Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2003. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      9. "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2003 болып тіркелді, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланды, 2003 ж., № 8, 804-құжат).
      .........

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық Кодексi) сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлген Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Халықаралық салық салу басқармасы (С.Сарбасов) мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықты жiберсiн.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төрағасының
      орынбасары       
      2002 жылғы       

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің    
2002 жылғы 3 қазандағы  
N 469 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасымен жасалған қосарланған салықты
болдырмау және табыс пен капиталға (мүлiкке) салық
төлеуден жалтарудың алдын-алу жөнiндегi халықаралық
шарттарды әкiмшiлiктендiру ережелерi

      Ескерту: Ережелердің барлық мәтіні бойынша:
      "N 2 нысан бойынша" деген сөздер алынып тасталды;
      "заңнама актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) (бұдан әрi - Салық Кодексi) 194-бабына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасымен жасалған қосарланған салықты болдырмау және табыс пен капиталға (мүлiкке) салықтар төлеуден жалтарудың алдын-алу жөнiндегi халықаралық шарттарды (бұдан әрi - халықаралық шарттар) әкiмшiлiктендiру тәртiбiн көздейдi.
      Халықаралық шарттың ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттің бірінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүдделеріне халықаралық шарттың ережелерін пайдаланатын болса, ол резидентке Халықаралық шарттың ережелері қолданылмайды.
      Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

1. Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарға
салық салу мақсатында резидент емес - заңды
тұлғаның басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын
шегерiмге жатқызу әдiсi

       1. Резидент емес заңды тұлғада Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжат болған кезде Салық Кодексiнiң 195-бабына сәйкес егер тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен резидент емес - заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде халықаралық шарт ережелерiмен Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарына шегерiмге жол берiлсе, онда мұндай шығыстардың сомасы мынадай әдiстердiң бiрi бойынша айқындалады:
      1) шығыстарды теңбе-тең бөлу әдiсi;
      2) шегерiмге шығыстарды тiкелей (тура) жатқызу әдiсi.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      2. Резидент емес - заңды тұлға өздiгiнен шегерiмге көрсетiлген басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының жатқызу әдiстерiнiң бiреуiн таңдайды.

      3. Тұрақты мекемеге шегерiмдердi басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын жатқызудың таңдалған әдiсi (шығыстарды теңбе-тең бөлу әдiсi кезiнде пайдаланылатын есептiк көрсеткiштi есептеу тәртiбiн қоса) жыл сайын қолданылады және салық органымен келiсiм бойынша ғана өзгертiлуi мүмкін.

      4. Резидент емес заңды тұлға шегерімге жатқызылатын аталған шығыстардың сомаларын есептеу мақсатында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 желтоқсандағы  N 4498 болып тіркелген, "Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 637 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген, тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының салық органына берілетін 100.11 нысан бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияның 11-қосымшасын толтырады.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

2. Шығыстарды теңбе-тең бөлу әдiсi

       5. Салық Кодексiнiң 196-бабына сәйкес теңбе-тең бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылатын резидент емес - заңды тұлғаның басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы резидент емес - заңды тұлғаның осындай шығыстардың сомасы мен есептiк көрсеткiштiң туындысы ретiнде айқындалады.

      6. Есептік көрсеткіштер төмендегі тәсілдердің бірімен есептеледі:
      1) салық кезеңі үшін резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асырудан алынған жылдық жиынтық кірісі сомасының резидент емес заңды тұлғаның аталған салық кезеңі үшін тұтастай алғанда жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша айқындау:
      салық кезеңі үшін резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асырудан алынған жылдық жиынтық кірісі сомасының (К) резидент емес заңды тұлғаның аталған салық кезеңі үшін тұтастай алғанда жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі қорлардың (НҚ) бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның негізгі қорларының сондай салық кезеңі үшін тұтастай алғанда жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;
      салық кезеңінің соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс жасайтын персоналдың еңбегіне ақы төлеу (ЕТ) бойынша шығыстар сомаларының резидент емес заңды тұлғаның сондай салық кезеңі үшін тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарының жалпы сомасына қатынасы.
      Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:
      ОШ=(К + НҚ + ЕТ)/3.
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      7. Есептiк көрсеткiштi есептеудiң жоғарыда аталған тәсiлдерiнiң бiрiн резидент емес - заңды тұлға өздiгінен айқындайды.

      8. Есептiк жолмен айқындалған басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы растаушы құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекемеге шегерiмге жатады. Бұл ретте, осы құжаттардың негiзiнде резидент емес - заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiпте басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстары сомасының шегерiмiне қатысты түзетулер тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметi бойынша бұрын берiлген салық есептiлiгiн енгiзуге немесе ағымдағы салық кезеңiнде мұндай құжаттар жоқ болған жағдайда келесi салық кезеңiнде шегерiмге салық кезеңiнiң мұндай шығыстарын енгiзуге құқылы.

      9. Растаушы құжаттар:
      1) резидент емес заңды тұлға айқындайтын есептік көрсеткішке қарай:
      тұтастай алғанда жылдық жиынтық кірістің жалпы сомасы;
      тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарының жалпы сомасы;
      тұтастай алғанда негізгі қорлардың бастапқы және қалдық құндары;
      жеке-жеке таратып жазып, оның ішінде басқару және жалпыәкімшілік шығыстардың жалпы сомасын таратып жаза отырып шығыстардың жалпы сомасы ашылатын резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі;
      2) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиторлық қорытындысының (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыру кезінде, яғни егер ол резидент болып табылатын елдің заңнамалары бойынша қаржылық есептіліктің аудиті көзделсе) көшірмесі болып табылады.
      Сонымен қатар резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің бөлігі болып табылатын есеп саясаты беріледі, онда аталған шығыстарды шегерімге жатқызуға қолданылатын әдістің мазмұны ашылады.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      10. Теңбе-тең бөлуге жататын басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы қаржылық есептiлiкте көрсетiлмеген жағдайда, мұндай шығыстар Қазақстан Республикасындағы көздерден салық салынатын кiрiстi айқындау кезiнде резидент емеске шегерiмге қабылданбайды.

      11. Қазақстан Республикасындағы және салық төлеушiнiң резиденттiк елiндегi салық кезеңдерiнiң сәйкессiздiгi нәтижесiнде туындаған Қазақстан Республикасындағы шегерiмге жатқызылуы тиiс басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасын есептеу кезiнде пайдаланылатын көрсеткiштердi салыстыру мүмкiн емес жағдайда ТМСКТК және ССКТК тиiстi түзету коэффициенттерi қолданылады:
      ТМСКТК - тұрақты мекеме арқылы қызметтен Қазақстан Республикасындағы салық кезеңiнiң түзету коэффициентi;
      ССКТК - резиденттiк елiнде салық төлеушiнiң салық кезеңiнiң түзету коэффициентi.

      12. ТМСКТК Кодекстiң 196-бабының ережелерiне сәйкес есептiк көрсеткiштi есептеу үшiн аталған салық кезеңдерiнiң тең ұзақтығы кезiнде Қазақстан Республикасында және резиденттiк елiнде салық төлеушiнiң салық кезеңдерiнiң басы-соңы мерзiмдерiне сәйкес келтiру мақсатында енгiзiледi. ТМСКТК Қазақстан Республикасындағы салық төлеушiнiң салық кезеңi айларының жалпы санына базалық салық кезеңiнiң шегiне кiретiн Қазақстан Республикасындағы тиiстi салық кезеңiнiң айлар санының қатынасы ретiнде айқындалады.
      Осындай жолмен, резиденттiк елiндегi салық кезеңiне Қазақстан Республикасындағы салық кезеңiне сәйкес келтiру нәтижесiнде есептiк көрсеткiштi есептеу кезiнде пайдаланылатын тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызмет бойынша резидент еместiң көрсеткiштерi түзетуге жатады, қызмет бойынша көрсеткiштер тұтастай алғанда өзгерiссiз қалады. Бұл ретте, түзетуден кейiн тұрақты мекеме арқылы қызмет бойынша көрсеткiштер аталған көрсеткiштерге ТМСКТК қолданумен базалық салық кезеңiнiң шегiне кiретiн Қазақстан Республикасындағы салық кезеңiнiң көрсеткiштер сомасына немесе салық кезеңi үшiн көрсеткiштен тұрады.

      13. Салық Кодексiнiң 196-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы шегерiмге жатқызылатын резидент еместiң басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасын есептеу үшiн резиденттiк елiндегi және Қазақстан Республикасындағы салық төлеушiнiң салық кезеңдерiнiң ұзақтығына сәйкес келтiру мақсатында ССКТК енгiзiледi.
      CCKTK резиденттiк елiндегi салық төлеушiнiң салық кезеңi айларының жалпы санына базалық салық кезеңiнiң шегiне кiретiн резиденттiк елiндегi салық төлеушiнiң тиiстi салық кезеңiнiң айлар санына қатынасы ретiнде айқындалады. Базалық салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасындағы есептi салық кезеңi қабылданады.
      ССКТК пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасындағы салық кезеңiне резиденттік елiндегi салық кезеңiне сәйкес келтiру нәтижесiнде есептiк көрсеткiштi пайдалану кезiнде пайдаланылатын, тұтастай алғанда қызмет бойынша резидент еместiң көрсеткiштерi түзетуге жатады, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызмет бойынша көрсеткiштер өзгерiссiз қалады. Бұл ретте, түзетуден кейiн тұтастай алғанда, қызмет бойынша көрсеткiштер аталған көрсеткiштерге ССКТК қолданумен базалық салық кезеңiнiң шегiне кiретiн немесе резиденттiк елiндегi салық кезеңi үшiн көрсеткiштер сомасын немесе салық кезеңi үшiн көрсеткiштен тұрады.

      14. Резидент емес - заңды тұлға шет тiлiнде жасалған құжатты (тұтастай алғанда қызмет бойынша қаржы есептiлiгiнiң көшiрмесi) салық органына беруге құқылы. Резидент емес отыз жұмыс күні ішінде салық органының бiрiншi талап етуi бойынша олардың аудармасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте нотариус куәландырған мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде бередi.
      Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер мен толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

3. Шегерiмге шығыстарды тiкелей (тура) жатқызу әдiсi

      15. Салық кодексінің 197-бабына сәйкес резидент еместің басқару немесе жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісін пайдалану кезінде, егер мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсаты үшін тура анықталса және тікелей келтірілген болса, онда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің шегеріміне жатқызылады.
      Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      16. Көрсетiлген шығыстар растаушы құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекемеге шегерiмге жатады.

      17. Растаушы құжаттар болып мыналар табылады:
      1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен кiрiстер алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында резидент емес - заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттар;
      2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кiрiстер алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары резидент емес - заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттар көшiрмесi (Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер (шоттар, чектер және өзге де құжаттар) алу мақсатында резидент емес тұтынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi жеткiзуi - үшiншi тұлғалар мен резидент еместiң растаушы бухгалтерлiк құжаттары).
      Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      18. Тұрақты мекеме арқылы қызметi бойынша бухгалтерлiк есептiң бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерi мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жасалады.
      Шет тiлiнде жасалған резидент еместiң бастапқы құжаттары болуы кезiнде салық органы олардың мемлекеттiк немесе орыс тілiндегi аудармасын талап етуге құқылы. Салық органының бiрiншi талап етуi бойынша резидент емес отыз жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте нотариус куәландырған олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасын бередi.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

4. Шартты банк салымдары арқылы тұрақты мекеме құруға алып
келмейтiн Қазақстан Республикасындағы қызметтен
резидент еместердiң кiрiстерiнен табыс салығын төлеу

      Ескерту: 4-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      19. Салық Кодексiнiң 198-бабымен көзделген табыс салығын төлеу тәртiбi егер, өзге аталған баптармен өзге көзделмесе, Салық Кодексiнiң 199 - 202-1 баптарымен көзделген кiрiстердi қоспағанда, тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместiң халықаралық шарт ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған кiрiске қолданылады.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      20. Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер алушы мұндай резидент осы бөлiммен көзделген табыс салығын төлеу тәртiбiн қолдануға немесе қолданбауға құқылы.

      21. Осы бөлiмнiң ережелерiн қолданбау жағдайында салық агентi резидент емеске кiрiстердi төлеу кезiнде Салық кодексiнiң 179 - 181 -баптарымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуға және аударуға мiндеттi.

      22. Кіріс алатын резидент емес, салық агенті және салық агенті айқындаған резидент-банк (бұдан әрі - банк) салық агенті Салық кодексінің ережелеріне сәйкес резидент еместердің кірістерінен табыс салығын төлегенге дейін осы тараудың ережелерін ескере отырып шартқа қатысушылармен келісілген нысанда, үш данада шартты банк салымы туралы шарт жасасады. Салық кодексінің 181-бабымен айқындалатын төлем көзінен табыс салығын төлеу күніне шартты банк салымы туралы шарт болмаған жағдайда, салық агенті төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударады.
      Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      23. Салық агентi шартты банк салымы туралы шартқа қол қою күнiнен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде осындай шартты өз тiркеу орны бойынша салық органында тiркеуге мiндеттi, оның көшiрмесi осы салық органына берiледi. Одан басқа, шартты банк салымына табыс салығын аудару сәтiнен бастап екі жұмыс күнi iшiнде салық агентi аталған салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге мiндеттi.
      Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      24. Салық агентiн тiркеу орны бойынша салық органы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2672 болып тіркелген "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына (бұдан әрі - N 530 бұйрық) 19-қосымшаға сәйкес шартты банк салымы туралы шарттарды тiркеу журналын жүргiзедi.
      Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

       25. Салық агентiн тiркеу орны бойынша шартты банк салымы туралы шартты тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiн шартты банк салымы туралы жағдайлар ескерiле ме екендiгiн тексеру қажет.

      26. Салық Кодексiнiң 198-бабының ережелерi салық органында тiркелген шартты банк салымы туралы шарттарға ғана таралады. Бұл ретте, тiркеуге олардың шарттары осы бөлiмнiң ережелерiне қайшы келмейтiн шартты банк салымы туралы шарттар жатады.

      27. Резидент емеске кiрiстi төлеу сәтiнде салық агентi Салық кодексiнiң 180 -бабымен белгiленген ставка бойынша төлем көзiне табыс салығын ұстап қалуды жүргiзуге және Салық кодексiнiң 181 -бабымен белгiленген мерзiмде резидент еместiң пайдасына банкке шартты банк салымына ұстап қалынған салық сомасын аударуға мiндеттi.

      28. Қазақстан Республикасында жұмыстардың орындалуы (қызметтердің көрсетілуі) аяқталған бойда және халықаралық шарт талаптары орындалған ретте, сондай-ақ резидент еместің кірісінен табыс салығын бұрын ұсталынған табыс салығы сомасын қайтару мақсатында шартты банк салымына аударған жағдайда резидент емес салық агентінің тіркелген жері бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына (уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда) осы Ережелердің 13-тарауында белгіленген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен N 102.01 нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.
      Егер салық агенті уәкілетті мемлекеттік органға қатысты төменгі тұрған болып табылатын салық органында тіркелген жағдайда, өтініш аталған органға беріледі.
      Ескерту: 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      29. Салық органы өтiнiштi және қажетті құжаттарды осы Ережелердiң 14-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте мерзімнен кешіктірмей қарайды және төменде белгiленген тәртiпте резидент емеске және банкке хабарланатын өтiнiш бойынша шешiм қабылдайды.
      Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      30. Осы Ережелердiң 14-бөлiмiне сәйкес расталған тексерiспен өтiнiште көрсетiлген ақпараттың растығы жағдайында салық органы тиiстi халықаралық шарт ережелерiне сәйкес резидент емеске қайтаруға жататын салық сомасын қойып берiлген өтiнiштi куәландырады және куәландырылған өтiнiштi өтiнiш берушi - резидент емеске бередi.

      31. Резидент емес куәландырылған өтiнiштi салық органынан алып оны банкке бередi. Осындай жолмен ресiмделген және куәландырылған өтiнiштiң болуы ғана есептелген банк сыйақыларын және өтiнiште көрсетiлген және шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын резидент емес - өтiнiш берушiге аударуға қазақстандық банкке құқық бередi. Салық органы куәландырған өтiнiш жоқ болған кезде банк резидент еместiң немесе салық агентiнiң пайдасына шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын аударуға құқығы жоқ. Салық органы куәландырған резидент еместiң өтiнiшiнiң болуынсыз резидент еместiң немесе салық агентiнiң пайдасына шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын банктiң аударуы жағдайында банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

      32. Халықаралық шарт ережелерін резидент еместің дұрыс қолданбауы жағдайында салық органы резидент емеске дәлелді бас тартуды береді. Салық органының теріс шешімімен келіспеген кезде резидент емес салық органынан бас тартуды алу күнінен бастап тоқсан күнтізбелік күні ішінде осы Ережелердің 13-тарауында айқындалған қажетті құжаттар мен өтінішті қосып тиісті халықаралық шарт ережелерін қолданудың дұрыстығына қатысты мәселені қайта қарау туралы өтінішпен бірге уәкілетті мемлекеттік органға (қажет жағдайда, резиденттік елінің құзыретті органын тарта отырып) жүгінуге құқығы бар. Резидент емес бір уақытта оның шешіміне шағымдану туралы өтінішті куәландырудан бас тартқан салық органын хабарландырады.
      Ескерту: 32-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      33. Салық органының шешiмiне шағымдану туралы резидент еместен хабарламаның белгiленген мерзiмiнiң iшiнде алмаған жағдайда және өтiнiш бойынша халықаралық шарттың ережелерін қолдануға терiс шешiм қабылдау кезiнде терiс шешiмдi резидент еместiң алу күнiнен бастап тоқсан күнтізбелік күнiнiң аяқталуы бойынша салық органы банкке резидент емеске жолданған хат көшiрмесiнiң қосымшасымен мемлекеттiк бюджетке өтiнiште көрсетiлген салық сомасын аудару туралы инкассалық иелiк етудi жібереді. Салық органы инкассалық иелiк етумен банкке N 530 бұйрыққа 23-қосымшада белгіленген мемлекеттiк бюджетке оны аудару сәтiне дейiн салықты орналастыру сәтiнен бастап есептелген банк сыйақыларының сомасына қатысты сұрау салуды жібередi.
       Ескерту: 33-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      34. Банк осы тараудың 33-тармағында көрсетілген құжаттарды салық органынан алған күннен кейін бір операциялық күннен кешіктірмей шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударады және екі жұмыс күнінің ішінде салық органына уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 101.10 нысаны бойынша есептелген банк сыйақыларының сомасы туралы мәліметті жібереді.
      Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      35. Банк сыйақыларының сомасы туралы банктен мәлiмет алу сәтiнен бастап жұмыс күнiнiң iшiнде салық органы банкке мемлекеттiк бюджетке осындай сыйақылардың сомасын аудару туралы инкассалық иелiк етуге қояды.

      36. Банк осы бөлiмнiң 34-тармағымен белгiленген мерзiмде мемлекеттiк бюджетке банк сыйақыларының сомасын аударуға мiндеттi.

      37. Өндiрiп алынған салық сомасы Салық Кодексiмен көзделген резидент еместiң мемлекеттік бюджет алдындағы салық мiндеттемелерiн өтеу есебiне есепке алуға жатады.
      Ескерту: 37-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      38. Салық органы белгіленген мерзім ішінде туралы резидент еместен оның шешіміне уәкілетті мемлекеттік органда шағымдану туралы хабарламаны алған жағдайда банк сыйақылары мен салық сомасын аудару туралы инкассалық өкімді салық органы уәкілетті мемлекеттік органнан шешімді алғанға дейін қоймайды.
      Ескерту: 38-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      39. Резидент емес белгіленген мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға өтінішті қайта қарау және осы Ережелердің 14-тарауына сәйкес тексеріспен расталған өтініште көрсетілген ақпараттың растығын анықтау туралы жүгінген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік орган берілген өтінішті резидент емеске халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтарылуға жататын салық сомасын қоя отырып растайды және өтініш беруші - резидент емеске куәландырған өтінішті береді. Өтініштің көшірмесі уәкілетті мемлекеттік органмен, оның шешімімен қоса резидент еместің өтініш берген орны бойынша салық органына жіберіледі.
      Резидент емес уәкілетті мемлекеттік органнан куәландырылған өтінішті банкке береді. Банк осы тараудың 31-тармағымен белгіленген тәртіпте резидент емеске банк сыйақыларын және шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын аударады.
      Ескерту: 39-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      40. Халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң дұрыс қолданбауы нәтижесiнде туындаған терiс шешiмдi құзыреттi органның қабылдауы жағдайында уәкілетті мемлекеттік орган резидент емеске дәлелдi бас тартудың осындай шешiмiн қабылдау сәтiнен бастап жұмыс күнi iшiнде жiбередi, оның көшiрмесi резидент еместің өтініш беру орны бойынша салық органына жiберiледi.
      Ескерту: 40-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .      

      41. Халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң дұрыс қолданбауы туралы уәкілетті мемлекеттік органнан шешiмдi алу сәтiнен бастап жұмыс күнi iшiнде салық органы банкке осы бөлiмнiң 33-36-тармақтарымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджетке банк сыйақылары мен салық сомасын аудару туралы инкассалық иелiк етудi қояды.
      Ескерту: 41-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      42. Шартты банк салымдары ұлттық немесе шетел валютасында ашылуы мүмкiн.
      Шетел валютасында шартты банк салымын ашу жағдайында шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын аударуға салық органының инкассалық иелiк етуi Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығымен және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 28 желтоқсанда N 2106 болып тіркелген, "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысымен белгіленген тәртіпте айқындалған инкассалық иелiк етудi қою күнiне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада қойылады.
      Бұл ретте, мемлекеттiк бюджетке салық органының инкассалық иелiк етудi қою күнiне және мемлекеттiк бюджетке салықты аудару күнiне белгiленген Ұлттық Банкiнiң ресми бағамдары арасында туындайтын оң және терiс бағамдық айырма мен аударылатын табыс салығының сомасы төлемiн тағайындауды көрсете отырып мемлекеттiк бюджетке төлеу (аудару) сәтiне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада табыс салығының сомасы аударылады.
      Банк сыйақылары мемлекеттiк бюджетке орналастырылған табыс салығын аудару (төлеу) күнiне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада мемлекеттiк бюджетке төлеуге (аударуға) жатады.
      Ескерту: 42-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      43. Салық Кодексiнiң 198-бабындағы 14-тармаққа сәйкес резидент емес және салық агентi өтiнiш негiзiндегi резидент еместiң пайдасына шешiмдi салық органының қабылдауына дейiн шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасына иелiк етуге құқылы.

      44. Банк кiнәсi бойынша болған мемлекеттiк бюджетке ұстап қалынған табыс салығының сомасын уақтылы емес аудару және шартты банк салымы туралы шарт ережелерiн бұзған кезде банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

      45. Мемлекеттiк бюджетке шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын аудару бойынша мiндеттемелердi банктің орындауы мүмкiн болмаған жағдайда, мемлекеттiк бюджетке салықты уақтылы емес аударғаны үшiн банк сыйақылары мен айыппұл санкциялары, табыс салығын есептеу бойынша мiндеттеме салық агентiне жүктеледi.

      46. Шоттарында шартты банк салымдары орналастырылған банктер есепті тоқсан ішінде ақша қозғалысы болған кезде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей салық агенттерінің тіркелген жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 101.09 нысан бойынша есепті береді.
      Ескерту: 46-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      47. Салық органдары мемлекеттiк бюджетке шартты банк салымында орналастырылған табыс салығы сомасының уақтылы төленуi мен толықтығы үшiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
      1) шартты банк салымында орналастырылған;
      2) халықаралық шарттар ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;
      3) осы бөлiмнiң 46-тармағына сәйкес банк беретiн есеп беруге сәйкес мемлекеттік бюджетке аударылған табыс салығының сомасының есебiн жүзеге асыруға мiндеттi.
      Бұл ретте, салық органдары N 530 бұйрыққа 21-қосымшада белгіленген табыс салығының осындай сомасы есебiнiң ведомостын жүргiзуге мiндеттi.
      Ескерту: 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

  5. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы
көздерден алынған кірісінен төленген табыс салығын
мемлекеттік бюджеттен қайтару

      Ескерту: 5-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      48. Тиісті халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқығы бар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке төлеген жағдайда, мұндай резидент емес төленген табыс салығының сомасын Салық кодексінің 38-бабында белгіленген талап ескіру мерзімінің ішінде мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқылы. Резидент емес салық агентінің тіркелген орны бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған салық органына (уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда) осы Ережелердің 13-тарауында белгіленген тәртіппен, халықаралық шарт ережелерiн орындаған жағдайда өтініш береді.
      Резидент еместің Қазақстан Республикасында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындаудан алынған табысынан мемлекеттік бюджетке салық төленген жағдайда, резидент емес халықаралық шартты қолдануға өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындау аяқталғаннан кейін салық органына табыс етеді.
      Егер салық агенті уәкілетті мемлекеттік органға қатысты төмен тұрған органда тіркелген болса, өтініш аталған органға беріледі.
      Ескерту: 48-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      49. <*>
      Ескерту: 49-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен

      50. <*>
      Ескерту: 50-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      51. Салық органы осы Ережелердің 14-тарауында белгіленген тәртіпте және сол мерзімнен кеш емес өтінішті қарайды. Өтініште көрсетілген ақпараттың растығы жағдайында берілген өтінішті куәландырады, өтініш беруші - резидент емеске куәландырған өтінішті береді және Салық кодексінің 40-бабында белгіленген тәртіпте мемлекеттік бюджеттен өтініште көрсетілген табыс салығының сомасын қайтаруды жүргізеді.
      Ескерту: 51-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен

      52. Халықаралық шарттың ережелерін қолданудың дұрыс еместігі жағдайында салық органы резидент емеске дәлелді бас тартуды береді.
      Ескерту: 52-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      52-1. Салық органының теріс шешімімен келіспеген жағдайда резидент емес мұндай шешімді алған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күні ішінде немесе салық органының шешімі болмаған жағдайда белгіленген мерзім өткеннен кейін Салық кодексінің 203-бабына сәйкес қажетті құжаттар мен өтінішті қоса бере отырып, халықаралық шарт ережелерін қолданудың дұрыстығы туралы мәселені қайта қарау туралы өтінішпен уәкілетті мемлекеттік органға (қажеттілік жағдайында, резиденттік елінің құзыретті органын тарта отырып) жүгінуге құқылы.
      Ескерту: 52-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      53. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Ережелердiң 14-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте резидент еместiң өтiнiшiн қарайды және өтiнiште көрсетiлген ақпараттың дұрыстығы жағдайында халықаралық шарт ережелерiне сәйкес мемлекеттiк бюджеттен резидент емеске қайтаруға жататын салық сомасын қойып өтiнiштi куәландырады және куәландырылған өтiнiштi өтiнiш берушi - резидент емеске бередi.
      Ескерту: 53-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      54. Уәкілетті мемлекеттік органнан куәландырылған өтiнiштi алып резидент еместің өтініш беру орны бойынша салық органына оны резидент емес бередi, ол Салық кодексінің 40-бабында белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджеттен өтiнiште көрсетiлген салық сомасын қайтаруды жүргiзедi.
      Ескерту: 54-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      55. Уәкілетті мемлекеттік орган резидент еместің халықаралық шарт ережелерін қолдануының заңсыздығы туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган резидентке емеске осындай шешім қабылданған сәттен бастап жұмыс күні ішінде негізделген бас тарту жібереді, оның көшірмесі резидент еместің өтініш беру орны бойынша салық органына жіберіледі.
      Ескерту: 55-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .      

6. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құру жағдайында
халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн пайдаланудан
резидент емес - заңды тұлғалардың кiрiстерге салық салуға
қатысты халықаралық шарттар ережелерiн қолдану

       Ескерту: 6-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      56. Салық Кодексiнiң 199-баптың 1-тармағында сәйкес халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес - заңды тұлға алатын оның тарабының бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден кiрiстер егер, ол осындай қызметпен байланысты Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi бар болса, резиденттiктi растайтын құжат құжат негiзiнде халықаралық шарт ережелерiн қолдануға өтiнiштi берусiз салық салудан босатылуға жатады.
      203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттіктi растайтын құжат корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны беру кезiнде тiркеу орны бойынша салық органына берiледi.
      Ескерту: 56-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      57. Халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметтерiн көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы салық салудан босатылған), сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында көлiк немесе өзге де қызмет түрлерiн көрсетуден (Қазақстан Республикасындағы салық салуға жататын) резидент емес - заңды тұлғаның кiрiстердi алуы жағдайында ол бухгалтерлiк есепте осындай кiрiстердiң бөлшек есебiн жүргiзуге мiндеттi.
      Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда салық салынатын кiрiстiң жалпы сомасы халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын кiрiс сомасына азайтылады.
      Халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы салық салудан босатылуға жататын салық салынатын кiрiс сомасын айқындау үшiн 110.26 нысаны бойынша корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларацияға 26-қосымша толтырылады.
      Халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға жататын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн пайдаланудан салық салынатын кiрiс бухгалтерлiк есепте осындай шығыстар мен кiрiстердiң есебiн бөлшек жүргiзу негiзiнде есептелген осындай кiрiстердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметтерiн көрсетуден кiрiстер алу үшiн шегiлген шығыстар сомасы тiкелей және жанама әдiспен айқындалады.
      Тiкелей әдiс халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден және Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсетуден кiрiстердi алу үшiн шегiлген шығыстардың бөлшек есебiн бухгалтерлiк есепте жүргiзу негiзiнде тиiстi шығыстарды айқындауды қарайды.
      Жанама әдiс салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстердi алу үшiн резидент емес шеккен шығыстардың жалпы сомасы және үлестiң туындысы ретiнде аталған шығыстарды айқындауды көздейдi. Үлес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кiрiстердiң жалпы сомасына халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметтерiн көрсетуден кiрiстер сомасының қатынасы ретiнде айқындалады.
      Бұл ретте, салық төлеушi шығыстарды есептеудiң көрсетiлген әдiстерiнiң бiреуiн дербес таңдауға құқылы.
      Ескерту: 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .  

      58. Қазақстан Республикасының аумағын қозғамастан, тек қана Қазақстан Республикасынан тысқары көлiк қызметтерiн көрсетуден резидент емес - заңды тұлға алатын кiрiстер Салық Кодексiнiң 178-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер болып табылмайды және сәйкесiнше корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлмейдi.

      59. Мемлекеттiк бюджетке салықтарды төлемеуге немесе толық емес төлеуге алып келген, тиiстi халықаралық шарт ережелерiн дұрыс емес қолдану кезiнде салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

7. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме құрмастан
халықаралық тасымалдардағы көлiк құралдарын пайдаланудан
резидент еместiң кiрiстерге салық салуға қатысты
халықаралық шарттар ережелерiн қолдану

      Ескерту: 7-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      60. Салық кодексінің 199-бабының 2-тармағына сәйкес салық агенті резидент емеске тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдардағы резидент еместің тұрақты мекемесімен байланысты емес көлік құралдарын пайдаланудан кірістерді төлеу сәтіне егер мұндай резидент емес кірістерді түпкілікті алатын болып табылса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы болса, 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжат болған ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
      Ескерту: 60-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      60-1. Резидент еместің аталған кірістерін салық салудан босатуға қатысты тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолданатын салық агенті Салық кодексінің ережелерімен белгіленген тәртіппен өзінің тіркелген жері бойынша салық органына берілетін кірістер кімге төленетініне қарай халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірістердің және ұсталған (ұстаудан босатылған) салықтардың сомаларын, табыс салығының ставкасы мен халықаралық шарттың атауын көрсете отырып уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 101.06 немесе 201.01 нысаны бойынша Резидент еместің төлем көзінен ұсталатын табыс салығының есебін толтырады.
      Ескерту: 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      60-2. Салықты мемлекеттік бюджетке төлемеуге немесе жартылай төлемеуге әкеліп соқтырған, халықаралық шарттың ережелерін заңсыз қолданған ретте салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
      Ескерту: 60-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .     

  8. Халықаралық шарттың ережелерін резидент еместің
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
кірістерінің жекелеген түрлеріне
салық салуға қатысты қолдану

      Ескерту: 8-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

       61. Салық кодексінің 200-бабына сәйкес салық агенті резидент емеске кірістерді төлеу сәтіне, егер осындай резидент емес кірістердің түпкілікті алушысы болып табылса және осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы болса, резидент емес ұсынған Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжат негізінде тиісті халықаралық шартты дербес қолдануға құқылы.
      Резидент емес осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резидент еместігін растайтын құжатты табыс төленетін күннен кешіктірмей табыс еткен жағдайда, резидент еместің табыстарын шегерімге жатқызған кезде салық агентінің халықаралық шартта көзделген салықтың төмендетілген (нөлдік) ставкасын қолдануға да құқығы бар.
      Салық кодексінің көрсетілген бабында белгіленген халықаралық шарттардың ережелерін қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлеріне:
      дивидендтерге;
      сыйақылар (проценттер);
      роялти;
      сенімгерлік басқарғаны үшін комиссиялар және кастодиальдық қызмет көрсету;
      Салық кодексінің 178-бабының 2) тармағында көрсетілген тек Қазақстан Республикасының шегінен тыс қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;
      жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер негізгі құралдарды мақсаты бойынша пайдалану үшін оларды жұмыс істеу күйіне келтірумен (іске қосу-жөндеу, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) тікелей байланысты қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) негізгі құралдарды жеткізіп беруге арналған сыртқы сауда келісім-шартының шеңберінде және тиісті халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде орындалса, осындай көрсетілетін қызметтерден (жұмыстардан) түсетін табыстарға;
      күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге жасалған және осы резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындауға жасасқан өзге де келісім-шарттармен (жобалармен) байланысты емес қысқа мерзімді келісім-шарттар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін табыстарға; осы Кодекстің 178-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстің 198 - 201-1-баптарында , сондай-ақ осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.
      Ескерту: 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      62. Резидент еместің аталған кірістерін салық салудан босатуға қатысты тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолданатын салық агенті Салық кодексінде белгіленген тәртіппен өзінің тіркелген жері бойынша салық органына берілетін кірістер кімге төленетініне қарай халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірістердің және ұсталған (ұстаудан босатылған) салықтардың сомаларын, табыс салығының ставкалары мен халықаралық шарттың атауын көрсете отырып уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 101.06 немесе 201.01 нысаны бойынша Резидент еместің төлем көзінен ұсталатын табыс салығының есебін толтырады.
      Ескерту: 62-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      63. Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге алып келетiн халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбау кезiнде салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

9. Тұрақты мекеме арқылы қызметтен алынған таза
кiрiске салық салуға қатысты халықаралық шарттарды
қолдану тәртiбi

      Ескерту: 9-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

       64. Салық Кодексiнiң 201-бабына сәйкес резидент емес - заңды тұлға өз тiркеу орны бойынша салық органына резидент емес беретiн Корпорациялық табыс салығы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 100.00 нысаны бойынша декларацияға қоса берiлетiн 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарт ережелерiн қолдануға өтiнiштi берусiз тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған таза кiрiске салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқылы, егер мұндай резидент емес халықаралық шартты қолдануға құқылы болса.
      Ескерту: 64-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      65. Резидент емес - заңды тұлға оның негізiнде тиiстi салық ставкасы қолданылған халықаралық шарт атауы мен таза кiрiс сомасын, ставканы 100.29 нысаны бойынша Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларацияға 29-қосымшаны көрсетуге мiндеттi.
      Ескерту: 65-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      66. Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге алып келген халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбау кезiнде салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

10. Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент
емес алған өзге де кiрiстерге салық салуға қатысты
халықаралық шартты қолдану тәртiбi

      Ескерту: 10-тарау (67-73-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен

  11. Халықаралық шарттың ережелерін резидент емес жеке
тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістерін
салық салудан босатуға қатысты қолдану

      Ескерту: 11-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      74. Салық Кодексінің 201-1-бабының 1-тармағына сәйкес салық агенті резидент емес жеке тұлғаға кірістерді төлеу сәтіне, егер осындай резидент емес жеке тұлға кірістердің түпкілікті алушысы болып табылса және тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы болса, резидент емес жеке тұлға салық агентіне беретін резиденттікті растайтын құжат негізінде тиісті халықаралық шарттың ережелерін резидент емес жеке тұлғаның оны қолдануға өтініш беруінсіз қолдануға құқылы.
      Ескерту: 74-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      75. Салық агенті өзінің тіркелген жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 201.01 нысаны бойынша берілетін Резидент еместің төлем көзінен ұсталатын табыс салығының есебінде Салық кодексінің ережелерінде белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірістердің және ұсталған (ұстаудан босатылған) салықтардың сомаларын, табыс салығының ставкасы мен халықаралық шарттың атауын көрсетеді.
      Ескерту: 75-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      75-1. Салықты мемлекеттік бюджетке төлемеуге немесе жартылай төлемеуге әкеліп соқтырған, халықаралық шартты заңсыз қолданған ретте салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
      Ескерту: 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

11-1. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның
төлем көзінен салық салуға жатпайтын кірістерін
салық салудан босатуға қатысты қолдану

      Ескерту: 11-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .
      75-2. Төлем көзінен табыс салығы салынуға жатпайтын Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын резидент емес жеке тұлға тиісті халықаралық шарттың ережелерін мұндай шарттың талаптарын орындаған ретте қолдануға құқылы. Резидент емес жеке тұлға өзінің тіркелген жері бойынша салық органына Салық кодексінің 527-бабында белгіленген тіркелген күнінен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей немесе халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатылуға жататын Салық кодексінің 190-бабында көрсетілген кірісті алған ретте, Салық кодексінің  172-бабында белгіленген жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімінен кешіктірмей резиденттігін растайтын құжатты табыс етеді.

      75-3. Резидент емес жеке тұлғада Салық кодексінің 201-1-бабы 2-тармағында көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжат болмаған жағдайда, резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстары Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
      Тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінен мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент емес төлеген табыс салығын осы Ережелердің 5-тарауында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқылы.
      Ескерту: 75-3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

12. Шетелдiк тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжат

      76. Шетелдiк тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжат кiрiс алушы - шетелдiк тұлға Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасалған тиісті мемлекеттiң резидентi болып табылатын растау туралы оның резидентi болып табылатын шетел мемлекетiнiң құзыреттi органы куәландырған ресми құжаттан тұрады.
      Ескерту: 76-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      77. Шетел тұлғасының резиденттiгiн растайтын құжат осы Ережелердiң 78-тармағының 4)тармақшасымен белгiленген тәртiпте жариялануы тиiс. Осы Ережелердiң 78-тармағының 4)тармақшасына сәйкес дипломатиялық немесе консульдық жариялау жоқ болған жағдайда мұндай құжат жарамсыз болып табылады.

13. Халықаралық шарттың ережелерiн және резиденттікті
растайтын құжатты қолдануға өтiнiштi беру кезiндегi
жалпы талаптар

      Ескерту: Тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      78. Салық кодексінің 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, өтінішті салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:
      1) салық төлеуші өтінішпен бірге:
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелерін;
      резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттардың (құрылтай құжаттардың не сауда-саттық тізілімінен үзінді жазбаның) көшірмелерін;
      орындалған жұмыстар актісін және (немесе) резидент еместің әртүрлі жұмыстарды орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты;
      объектіні пайдалануға қабылдау актісін және (немесе) құрылыс жұмыстарын орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты;
      қызметтер көрсету фактісі мен мерзімін растайтын шотты, төлем құжатын; мүлікті (жабдықты) жалға беру фактісі мен мерзімін растайтын Қазақстан Республикасында мүлікті (жабдықты) қабылдап алу және жалға беру актісін;
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келісім-шарт (шарт, келісім) бойынша резидент емес өтініш берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасында резидент емес өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердің тізімін осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерін, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімін көрсете отырып табыс еткен;
      2) салық агенті:
      есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттарды:
      резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместің Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды аяқтауы туралы өтініштерінің көшірмелерін салық органының оларды қабылдағаны туралы белгілерімен қоса табыс еткен;
      3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушінің резиденттігі мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органы резидент емес салық төлеушінің резиденттігін (аталған өтініш бланкісінде немесе резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса тіркей отырып) растаған кезде қабылдайды. Бұл ретте осы баптың және Салық кодексінің 195 , 198 - 201-1 және 203-баптарының мақсаттары үшін тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттік еліндегі өзінің тіркелу деректері өзгерген жағдайда, көрсетілген баптарда белгіленген тәртіппен өзгерген деректерді ескере отырып, резиденттігін растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті;
      4) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі заңында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 шілдедегі N 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1350 болып тіркелген) бекітілген Консулдық заңдастыру Ережелерiнде белгіленген тәртіппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттігін (резиденттігін растайтын құжатты) растаған органның және резиденттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынған жағдайда шетелдік нотариустың мөрін дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
      Егер, өтiнiш берушi - шетелдiк тұлға 1961 жылғы 5 қазандағы шетелдiк ресми құжаттарды жариялау талабын жоятын Конвенцияға (бұдан әрi - Конвенция) қосылған ел резидентi болып табылған жағдайда, онда шетелдiк тұлға оның резиденттiгiн куәландырған шетелдiк мемлекеттiң құзыреттi орган қолы мен мөрiн жариялауға қатысты Конвенцияның ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына аталған Конвенцияның күшiне енуiнен кейiн осы Конвенцияның ережелерiн қолдануға құқылы.
      Ескерту: 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
 

      78-1. Салық кодексінің 195 , 199 - 201-1-баптарын қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжатты салық агенті (салық органы) осы баптың Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағында белгіленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.
      Салық төлеушінің резиденттігін растайтын Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін резидент емес салық төлеуші (салық агенті) Салық кодексінің 196, 199-201-1-баптарында көзделген салық есептілігінің тиісті нысанымен бір мезгілде салық есептілігінің тиісті нысаны ұсынылатын жердегі салық органына табыс етеді.
      Ескерту: 78-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      79. <*>
      Ескерту: 79-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

14. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға
өтiнiштi салық органының қарауы кезiндегi
жалпы талаптар

      80. Резидент еместiң өтiнiшiн қарайтын салық органы Салық кодексiнiң 38-бабы 1-тармағында белгiленген, қуыну мерзiмi өткен кезең үшiн кiрiс төлейтiн салық агентiне, өтiнiш берген резидент еместiң кiрiсiнен төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстау бойынша олардың салық мiндеттемелерiн орындау мәнiне тақырыптық салық тексеруiн жүргiзедi. Аталған тексерудi жүргiзу барысында салық органы мынадай мәселелердi анықтау мәнiне құжаттарды тексередi:
      1) берiлген келiсiм-шарттар бiртұтас жобамен байланысты емес пе, берiлген келiсiм-шарт бiр немесе байланысты жобалардың шегiнде басқа келiсiм-шартпен (келiсiм-шарттармен) байланысты емес пе;
      2) резидент резиденттерге бұрын қызмет көрсеттi ме, Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместiң қызметi тұрақты сипат ала ма;
      3) резидент емес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмады ма (бар ма);
      4) жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келiсiм-шарттармен көзделген мерзiмдерге жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындаудың нақты мерзiмдерi сәйкес келе ме (бұл мәселе Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды, қызмет көрсетулердi резидент емес - өтiнiш берушiнiң орындауы кезiнде қаралды ма);
      5) құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер тиiстi халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес келе ме;
      6) Салық Кодексiнiң ережелерiне сәйкес салық органдарында салық есебiне немесе салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш берушi - резидент еместер өттi ме;
      7) берiлген өтiнiштер дұрыс толтырылды ма;
      8) резиденттiктi растайтын өтiнiштерде немесе құжаттарда шетелдiк тұлғаның резиденттiгін куәландырған құзыреттi органның және шетел тұлғасының қолы мен мөрi қойылды ма;
      9) салық агенттерiн тiркеу орны бойынша салық органында шартты банк салымы туралы шарттар тiркелген бе (бұл мәселе мұндай шарттарды резидент еместiң жасауы кезiнде қаралады);
      10) оның қатысушыларымен шартты банк салымы туралы шарт жағдайы сақтала ма (бұл мәселе резидент еместiң осындай шартты жасауы кезiнде қаралады);
      11) өтінішке қоса берілетін құжаттардың растығы мен толықтығы.
      Ескерту: 80-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен , 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 бұйрығымен .

      81. Осы Ереженiң 80-тармағына сәйкес тақырыптық салық тексеруiн жүргiзу барысында алған ақпарат, резидент еместердiң өтiнiштерiн қарағанда талап етiлетiн, салық органдарының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының берген мәлiметтерiмен салыстырып тексерiлуi тиiс (мысалы, резидент еместiң қызметкерлерiнің келуi жөнiнде немесе жасасқан келiсiм-шарт немесе бiр немесе байламалы жобалар шеңберiндегi келiсiм-шарттар бойынша оның Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау үшiн басқа персоналды жалдағаны жөнiндегi мәлiметтер мен басқа да мәлiметтер.
      Ескерту: 81-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 бұйрығымен .

      82. Берiлген ақпараттың растығын тексергеннен кейiн және өтiнiш берушi - резидент шынында да халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы барлығына көз жеткiзіп салық органы резидент емеске қайтаруға жататын халықаралық шарт ережелерiне сәйкес салық сомасын берiлген өтiнiште қояды.
      Ескерту: 82-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      83. Салық органдары Салық Кодексiнiң 193-бабының ережелерiн, халықаралық шарттардың 10-12 баптарының ережелерiн орындау мақсатында немесе өзге қажеттi ақпаратты тексеру үшiн онымен халықаралық шарт жасалған резидентi болып табылатын өтiнiш берушi шетел мемлекетiнiң құзыреттi органына уәкілетті мемлекеттік орган арқылы қосымша ақпарат туралы сұрау салуға құқылы.
      Ескерту: 83-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .  

      84. Салық органы резидент еместің аталған өтінішін резидент емес Салық кодексінің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, өтінішті салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды, және өтініште көрсетілген ақпараттың дұрыс болған жағдайда, расталған өтінішті резидент емеске береді және Салық кодексінің 40-бабында көзделген тәртіпте мемлекеттік бюджеттен табыс салығының сомасын қайтару жүргізеді.
      Резидент емес талап етілетін құжаттарды тапсырмаған, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Ескерту: 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      84-1. Шетелдік мемлекеттің құзыретті органынан қосымша ақпарат қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган осындай сұратуды жіберуге міндетті. Жіберілген сұрату бойынша шетелдік мемлекеттің құзыретті органнан резидент еместің өтінішін қарау нәтижелеріне әсер ететін жауап алған жағдайда, салық органдары Салық кодексінің 38-бабында белгіленген талап ескіру мерзімінің ішінде өз шешімін қайта қарауға құқылы.
      Ескерту: 84-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .     

15. Қазақстан Республикасындағы ұстап қалынған және
төленген салық сомалары туралы анықтама

      85. Салық Кодексiнiң 204-бабына сәйкес резидент еместiң талабы бойынша салық органы 204.01 нысаны (осы Ережелерге 8-қосымша) бойынша ұстап қалынған және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кiрiстер сомалары туралы анықтаманы бередi.

      86. Салық органы 204.02 нысаны (осы Ережелерге 9-қосымша) бойынша тiркеу осындай анықтамалықтарды тiркеу журналын жүргiзедi.

16. Қазақстан Республикасындағы корпорациялық немесе
жеке табыс салығын төлеу кезiнде шетел мемлекетiндегi
көздерден алынған кiрiстерден шетел мемлекетiнде резидент
төлеген салықты есепке жатқызу

      Ескерту: 16-тараудың атауы өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .    

      87. Қазақстан Республикасындағы корпорациялық немесе жеке табыс салығын төлеу кезiнде резиденттер салықты төлеудi растайтын құжаттар болған кезде Салық Кодексiнiң 129-бабына сәйкес шетел мемлекетiндегi көздерден алынған кiрiстерден шетел мемлекетiнде төленген салықты есепке алуды (шегеру) жүргiзуге құқылы.
      Шетел мемлекетiнiң салық органы куәландырған төленген салықтар және шетел мемлекетiндегi көздерден алынған кiрiстер сомалары туралы анықтама осындай құжат болуы мүмкiн.

      88. Шетел мемлекетiндегi көздерден алынған кiрiстерден шетел мемлекетiнде төленген табыс салығын есепке алудың жалпы сомасын айқындау үшiн резидент 100.28 нысаны бойынша корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларацияға 28-қосымшаны толтырады.
      Ескерту: 88-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

17-бөлiм. Шетел мемлекетiндегi көздерден алынған
кiрiстерге салық салуға қатысты халықаралық шарт
ережелерiн резидент еместiң қолдану

       Ескерту: 17-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

      89. Шетел мемлекетiнде мүлiктi иеленушi немесе шетел мемлекетiндегi көздерден кiрiстердi алушы резидент шетел мемлекетiнiң салық заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Ережелердiң 1-3, 5-13-бөлiмдерiмен белгiленген тәртiпте осындай мүлiкке немесе кiрiстерге салық салуға қатысты халықаралық шарт ережесiн аталған мемлекетте қолдануға құқылы. Алайда, бұл жағдайда, резидент халықаралық шарт ережелерiн қолдану үшiн шетел мемлекетiнiң салық органына осы Ережелерге 10-Қосымшаға сәйкес N3 нысан бойынша резиденттiктi растайтын құжат немесе шетел мемлекетiнiң салық заңнамасымен белгiленген нысан бойынша өтiнiштi немесе өзге құжатты беруi тиiс.
      Резиденттiлiгiн растайтын, N 3 нысан бойынша құжатты фирмалық бланкіде салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған (мемлекеттік уәкілетті органды қоспағанда) салық органы бередi.
      Ескерту: 89-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      89-1. Қазақстан Республикасының резиденттiлiгiн растайтын, N 3 нысан бойынша құжатты алу үшiн резидент, Бұйрықпен бекiтiлген, 102.02 нысан бойынша салық резиденттiлiгiн растайтын құжатты алуға салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған (мемлекеттік уәкілетті органды қоспағанда) салық органына өтiнiш бередi.
      Бұл ретте төменде көрсетiлген салық төлеушiлер үшiн 102.02 нысан бойынша өтiнiшпен тапсыру үшiн қажеттi құжаттардың мына тiзбесi көзделген:
      1) тиiмдi басқару орны Қазақстан Республикасындағы резидент болып табылатын шет елдiк заңды тұлға үшiн, - заңды тұлғаның тиiмдi басқару орны Қазақстан Республикасында бар екендiгiн растайтын құжат (заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажеттi негiзгi басқаруды жүзеге асыру және стратегиялық коммерциялық шешiмдер қабылдау орнын көрсетумен құрылтайшылардың (акционерлердiң) жалпы жиналысының хаттамасы);
      2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы үшін:
      Қазақстан Республикасының жеке бас куәлiгiнің немесе төлқұжатының көшірмесі;
      3) резидент болып табылатын шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн:
      жеке бас куәлiгiнің немесе төлқұжатының көшірмесі;
      Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттарды (визаның мерзiмi, жұмыс уақытын есепке алу бойынша мәлiметтер және өзге де құжаттар).
      Ескерту: 89-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      90. Егер резидент кiрiстерге немесе мүлiкке салық салу бойынша шетел мемлекетiнiң iс-әрекетi тиiстi халықаралық шарт ережелерiне қайшы келедi деп санаса, ол шетел мемлекетiнiң iшкi заңнамасымен көзделген қорғау құралына қарамастан уәкілетті мемлекеттік органына немесе шетел мемлекетiнiң құзыреттi органына жүгiне алады.
      Ескерту: 90-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

18-тарау. Резидент еместің, егер резидент емес
заңды тұлғаның акциялары немесе активтері құнының
50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы
мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған
осындай акцияларды өткізу нәтижесінде алынған құн
өсімінен түскен табыстарға қатысты халықаралық
шарттардың ережелерін қолдануы

      Ескерту: 18-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 658 бұйрығымен .

      91. Резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың, егер резидент емес заңды тұлғаның акциялары немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған осындай акцияларды өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстары Қазақстан Республикасында 20 процент ставка бойынша салық салынуға жатады.
      Резидент емес салық төлеуші табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді және салық мүлігінің 50 процентін резидент емес заңды тұлғаның өткізілген акциялары немесе активтері құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша салық органына декларацияны міндетті түрде табыс етумен Салық кодексінде корпорациялық немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей төленуге жатады.

      92. Бұл ретте, резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалар мүлігінің 50 процентін резидент емес заңды тұлғаның өткізілген акциялары немесе активтері құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша салық төлеушілер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.     
 

      N 2 нысан          
Қазақстан Республикасымен жасалған
қосарлама салықты болдырмау және
кіріс пен капиталға (мүлікке) 
салықтар төлеуден жалтарудың  
алдын-алу жөніндегі халықаралық 
шарттарды әкімшіліктендіру   
ережелеріне 1-қосымша      

      Ескерту: 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

                                  Қазақстан Республикасымен жасалған
                                   қосарлама салықты болдырмау және
                                     кіріс пен капиталға (мүлікке) 
                                     салықтар төлеуден жалтарудың  
                                   алдын-алу жөніндегі халықаралық 
                                     шарттарды әкімшіліктендіру   
                                        ережелеріне 2-қосымша     

      Ескерту: 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

                                  Қазақстан Республикасымен жасалған
                                   қосарлама салықты болдырмау және
                                    кіріс пен капиталға (мүлікке) 
                                    салықтар төлеуден жалтарудың  
                                   алдын-алу жөніндегі халықаралық 
                                      шарттарды әкімшіліктендіру   
                                        ережелеріне 3-қосымша

       Ескерту: 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасымен жасалған
қосарлама салықты болдырмау және
кіріс пен капиталға (мүлікке) 
салықтар төлеуден жалтарудың  
алдын-алу жөніндегі халықаралық 
шарттарды әкімшіліктендіру   
ережелеріне 4-қосымша     

      Ескерту: 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

Қазақстан Республикасымен жасалған
қосарлама салықты болдырмау және
кіріс пен капиталға (мүлікке) 
салықтар төлеуден жалтарудың  
алдын-алу жөніндегі халықаралық 
шарттарды әкімшіліктендіру   
ережелеріне 5-қосымша     

      Ескерту: 5-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

                                   Қазақстан Республикасы жасасқан
                                    табыс пен капиталға (мүлiкке)
                                   салық төлеуден жалтарудың алдын
                                  алу және қосарланған салық салуды
                                   болдырмау жөнiндегі халықаралық
                                      шарттарды әкiмшiлiктендiру
                                         ережелерiне 6-қосымша

      Ескерту: 6-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасымен жасалған
қосарлама салықты болдырмау және
кіріс пен капиталға (мүлікке) 
салықтар төлеуден жалтарудың  
алдын-алу жөніндегі халықаралық
шарттарды әкімшіліктендіру  
ережелеріне 7-қосымша     

      Ескерту: 7-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен .

                                 Қазақстан Республикасымен жасалған
                                  қосарлама салықты болдырмау және
                                   кіріс пен капиталға (мүлікке)
                                   салықтар төлеуден жалтарудың
                                  алдын-алу жөніндегі халықаралық
                                     шарттарды әкімшіліктендіру
                                       ережелеріне 8-қосымша    

                                           204.01-нысаны      

______________________________________________ бойынша Салық органы

                       ____ жыл үшін
       Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
       кірістер және төленген салықтар сомасы туралы
                   ________ N АНЫҚТАМАЛЫҚ

      Резидент еместің толық атауы немесе резидент емес жеке тұлғаның аты-жөні___________________________________________________
____________________________________________________________________
      Резидент емес тіркелген ел____________________________________
                                                            ______
     Валюта коды                                            | |   |
____________________________________________________________________           Көрсеткіштер                                      Сома
____________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден салық салынатын
   кіріс есептелді, барлығы:
   оның ішінде:
   - тұрақты мекеме құрмастан қызметтен резидент емес - жеке
   тұлғалардың кірістері
   - тұрақты мекеме арқылы қызметтен резидент емес болып
   табылатын заңды немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісі
   - резидент емес - жеке тұлғаның өзге де кірістері
   - тұрақты мекеме арқылы қызметтен таза кіріс
2. Салықтар есептелді, барлығы:
   оның ішінде:
   - корпорациялық табыс салығы _________ %
                                 (ставка) 
   - жеке табыс салығы _________ %
                        (ставка)
   - таза кіріске салық _________ %
                         (ставка)
3. Қазақстан Республикасының бюджетіне салықтар төленді,
   барлығы:
   оның ішінде:
   - корпорациялық табыс салығы 
   - жеке табыс салығы 
   - таза кіріске салық 
____________________________________________________________________

      Салық органының
      басшысы                                  _____________________
                                                       (қолы)

      М.О.                                    " ___" ________ жыл  

                                 Қазақстан Республикасымен жасалған
                                  қосарлама салықты болдырмау және
                                   кіріс пен капиталға (мүлікке) 
                                   салықтар төлеуден жалтарудың  
                                  алдын-алу жөніндегі халықаралық 
                                    шарттарды әкімшіліктендіру   
                                       ережелеріне 9-қосымша     
                                           204.02 нысаны         

___________________________________
___________________________________ бойынша Салық комитеті   

        Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
       кірістер және төлеген салықтарының сомасы туралы
                  анықтамаларды тіркеу журналы

____________________________________________________________________
Р/с|Тіркеу|Тіркеу| Салық  | Салық   |Валюта|          Есептелді
N |күні  |нөмірі|төлеуші |төлеуші  | коды |________________________
   |      |      |- рези. |резидент.|      | Кіріс|  Салық   | Таза
   |      |      | дент   | тіктің  |      |      |салынатын | кіріс
   |      |      |еместің |  елі    |      |      |  кіріс   |
   |      |      | атауы  |         |      |      |          |
   |      |      |немесе  |         |      |      |          |
   |      |      |аты-жөні|         |      |      |          |
____________________________________________________________________
1    2      3       4         5       6      7         8       9
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
______________________________________
   Есептелді                |Салықтар |
____________________________| төленді |
Корпорациялық| Жеке  | Таза |         |
табыс салығы |табыс  |табыс |         |
             |салығы |салығы|         |
______________________________________
     10           11     12     13
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________

                                  Қазақстан Республикасы жасасқан
                                    табыс пен капиталға (мүлiкке)
                                   салық төлеуден жалтарудың алдын
                                  алу және қосарланған салық салуды
                                   болдырмау жөнiндегі халықаралық
                                      шарттарды әкiмшiлiктендiру
                                         ережелерiне 10-қосымша

      Ескерту: 10-қосымша жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 , 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

                                                      N 3-нысан  

                 Резиденттiлiк сертификаты

      Қазақстан Республикасының құзырлы органы ____________________
_______________________________________________ 200__________ жылғы
"___" _________ бастап ____________________ салық төлеушiнiң тiркеу
нөмiрiн (СТН) берумен Қазақстан Республикасының резидентi болып
табылатындығын растайды.
      Осы сертификат Қазақстан Республикасы мен ________ арасындағы
табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды
болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы
халықаралық келiсiмнiң ережелерiн қолдану үшiн берiлдi.
      Осы сертификат ____________ жылға берiлдi.

                                   Лауазымы _______________________
                                   Аты-жөнi _______________________
М.О.                               Қолы ___________________________
                                   Беру күнi 200_ жылғы "___"______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады