"Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 698/1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 552 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 9 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3828 Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 536 Бұйрығы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР-ның Білім және ғылым министрінің 2011.12.21 N 536 (алғаш  ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 698/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2031 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 1) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережеде:
      8-тармақтың бірінші абзацында "Әдетте," деген сөз алынып тасталсын, одан кейінгі сөз бас әріппен жазылсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен сарапшылардың жұмысына ақы төлеу арқылы тиісті бейіндегі жетекші ғалымдар мен мамандарды, ғылыми және басқа да ұйымдарды тарта отырып, конкурстық жұмыстардың ғылыми-техникалық сараптамасын ұйымдастырады.";

      18-тармақта "Министрліктің" деген сөз "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақта "Министрлікпен" деген сөз "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады