Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 73-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2006. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 571 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.07.2013 № 571 бұйрығымен.

      Арнайы рұқсаттар мен олардың түбiршектерiнде көрсетiлген iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомаларының сәйкес келмеуiнiң орын алған жағдайларының алдын алу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Арнайы рұқсаттарға нөмiрлерi бойынша сәйкес келетiн бақылау талондары Қазақстан Республикасының жолдары бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттардың ажырамас бөлiгi болып саналсын.
      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жолдары бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттарға бақылау талондарының бланкiлерiн толтыру және беру тәртiбi бекiтiлсiн.
      3. "Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы" Көлiктiк бақылау комитетiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N№56-п бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
      4. Автомобиль көлiгiнде және автожолдарда бақылау басқармасы (Қ.Н.Омаров) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары М.Х.Бектеповке жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап қолданысқа енедi, таныстыру мен таратуға жатады.

    Комитет төрағасы

Көліктік бақылау комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қыркүйектегі     
N 73-п бұйрығымен бекітілген     

Қазақстан Республикасының жолдары бойынша
ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік
құралдарының жол жүруіне арнайы рұқсаттарға
бақылау талондарының бланкілерін толтыру
және беру тәртібі

     Арнайы рұқсатқа және арнайы рұқсаттың түбіршегіне бақылау талоны, нөмірі бойынша сәйкес келетін арнайы рұқсаттың және арнайы рұқсаттың түбіршегінің ажырамас және міндетті бөлігі болып табылады.
      Бақылау талондары біркелкі сиямен толтырылады, не компьютерде басылады және Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруіне арнайы рұқсат беруге құзыреті бар аумақтық көліктік бақылау басқармаларының лауазымды тұлғалары береді.
      Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдар сомасы графасында нөмірі бойынша сәйкес келетін арнайы рұқсаттың алымдар сомасына іспеттес сома көрсетіледі.
      Арнайы рұқсатты алдым графасында арнайы рұқсатты алған тасымалдаушының фамилиясы, аты, тегі көрсетіледі және оның қолы қойылады.
      Цифрлы кесте бойынша Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдардың аталған сомасы қиылып алынады, бұл ретте, қиылған сомаларда қателерді жіберуге болмайды.
      Арнайы рұқсатқа бақылау талонының жоғарғы бөлігі, алымдардың қиылған сомасымен қоса, тасымалдаушыға арнайы рұқсатпен бірге беріледі, ал алымдар сомасының қалдық көрсеткіштері бар төменгі бөлігі арнайы рұқсаттың түбіршегімен бірге, басқарманың бухгалтериясына тапсырылады.
      Арнайы рұқсатқа және арнайы рұқсаттың түбіршегіне бақылау талонының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдар сомасын толтыру және қиюдың мысалы қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасының жолдары бойынша         N________
ірі көлемді және ауыр салмақты                    АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
көлік құралдарының қозғалуына                     БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
 
  Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруі үшін алынатын алым сомасы

жиырма алты мың алты жүз жетпіс теңге.
--------------------------------------                                       (жазбаша)
_________________________________________________________________

      Ескерту: Осы бақылау талоны тиісті Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалуына арнайы рұқсаттың міндетті қосымшасы болып табылады

                                                            Теңге
__________________________________________________________________
                       10000    1000     100     10
                       20000    2000     200     20
                       ________ 3000     300     30
Жоғарғы жағы тасымалдаушыға     4000     400     40
арнайы рұқсатпен бірге          5000     500     50
        беріледі                6000     600     60
                                _______________  70
                                                 ___
_________________________________________________________________
 
    1000000     100000               Төменгі жағы арнайы      1
  2000000     200000              рұқсаттың түбіртегімен    2
  3000000     300000     30000      бірге тапсырылады       3
  4000000     400000     40000                              4
  5000000     500000     50000                              5
  6000000     600000     60000 ________________             6
  7000000     700000     70000    7000    700   _________   7
  8000000     800000     80000    8000    800     80        8
  9000000     900000     90000    9000    900     90        9
------------------------------------------------------------------


    Қазақстан Республикасының жолдары бойынша         N________
ірі көлемді және ауыр салмақты                    АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
көлік құралдарының қозғалуына                     ТҮБІРТЕГІНЕ
                                                  БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
 
  Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруі үшін алынатын алым сомасы
 
жиырма алты мың алты жүз жетпіс теңге.
--------------------------------------
         (жазбаша)
 
  _________________________________________________________________

Арнайы рұқсатты алдым:___________________________________________
                         (күні, тасымалдаушының тегі, аты-жөні)

      Ескерту: Осы бақылау талоны тиісті Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалуына арнайы рұқсаттың түбіртегіне міндетті қосымша болып табылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады