----------Бұйрықтан үзінді---------
Қазақстан Pecпубликасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының
тiзбесi
7. "Қазақстан Республикасының Кедендiк шекарасы арқылы жол жүретiн жеке тұлғалардың шетелдiк және ұлттық валюталарды декларациялау тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 14 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2030 тiркелген, 2002 жылы "Нормативтiк құқықтық кесiмдер бюллетенiнде" жарияланған N 48).
Төраға
"Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 115 қаулысына және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесі бекітілсін.
2. Кеден басқармалары мен кедендердің бастықтары халықаралық әуежайларда және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде жұмысты осы Бұйрыққа сәйкес ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті (Н.Х.Тлемісов) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаменті (К.І. Махамбетов) осы бұйрықтың жариялануын және бұқаралық ақпарат құралдарында берілуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін
атқарушы
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
төрағасы
10.09.2002 ж.
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау агенттігінің
2002 жылғы 16 қыркүйектегі
N 14 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол
жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды
декларациялауының ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының 193-бабына сәйкес жеке адамдар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелетін және Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкететін ұлттық және шетелдік валюталарды декларациялауының тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
"ұлттық валюта" - Қазақстан Республикасының валютасы;
"шетелдік валюта" - шет мемлекеттердің валютасы;
"резиденттер" - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, оның ішінде шет елде уақытша тұратын немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрып оның мемлекеттік қызметінде болатын жеке адам;
"резидент еместер" - "резиденттер" түсінігінде көрсетілмеген жеке адамдар;
"уәкілетті банктер" - банктік заңдарда көзделген операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, валюталық операцияларды, оның ішінде операцияларды клиенттердің тапсырыстары бойынша жүзеге асырушы банктер.
3. Валюталарды тікелей Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде қолда бар шетелдік және ұлттық валюталар Қазақстан Республикасының кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органына осы Ережеге сәйкес жолаушылар кедендік декларациясы пайдаланыла отырып, жазбаша нысанда декларацияланады.
4. Жеке адамдарға олардың тұрақты тұратын еліне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағына қолда бар шетелдік және ұлттық валюталарды шектеусіз, жазбаша декларациялаусыз және кедендік ресімдеусіз әкелуге рұқсат етіледі.
5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін қолда бар шетелдік валютаны жазбаша декларациялау мен кедендік ресімдеу жеке адамның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
6. Жеке адамның әкелінетін қолда бар шетелдік валютаны жазбаша декларациялауды және кедендік ресімдеуді жүргізуден бас тартуы оны кейін Қазақстан Республикасының аумағынан әкететін жағдайда осы валютаның шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігінен босатпайды.
7. Қазақстан Республикасынан резиденттер әкететін ұлттық және шетелдік валюта жазбаша декларациялауға жатады.
8. Резиденттер он мың АҚШ долларына баламдыдан аспайтын мөлшердегі қолда бар шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының тысқары жерлерге шығу тегінің заңдылығы туралы құжаттармен растаусыз әкете алады.
9. Шетелдік валютаны әкетуді жазбаша декларациялау:
1) белгіленген тәртіппен уәкілетті банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар берген шетелдік валютаны сатып алғандығы туралы анықтама-сертификаттар;
2) уәкілетті банктер берген ақшаны уәкілетті банктердің шоттарынан шетелдік валютада алғандығын, оның ішінде ақшаны карт-шоттан алғандығын растайтын құжаттар;
3) уәкілетті банктер берген, шетелдік валютаны бір жолғы аудару бойынша алғандығын растайтын құжаттар;
4) бұрын Қазақстан Республикасына әкелінген шетелдік валютаның сомасы туралы кедендік декларация болуы мүмкін олардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсыныла отырып жүзеге асырылады.
10. Қазақстан Республикасынан резидент еместер әкететін ұлттық және шетелдік валюта жазбаша декларациялауға жатады.
11. Резидент емес жеке тұлғалардың құны (номиналы) шетелдік валютадағы қолма қол шетелдік валюта мен төлем құжаттарын әкетуі өздерінің әкелуі кезінде жасаған кедендік декларацияға сәйкес жүргізіледі. Өздері әкелу кезінде жасаған кедендік декларацияда көрсетілген сомадан асқан жағдайда, шетелдік валютаны әкету кезінде жазбаша декларациялау:
1) белгіленген тәртіппен уәкілетті банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар берген шетелдік валютаны сатып алғандығы туралы анықтама-сертификаттар;
2) уәкілетті банктер берген ақшаны уәкілетті банктердің шоттарынан шетелдік валютада алғандығын, оның ішінде ақшаны карт-шоттан алғандығын растайтын құжаттар;
3) уәкілетті банктер берген, шетелдік валютаны бір жолғы аудару бойынша алғандығын растайтын құжаттар;
4) бұрын Қазақстан Республикасына әкелінген шетелдік валютаның сомасы туралы кедендік декларация болуы мүмкін олардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсыныла отырып жүзеге асырылады.
Бұл құжаттар барлық әкетілетін сомаға ұсынылуы тиіс.
12. Әкетілетін валютаның шығу тегінің заңдылығын растау үшін ұсынылатын құжаттар кедендік ресімдеу жүргізілген кеден органында қалатын жолаушы декларациясының данасына қоса беріледі.
13. Шетелдік валютаны пластикалық төлем карталарын пайдалана отырып өткізу жазбаша түрде декларациялаусыз жүргізіледі.
14. Шетелдік валютаны Қазақстан Республикасынан әкетуді жазбаша декларациялайтын және осы Ереженің 8, 9, 11-тармақтарында айтылған шарттарды орындау мүмкін болмаған жағдайда шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттары жоқ валюта кейін ол Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде иесіне қайтару үшін кеден органдарына сақтауға берілуі мүмкін.