"Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 658 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4495 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      23. "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 658 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4495 болып тіркелді, "Заң газеті"
газетінде 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 5, "Ресми газет" газетінде 2007 жылғы 20 қаңтардағы № 3 жарияланды).
      .........

      Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 11 қазанда N 2003 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 8, 804-құжат, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 13 тамызда N 3003 болып тіркелген және "Официальная газета" газетінде N 36 (193) жарияланған" Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен және Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 16 наурызда N 4122 болып тіркелген және 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 61-62 (1041-1042) "Заң газетінде" жарияланған "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Қазақстан Республикасымен жасалған қосарланған салықты болдырмау және табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын-алу жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережелерiнде:
      мынадай редакциядағы 18-тараумен толықтырылсын:
      "18-тарау. Резидент еместің, егер резидент емес заңды тұлғаның акциялары немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған осындай акцияларды өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстарға қатысты халықаралық шарттардың ережелерін қолдануы

      91. Резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың, егер резидент емес заңды тұлғаның акциялары немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған осындай акцияларды өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстары Қазақстан Республикасында 20 процент ставка бойынша салық салынуға жатады.
      Резидент емес салық төлеуші табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді және салық мүлігінің 50 процентін резидент емес заңды тұлғаның өткізілген акциялары немесе активтері құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша салық органына декларацияны міндетті түрде табыс етумен Салық кодексінде корпорациялық немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей төленуге жатады.

      92. Бұл ретте, резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалар мүлігінің 50 процентін резидент емес заңды тұлғаның өткізілген акциялары немесе активтері құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша салық төлеушілер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Мамандандырылған бөлімі (Е.Д.Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Ә.Смағұлова) осы бұйрықты ресми жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады