Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 698/1 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2031. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 536 бұйрығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР-ның Білім және ғылым министрінің 2011.12.21 N 536 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 мамырдағы N 685  қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 наурыздағы N 383  қаулысына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).
      2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым департаментінің директоры В.В.Могильныйға жүктелсін.

      Министрдің
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2002 жылғы 25 қыркүйектегі 
N 698/1 бұйрығына    
1-қосымша        

  Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты беру туралы ереже "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 мамырдағы N 685  қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 наурыздағы N 383  қаулысын орындау үшін әзірленді.

      2. Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық (бұдан әрi - сыйлық), ғылыми қоғамда қабылданып алынған түркология саласындағы үздік жетістіктері, үлкен теориялық және  практикалық маңызы бар ашылымдары үшін жыл сайын конкурстық негізде беріледі.

      3. Сыйлыққа ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерінде жан-жақты талқылаудан өткен, конкурс жарияланғанға дейінгі жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады.

      4. Бұрын ғылым, техника және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына, республикалық бюджет қаражатынан төленетін өзге сыйлықтарға, сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстарды, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.
      Бір жұмыс сыйлық алуға екі реттен артық ұсынылмайды.
      Осы сыйлық лауреатының жаңа жетістіктері болған жағдайда, сыйлық оған бұрын тағайындалғаннан кейін бес жыл өткен соң қайталанып берілуі мүмкін.

      5. Сыйлықтың ақшалай бөлігінің мөлшері 200 айлық есеп көрсеткіштерін құрайды.
      Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлігі тең үлеспен төленеді.

      6. Сыйлықтарды төлеу, дипломдарды және омырау белгілерін дайындау шығыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтар мен стипендияларды төлеу үшін көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

  2. Жұмыстарды ұсыну тәртібі

      7. Сыйлық алуға жұмыстарды ұсынуды Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің меншік нысанына тәуелсіз оқу (ғылыми, ғылыми техникалық, техникалық) кеңестерімен басқа да ғылыми, оқу  алқалы органдарымен және басқа да ұйымдармен (бұдан әрі - ұйымдар) жүзеге асырылады.
      Жұмысты бірнеше ұйымдардың ұжымдары бірлесіп ұсынуы мүмкін, онда біреуі бас ұйым ретінде белгіленеді.

      8. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылуы мүмкін. Авторлар ұжымы бес адамнан аспауға тиіс және оған жұмыстарды орындауда неғұрлым зор шығармашылық үлесін қосқан адамдар ғана кіреді. Оқулықтарға қатысты авторлардың бәрі, олардың  санына қарамастан ізденушілер ұжымына кіруі тиіс.
      Жұмыстарды орындау процессінде тек қана әкімшілік немесе ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырған адамдардың авторлар ұжымының құрамына қосылуы рұқсат етілмейді.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 552   бұйрығымен ( бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).      

      9. Қазақстан Республикасының ұйымдарымен бірлескен жоспарлар, бағдарламалар немесе келісім-шарттар бойынша жұмыс орындаған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдар авторлар ұжымының құрамына жіберіледі.

      10.  Ізденушілер ұжымына іріктеу сыйлық алу үшін ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгіленген тәртіппен, жұмыс орындаушылардың жалпы санынан олардың әрбір шығармашылық үлесін бағалау негізінде жүргізіледі.
      Әр автор және шығармашылық ұжым конкурсқа тек бір жұмыс ұсынуға құқылы.

  3. Жұмыстарды ресімдеу және ұсыну тәртібі

      11.  Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екеуі де бірдей данада):
      1) кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалар түріндегі сыйлыққа ұсынылған ғылыми жұмыс;
      2) онда оның мазмұны, маңыздылығы және ғылыми жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың ғылыми маңызы баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (кітапшаланған түрде 20 беттен аспауы тиіс).
      Сипаттама бетінде (мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді) жұмысты ұсынған мекеменің атауы, жұмыстың аты, оның (олардың қойылған) қолы, оның (олардың) тегі, аты-жөні көрсетіледі;
      3) мынадай мәліметтері бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бір бетте): алдыңғы бетінде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегі, аты-жөні, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелері; екінші жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерінің маңызы, жұмыс авторларының қолы;
      4) ресми бланкіде ұсынатын ұйымның басшысы қол қойған, жұмыстың қысқаша мазмұнын және жалпы бағасын, оның көкейтестілігі мен мәнін бейнелейтін жұмыстың ұсыным-хаты; 
      5) мөрмен куәландырылған авторлар ұжымының барлық құрамы, жұмыстың толық атауы көрсетілген жұмысты ұсынушы (немесе бас ұйым) алқалы орган мәжілісінің хаттамасынан үзінді;
      Егер авторлар ұжымының құрамына бас ұйымның қызметкері емес адамдар кіретін болса, олардың жұмыс орнынан бұл адамдарға авторлар ұжымының құрамына енгізу жөнінде кепілдемесі бар кеңес мәжілісі хаттамасының көшірмесімен ресімделеді.
      6) ұсынушы ұйымның (немесе ұсынылған жұмысты орындау кезінде автордың жұмыс орны) басшысымен  қол қойылған, жұмысқа қосқан шығармашылық үлесінің сипаттамасымен, тегі, аты-жөні, атқаратын лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетілген әрбір автордың шығармашылық үлесі туралы анықтама;
      7) автор (авторлар) туралы тегі, аты жөні, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлік мәліметтері, ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызмет және үй мекен-жайы, телефондары көрсетілген мәліметтері; 
      Анықтама автордың өзі қол қойған және толтырылған күні көрсетілген кадр бөлімінің қызметкерімен куәландырылады. Егер автор өлгеннен кейін ұсынылса, онда өлген күні көрсетілген мәліметтер;
      8) автордың негізгі қызмет орнының мөрімен расталған сыйлыққа ұсынылған жұмыстың тақырыптары бойынша баспа бетінде негізгі жарық көрген жұмыстарының тізімі (10-нан артық болмауы тиіс);
      9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженің 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама.
      Егер ізденуші зейнеткер болса, жұмыстан босатылған және т.б. жағдайда 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды соңғы жұмыс орнынан тапсыруға болады;
      10) ұсынылған жұмыстарға қатысты құжаттардың орналасу дәйектілігі, ұсыныс хаттағы олардың тізбелеу дәйектілігіне сәйкес болу керек.
      Ұйымдардың атауларын қысқартылған түрде көрсетуге рұқсат берілмейді. Сол құжатта оларды айырып берген жағдайда ғана қысқартылған түрде пайдалануға болады.

      12. Сыйлық алу үшін конкурс материалдары Конкурстық комиссияға ұсынылады. Аталған құжаттардың әр жинағы жеке конвертке салынуы керек және "Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық алуға" деген жазуы бар папкіге ғылыми жұмысымен бірге салынады. Конвертте папкі мұқабасында жұмысты орындаған ұйымның атауы, жұмыстың тақырыбы, авторлардың тегі, аты-жөні көрсетіледі.

      13. Осы талаптарға сәйкес ресімделмеген құжаттар қаралмайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды.

      14. Сыйлыққа ие болмаған жұмыстар жөніндегі материалдар авторлардың жазбаша талаптары бойынша жұмыс қабылданғаннан кейін  бір жылдан кешіктірілмей бір данада қайтарылады.

  4. Жұмыстарды қарау тәртібі

      15. Конкурстық материалдарды қарау және сыйлықты беру мәселелері жөніндегі ұсыну шешімдерін дайындауды Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен құрылған, министрліктер мен ведомстволар өкілдерінен, қоғамдық ғылым салаларындағы жетекші ғылымдары мен мамандарынан тұратын Конкурстық комиссия іске асырады. Конкурстық комиссияны төрағасы - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі басқарады.

      16. Егер оның мәжілісіне комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 тізімдік құрамы қатысса, конкурстық комиссия шешім қабылдауға құқылы.
      Конкурстық комиссия консультативті-кеңесші орган болып табылады.
      Конкурстық комиссияның барлық шешімдері хаттамалармен ресімделеді.
      Егер осы сыйлыққа Конкурстық комиссияның мүшелері жұмыстар ұсынған жағдайда, олар комиссия жұмысына қатыспайды.
      Сыйлықтар беру туралы Конкурстық комиссия шешімдері жасырын дауыспен қабылданады. Дауыс беру рәсімдерінің жүргізуін Конкурстық комиссия анықтайды.

      17. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен сарапшылардың жұмысына ақы төлеу арқылы тиісті бейіндегі жетекші ғалымдар мен мамандарды, ғылыми және басқа да ұйымдарды тарта отырып, конкурстық жұмыстардың ғылыми-техникалық сараптамасын ұйымдастырады.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 552   бұйрығымен ( бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

  5. Конкурс нәтижелерін бекіту тәртібі

      18. Конкурстық комиссия жұмыстарды қарау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітуге тиісті шешімдердің жобасымен оған қоса мынадай материалдарды ұсынады: конкурстық комиссияның хаттамасын, Конкурстық комиссияның мүшелері қол қойған және дауыс берген бюллетендер салынған мөр қойылған конвертін, сыйлық беруге ұсынылған жұмыстар жөніндегі сараптама қорытындыларын, сондай-ақ осы Ереженің 11-тармағына сәйкес құжаттар.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 552   бұйрығымен ( бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

      19. Сыйлықтар беру туралы ресми басылымдарда жарияланады.
      Сыйлық алған ғылыми жұмыс Министрліктің Орталық ғылыми кітапханасына сақтауға беріледі.      

  6. Сыйлықтың лауреаттарын марапаттау

      20. Сыйлық беру туралы дипломдар, омырау белгілері мен ақшалай сыйлықтар лауреаттарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен тапсырылады.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 552   бұйрығымен ( бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

      21. Қайтыс болғаннан кейін марапатталған, қайтыс болған сыйлықтар лауреаттарының дипломы, омырау белгісі және ақшалай сыйлықтары оның мұрагерлеріне заңдарға сәйкес беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады