Қазақстан Республикасының Әділет министрлінде 2002 жылғы 2 қазанда N 1992 тіркелген "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18.09.2002ж. N 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2554. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007.05.07. N 185 бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.05.07. N  185  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 438  бұйрығымен  бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру үшін бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2002 ж. N 438  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 қазанда N 1992 тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 45-4, 729-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына:
      341-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "341 "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары";
      42-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "42 "Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша";
      423-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "423 "Карт-шоттардағы ақша";
      43-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша";
      431-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "431 "Ел ішінде шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша";
      432-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "432 "Шет елдегі шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік ақша";
      44-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "44 "Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша";
      441-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "441 "Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша";
      551-шоттың атауындағы "заңнамада" деген сөз "құрылтай құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      602-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы";.

      2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі Г.Н.Өзбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады