аударымдар
924 Үстеме шығыстар
93  Үстеме шығыстар
930 Үстеме шығыстар
931 Материалдар
932 Жұмысшылардың еңбек ақысы
933 Еңбек ақыдан бөлiнетiн аударымдар
934 Негізгі құралдарды жөндеу  
935 Негiзгi құралдардың тозуы және материалды емес активтердiң
    амортизациясы
936 Коммуналдық қызметтер
937 Жалгерлік төлем
938 Басқалар 

10 бөлiм. БАЛАНСТАН ТЫС ШОТТАР

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады