Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 571 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Задорожный А.В.) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің    
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 571 бұйрығына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің күші жойылды деп танылатын бұйрықтарының тізбесі

      1) «Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 73-п бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2006 болып тіркелді);
      2) «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 130, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 08-1/64, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 50-І, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 52-ө бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3508 болып тіркелді);
      3) «Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2005 жылғы 4 наурыздағы № 114-І бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3586 болып тіркелді);
      4) «№ 3294 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-І бұйрығымен бекітілген Тасымалдаушылардың жүктерді тасымалдау ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 129-І бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3562 болып тіркелді);
      5) «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 42, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 331, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 290-п бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4555 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады