N 2003 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3003. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      16. "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 344 а бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3003 болып тіркелді, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы лоне өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында, 2004 ж., № 33-36, 986-құжат, "Ресми газет" газетінде 2004 жылғы 4 қыркүйектегі № 36 жарияланды).
      .........

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды (бұдан әрі - халықаралық шарттар) әкімшіліктендіру тәртібін жетілдіру мақсатында бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды (бұдан әрі - халықаралық шарттар) әкімшіліктендіру ережелеріне (бұдан әрі - Ережелер) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 11 қазанда N 2003 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жыл, N 8, 804-құжат, "Казахстанская правда" 2003 жылғы 12 сәуір, N 105-106 (24045-24046) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру Ережелерінде:

      1) Ережелердің барлық мәтіні бойынша:
      "N 2 нысан бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      "заңнама актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Резидент емес заңды тұлға шегерімге жатқызылатын аталған шығыстардың сомаларын есептеу мақсатында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 22 желтоқсанда N 2628 болып тіркелген, "Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 493 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген, тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының салық органына берілетін 100.11 нысан бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияның 11-қосымшасын толтырады.";

      3) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Есептік көрсеткіштер төмендегі тәсілдердің бірімен есептеледі:
      1) салық кезеңі үшін резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асырудан алынған жылдық жиынтық кірісі сомасының резидент емес заңды тұлғаның аталған салық кезеңі үшін тұтастай алғанда жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша айқындау:
      салық кезеңі үшін резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асырудан алынған жылдық жиынтық кірісі сомасының (К) резидент емес заңды тұлғаның аталған салық кезеңі үшін тұтастай алғанда жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі қорлардың (НҚ) бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның негізгі қорларының сондай салық кезеңі үшін тұтастай алғанда жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;
      салық кезеңінің соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс жасайтын персоналдың еңбегіне ақы төлеу (ЕТ) бойынша шығыстар сомаларының резидент емес заңды тұлғаның сондай салық кезеңі үшін тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарының жалпы сомасына қатынасы.
      Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:
      ОШ=(К + НҚ + ЕТ)/3.";

      4) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Растаушы құжаттар:
      1) резидент емес заңды тұлға айқындайтын есептік көрсеткішке қарай:
      тұтастай алғанда жылдық жиынтық кірістің жалпы сомасы;
      тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарының жалпы сомасы;
      тұтастай алғанда негізгі қорлардың бастапқы және қалдық құндары;
      жеке-жеке таратып жазып, оның ішінде басқару және жалпыәкімшілік шығыстардың жалпы сомасын таратып жаза отырып шығыстардың жалпы сомасы ашылатын резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі;
      2) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиторлық қорытындысының (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыру кезінде, яғни егер ол резидент болып табылатын елдің заңнамалары бойынша қаржылық есептіліктің аудиті көзделсе) көшірмесі болып табылады.
      Сонымен қатар резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің бөлігі болып табылатын есеп саясаты беріледі, онда аталған шығыстарды шегерімге жатқызуға қолданылатын әдістің мазмұны ашылады.";

      5) 14-тармақта:
      "резидент емес" деген сөздерден кейін "отыз жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын, "беруге міндетті" деген сөздер "береді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "олардың аудармасын" деген сөздерден кейін "30 жұмыс күні ішінде" деген сөздер алынып тасталсын;

      6) 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Салық кодексінің 197-бабына сәйкес резидент еместің басқару немесе жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісін пайдалану кезінде, егер мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсаты үшін тура анықталса және тікелей келтірілген болса, онда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің шегеріміне жатқызылады.";

      7) 17-тармақтың 2) тармақшасындағы "(шоттар, чектер))" деген сөздер "шоттар, чектер және өзге де құжаттар))" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 18-тармақта:
      "30" деген сан "отыз" деген сөзбен, "беруге міндетті" деген сөздер "береді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 4-тараудың атауындағы "төлеу тәртібі" деген сөздер "төлеу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 19-тармақтағы "202" деген сандар "201-1" деген сандармен ауыстырылсын;

      11) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Кіріс алатын резидент емес, салық агенті және салық агенті айқындаған резидент-банк (бұдан әрі - банк) салық агенті Салық кодексінің ережелеріне сәйкес резидент еместердің кірістерінен табыс салығын төлегенге дейін осы тараудың ережелерін ескере отырып шартқа қатысушылармен келісілген нысанда, үш данада шартты банк салымы туралы шарт жасасады. Салық кодексінің 181-бабымен айқындалатын төлем көзінен табыс салығын төлеу күніне шартты банк салымы туралы шарт болмаған жағдайда, салық агенті төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударады.";

      12) 23-тармақта:
      "10" саны "он" сөзімен ауыстырылсын;
      "2" саны "екі" сөзімен ауыстырылсын;

      13) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Қазақстан Республикасында жұмыстардың орындалуы (қызметтердің көрсетілуі) аяқталған бойда және халықаралық шарт талаптары орындалған ретте, сондай-ақ резидент еместің кірісінен табыс салығын бұрын ұсталынған табыс салығы сомасын қайтару мақсатында шартты банк салымына аударған жағдайда резидент емес салық агентінің тіркелген жері бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына (уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда) осы Ережелердің 13-тарауында белгіленген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен N 102.01 нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.
      Егер салық агенті уәкілетті мемлекеттік органға қатысты төменгі тұрған болып табылатын салық органында тіркелген жағдайда, өтініш аталған органға беріледі.";

      14) 29-тармақта "белгіленген" деген сөз "және белгіленген мерзімнен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. Халықаралық шарт ережелерін резидент еместің дұрыс қолданбауы жағдайында салық органы резидент емеске дәлелді бас тартуды береді. Салық органының теріс шешімімен келіспеген кезде резидент емес салық органынан бас тартуды алу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Ережелердің 13-тарауында айқындалған қажетті құжаттар мен өтінішті қосып тиісті халықаралық шарт ережелерін қолданудың дұрыстығына қатысты мәселені қайта қарау туралы өтінішпен бірге уәкілетті мемлекеттік органға (қажет жағдайда, резиденттік елінің құзыретті органын тарта отырып) жүгінуге құқығы бар. Резидент емес бір уақытта оның шешіміне шағымдану туралы өтінішті куәландырудан бас тартқан салық органын хабарландырады.
      Салық кодексінде айқындалған уәкілетті мемлекеттік орган халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру мақсатында Қазақстан Республикасының құзыретті органы болып табылады.";

      16) 33-тармақта:
      "10" саны "он" сөзімен ауыстырылсын;
      "теріс шешім қабылдау кезінде" деген сөздердің алды "халықаралық шарттың ережелерін қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Банк осы тараудың 33-тармағында көрсетілген құжаттарды салық органынан алған күннен кейін бір операциялық күннен кешіктірмей шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударады және екі жұмыс күнінің ішінде салық органына уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 101.10 нысаны бойынша есептелген банк сыйақыларының сомасы туралы мәліметті жібереді.";

      18) 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38. Салық органы белгіленген мерзім ішінде туралы резидент еместен оның шешіміне уәкілетті мемлекеттік органда шағымдану туралы хабарламаны алған жағдайда банк сыйақылары мен салық сомасын аудару туралы инкассалық өкімді салық органы уәкілетті мемлекеттік органнан шешімді алғанға дейін қоймайды.";

      19) 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "39. Резидент емес белгіленген мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға өтінішті қайта қарау және осы Ережелердің 14-тарауына сәйкес тексеріспен расталған өтініште көрсетілген ақпараттың растығын анықтау туралы жүгінген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік орган берілген өтінішті резидент емеске халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтарылуға жататын салық сомасын қоя отырып растайды және өтініш беруші - резидент емеске куәландырған өтінішті береді. Өтініштің көшірмесі уәкілетті мемлекеттік органмен, оның шешімімен қоса резидент еместің өтініш берген орны бойынша салық органына жіберіледі.
      Резидент емес уәкілетті мемлекеттік органнан куәландырылған өтінішті банкке береді. Банк осы тараудың 31-тармағымен белгіленген тәртіпте резидент емеске банк сыйақыларын және шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын аударады.";

      20) 40-тармақта:
      "құзыретті" деген сөз "уәкілетті мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салық агентін тіркеу" деген сөздер "резидент еместің өтініш беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 41-тармақта:
      "35-38" сандары "33-36" сандарымен ауыстырылсын;
      "құзыретті" деген сөз "уәкілетті мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 42-тармақта:
      екінші және төртінші абзацтарда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы" деген сөздер "валюта айырбастаудың нарықтық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "инкассалық өкім" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығымен және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 28 желтоқсанда N 2106 болып тіркелген, "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысымен белгіленген тәртіпте айқындалған" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы" деген сөздер "валюта айырбастаудың нарықтық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. Шоттарында шартты банк салымдары орналастырылған банктер тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей салық агенттерінің тіркелген жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 101.09 нысан бойынша есепті береді.";

      24) 5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен төленген табыс салығын мемлекеттік бюджеттен қайтару";

      25) 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Тиісті халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқығы бар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке төлеген жағдайда, мұндай резидент емес төленген табыс салығының сомасын Салық кодексінің 38-бабында белгіленген талап ескіру мерзімінің ішінде мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқылы. Резидент емес салық агентінің тіркелген орны бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған салық органына (уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда) осы Ережелердің 13-тарауында белгіленген тәртіппен өтініш береді.
      Егер салық агенті уәкілетті мемлекеттік органға қатысты төмен тұрған органда тіркелген болса, өтініш аталған органға беріледі.";

      26) 49-50-тармақтар алынып тасталсын;

      27) 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Салық органы осы Ережелердің 14-тарауында белгіленген тәртіпте және сол мерзімнен кеш емес өтінішті қарайды. Өтініште көрсетілген ақпараттың растығы жағдайында берілген өтінішті куәландырады, өтініш беруші - резидент емеске куәландырған өтінішті береді және Салық кодексінің 40-бабында белгіленген тәртіпте мемлекеттік бюджеттен өтініште көрсетілген табыс салығының сомасын қайтаруды жүргізеді.";

      28) 52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "52. Халықаралық шарттың ережелерін қолданудың дұрыс еместігі жағдайында салық органы резидент емеске дәлелді бас тартуды береді.";

      29) мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
      "52-1. Салық органының теріс шешімімен келіспеген жағдайда резидент емес мұндай шешімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе салық органының шешімі болмаған жағдайда белгіленген мерзім өткеннен кейін қажетті құжаттар мен өтінішті қоса бере отырып, халықаралық шарт ережелерін қолданудың дұрыстығы туралы мәселені қайта қарау туралы өтінішпен осы Ережелердің 32-тармағында айқындалған уәкілетті мемлекеттік органға (қажеттілік жағдайында, резиденттік елінің құзыретті органын тарта отырып) жүгінуге құқылы.";

      30) 53-тармақта:
      "Құзыретті" деген сөз "Уәкілетті мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 54-тармақта:
      "Құзыретті" деген сөз "Уәкілетті мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "резидент емес салық агентін тіркеу" деген сөздер "резидент еместің өтініш беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Салық кодексімен" деген сөздер "Салық кодексінің 40-бабында " деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкілетті мемлекеттік орган резидент еместің халықаралық шарт ережелерін қолдануының заңсыздығы туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган резидентке емеске осындай шешім қабылданған сәттен бастап жұмыс күні ішінде негізделген бас тарту жібереді, оның көшірмесі резидент еместің өтініш беру орны бойынша салық органына жіберіледі.";

      33) 6, 7, 9, 11 және 17-тараулардың атауындағы "қолдану тәртібі" деген сөздер "қолдану" деген сөзбен ауыстырылсын;

      34) 56-тармақта "199-бапта" деген сөздер " 199-баптың 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын";

      35) 57-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 18 қыркүйектегі N 1306 бұйрығымен бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын;

      36) 60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "60. Салық кодексінің 199-бабының 2-тармағына сәйкес салық агенті резидент емеске тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдардағы резидент еместің тұрақты мекемесімен байланысты емес көлік құралдарын пайдаланудан кірістерді төлеу сәтіне егер мұндай резидент емес кірістерді түпкілікті алатын болып табылса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы болса, резиденттігін растайтын құжат болған ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.";

      37) мынадай мазмұндағы 60-1 және 60-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "60-1. Резидент еместің аталған кірістерін салық салудан босатуға қатысты тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолданатын салық агенті Салық кодексінің ережелерімен белгіленген тәртіппен өзінің тіркелген жері бойынша салық органына берілетін кірістер кімге төленетініне қарай халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірістердің және ұсталған (ұстаудан босатылған) салықтардың сомаларын, табыс салығының ставкасы мен халықаралық шарттың атауын көрсете отырып уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 101.06 немесе 201.01 нысаны бойынша Резидент еместің төлем көзінен ұсталатын табыс салығының есебін толтырады.
      60-2. Салықты мемлекеттік бюджетке төлемеуге немесе жартылай төлемеуге әкеліп соқтырған, халықаралық шарттың ережелерін заңсыз қолданған ретте салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.";

      38) 8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Халықаралық шарттың ережелерін резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінің жекелеген түрлеріне салық салуға қатысты қолдану";

      39) 61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "61. Салық кодексінің 200-бабына сәйкес салық агенті резидент емеске кірістерді төлеу сәтіне, егер осындай резидент емес кірістердің түпкілікті алушысы болып табылса және тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы болса, резиденттікті растайтын құжат негізінде тиісті халықаралық шарттың ережелерін резидент еместің оны қолдануға өтініш беруінсіз қолдануға құқылы.
      Осы тарауда белгіленген халықаралық шарттарды қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінің мынадай түрлеріне салық салуға қатысты қолданылады:
      1) дивидендтер;
      2) сыйақылар (проценттер);
      3) роялти;
      4) сенімгерлік басқарғаны үшін комиссиялар және кастодиальдық қызмет көрсету;
      5) осы резидент еместер Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындайтын келісім-шарттармен (жобалармен) байланысты емес Салық кодексінің 178-бабының 2) тармағында көрсетілген тек Қазақстан Республикасының шегінен тыс қызмет көрсетулерден кірістер;
      6) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатылуға жататын, Салық кодексінде халықаралық шарттарды қолдану жөніндегі рәсімдер белгіленбеген өзге де кірістер.";

      40) 62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "62. Резидент еместің аталған кірістерін салық салудан босатуға қатысты тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолданатын салық агенті Салық кодексінде белгіленген тәртіппен өзінің тіркелген жері бойынша салық органына берілетін кірістер кімге төленетініне қарай халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірістердің және ұсталған (ұстаудан босатылған) салықтардың сомаларын, табыс салығының ставкалары мен халықаралық шарттың атауын көрсете отырып уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 101.06 немесе 201.01 нысаны бойынша Резидент еместің төлем көзінен ұсталатын табыс салығының есебін толтырады.";

      41) 64-тармақта:
      "салық" деген сөзден кейін "уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 100.00 нысаны бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "таза кірісті түпкілікті алушы болып табылады" деген сөздер "халықаралық шартты қолдануға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 65-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 18 қыркүйектегі N 1306" деген сөздер алынып тасталсын;

      43) 10-тарау алынып тасталсын;

      44) 11-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын;
      "11. Халықаралық шарттың ережелерін резидент емес жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістерін салық салудан босатуға қатысты қолдану";

      45) 74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "74. Салық Кодексінің 201-1-бабының 1-тармағына сәйкес салық агенті резидент емес жеке тұлғаға кірістерді төлеу сәтіне, егер осындай резидент емес жеке тұлға кірістердің түпкілікті алушысы болып табылса және тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы болса, резидент емес жеке тұлға салық агентіне беретін резиденттікті растайтын құжат негізінде тиісті халықаралық шарттың ережелерін резидент емес жеке тұлғаның оны қолдануға өтініш беруінсіз қолдануға құқылы.";

      46) 75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "75. Салық агенті өзінің тіркелген жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген 201.01 нысаны бойынша берілетін Резидент еместің төлем көзінен ұсталатын табыс салығының есебінде Салық кодексінің ережелерінде белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірістердің және ұсталған (ұстаудан босатылған) салықтардың сомаларын, табыс салығының ставкасы мен халықаралық шарттың атауын көрсетеді.";

      47) мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
      "75-1. Салықты мемлекеттік бюджетке төлемеуге немесе жартылай төлемеуге әкеліп соқтырған, халықаралық шартты заңсыз қолданған ретте салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.";

      48) мынадай мазмұндағы 11-1-тараумен толықтырылсын:
      "11-1. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жатпайтын кірістерін салық салудан босатуға қатысты қолдану
      75-2. Төлем көзінен табыс салығы салынуға жатпайтын Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын резидент емес жеке тұлға тиісті халықаралық шарттың ережелерін мұндай шарттың талаптарын орындаған ретте қолдануға құқылы. Резидент емес жеке тұлға өзінің тіркелген жері бойынша салық органына Салық кодексінің 527-бабында белгіленген тіркелген күнінен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей немесе халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатылуға жататын Салық кодексінің 190-бабында көрсетілген кірісті алған ретте, Салық кодексінің  172-бабында белгіленген жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімінен кешіктірмей резиденттігін растайтын құжатты табыс етеді.

      75-3. Резидент емес жеке тұлға салық органына осы тараудың 75-2-тармағында көрсетілген мерзім ішінде резиденттігін растайтын құжатты табыс етпеген ретте резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістеріне Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салынады.
      Тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінен мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент емес төлеген табыс салығын осы Ережелердің 5-тарауында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқылы.";

      49) 76-тармақтағы "осындай" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      50) 78-тармақта:
      "N 2 нысан бойынша өтінішті" деген сөздер "Салық кодексінің 198 немесе 198-1-бабы қолданылған жағдайда өтінішті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өтінішпен қоса:
      жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) немесе өзге мақсаттарға келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелері;
      жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындау кезінде - резидент емес - заңды тұлғалардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) көрсете отырып құжаттарының (құрылтай құжаттарының немесе сауда тізілімінен үзінді көшірме) көшірмелері;
      резидент емес әр түрлі жұмыстарды орындаған ретте орындалған жұмыстар актісінің (-лерінің), құрылыс жұмыстарын орындау кезінде объектіні пайдалануға қабылдау актісі (-лерінің), Қазақстан Республикасында орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін кіріс алғанын растайтын шоттың немесе төлем құжатының көшірмелері берілгенде";
      3) тармақшаның екінші абзацында "тиісті нысанның халықаралық шартының ережелерін қолдануға" деген сөздер алынып тасталсын;

      51) 79-тармақ алынып тасталсын;

      52) 80-тармақта "N 1 немесе N 2 нысан бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11) тармақпен толықтырылсын:
      "11) өтінішке қоса берілетін құжаттардың растығы мен толықтығы.";

      53) 81-тармақта "Қаржы министрлігінің Салық комитетінде" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      54) 82-тармақта:
      "төлеуден немесе қайтарудан босатылуға" деген сөздер "резидент емеске қайтаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      55) 83-тармақта "Қазақстан Республикасының құзыретті органы" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      56) 84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "84. Резидент еместің өтінішін салық органы оны тиісті құжаттардың толық пакетімен салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.";

      57) мынадай мазмұндағы 84-1-тармақпен толықтырылсын:
      "84-1. Шетелдік мемлекеттің құзыретті органынан қосымша ақпарат қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган осындай сұратуды жіберуге міндетті. Жіберілген сұрату бойынша шетелдік мемлекеттің құзыретті органнан резидент еместің өтінішін қарау нәтижелеріне әсер ететін жауап алған жағдайда, салық органдары Салық кодексінің 38-бабында белгіленген талап ескіру мерзімінің ішінде өз шешімін қайта қарауға құқылы.";

      58) 16-тараудың атауындағы "есепке алу тәртібі" деген сөздер "есепке жатқызу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      59) 88-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 18 қыркүйектегі N 1306" деген сөздер алынып тасталсын;

      60) 90-тармақта "Қазақстан Республикасының құзыретті органына" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      61) Ережелердің 10-қосымшасында "жасалған" деген сөз "жасаған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      62) Ережелердің 1, 4, 5, 7-қосымшалары алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Халықаралық салық салу басқармасы (М. Жексембин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің Төрағасы

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкі
      Төрағасының орынбасары
      12 шілдедегі 2004 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады