"Емдiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметтердi лицензиялау Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 761 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 858 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2020. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 № 310 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 маусымдағы N 621 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Емдiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметтердi лицензиялау Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы N 761 бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Дәрiханалық ұйымдары жоқ елдi мекендерде орналасқан фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы дәрiлiк заттарды сату Ережесi (10-қосымша)";
      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

     Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрiнiң
2002 жылғы 16 қыркүйектегі
N 858 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi
агенттiгi төрағасының    
бұйрығына 10-қосымша    

Дәрiлiк заттарды дәрiханалық ұйымдары жоқ елдi мекендерде орналасқан фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы сату
Ережесi

      1. Дәрiханалық ұйымдары жоқ шалғайдағы елдi мекендерде тұратын халықтың дәрiлiк заттарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында дәрi-дәрмек құралдарын сату "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 маусымдағы N 621 қаулысына сәйкес Фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы жүзеге асырылады.

      2. Дәрiлiк заттарды фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы сатуды ұйымдастыру жауапкершiлiгi аудандық денсаулық сақтау бөлiмдерi мен облыстық денсаулық сақтау басқармаларына (департаменттерiне) жүктеледi.

      3. Дәрілiк заттарды фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы сатуды ұйымдастыру кезiнде аудандық денсаулық сақтау бөлiмдерi фельдшерлiк-акушерлiк пунктке дәрi-дәрмек құралдарын сақтау және сату жағдайларын қамтамасыз ету үшiн тиiстi санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес үй-жай бередi.

      4. Фельдшерлiк-акушерлiк пунктте дәрiлiк заттарды сатуды аталған фельдшерлiк-акушерлiк пункттiң қызметкерлерi құрамынан жоғары немесе орта медициналық бiлiмi бар, дәрiлiк заттарды сақтау және сату мәселелерi бойынша аттестатталған адам жүзеге асырады.

      5. Емдiк преператтарды (бұдан әрi - лицензиаттар) сатуға байланысты қызметке мемлекеттiк лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар белгiленген тәртiпте осы фельдшерлiк-акушерлiк пунктте дәрiлiк заттардың бөлшек саудасына құқық беретiн лицензияға сәйкес қосымша алуы тиiс.

      6. Лицензиат фельдшерлiк-акушерлiк пункттердiң өтiнiмдерiне байланысты дәрілiк заттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес ұсынады.

      7. Егер дәрi-дәрмек құралдарын сатуды науқастарға рецепт жазып беретiн фельдшерлiк-акушерлiк пункттiң меңгерушiсi жүзеге асыратын болса, онда тегiн түрлерiн қоспағанда, дәрілiк заттар рецептiсiз босатылады.

      8. Дәрiлiк заттарды тегін босату Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      9. Лицензиаттар мен Фельдшерлiк-акушерлiк пункттердiң құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде қажеттi мүккәмалдармен жарақтандыру, шартпен реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады