Оңалтушылық басқарушысын тағайындау және қызметтен шеттету жөніндегі Нұсқаулықтың бекітілуі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 6 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2033. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 269 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 269 бұйрығымен.

------------Бұйрықтан үзінді---------

      Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 6 қарашадағы N 2033 нөмірімен тіркелген "Оңалтушылық басқарушысын тағайындау және қызметтен шеттету жөнiндегi Нұсқаулық бекiтiлуі туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2002 жылғы 1 қазанындағы N 3 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға
-------------------------------------- 
 

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы"  Заңын  iске асыру және құру тәртiбi жөнiндегі комитеттiң өз қызметi шегiнде банкроттық рәсiмiн өткiзуге бақылау жүргiзудi iске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Оңалтушылық басқарушысын тағайындау және қызметтен шеттету жөнiндегi Нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитет төрағасының орынбасарына Б.С.Смағұловқа жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін өз күшiне енедi.

       Төраға

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлiгiнiң     
Дәрменсiз борышкерлермен   
жұмыс жөнiндегі комитет   
төрағасының         
2002 жылғы 01 қазанындағы  
N 3 бұйрығымен бекiтiлген  

  Оңалтушы басқарушыны
тағайындау және шеттету туралы
нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) және оның аумақтық органдарының оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету мәселелерiн реттейдi.

      1. Оңалтушы басқарушыны тағайындауға банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаның кандидатурасы қаралады.

      2. Комитеттiң аумақтық органы төлем қабiлетi жоқ ұйым банкроттың банкроттығы туралы iс бойынша өндiрiстi қозғау туралы сот айқындамасын енгiзгеннен кейiн Комитетке келiсiмге оңалтушы басқарушының кандидатурасын бередi және белгiленген нысан бойынша ақпараты бар құжаттарды (1 және 2-қосымшалар) бередi. Берiлетiн құжаттарда Комитеттiң аумақтық органдары немесе олардың растығы үшiн дербес жауапкершiлiкте болатын оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы болуы қажет.

      3. Келісiмге берiлетiн құжатқа мiндеттi түрде төлем қабiлетi жоқ ұйым банкроттың банкроттығы туралы iс бойынша өндiрiстi қозғау туралы сот айқындамасының көшiрмесi қоса берiледi.

      4. Тиiстi үлгiде ресiмделмеген толық емес ақпараты бар құжаттар қаралмастан Комитеттiң аумақтық органына қайтарылады.

      5. Құжаттарды Комитет қайтарған немесе келiсiмнен Комитет бас тартқан жағдайда, Комитеттiң аумақтық органы үш күн iшiнде басқа кандидатураны ұсынады.

      6. Оңалтушы басқарушының кандидатурасына келiсiмнiң оң қорытындысы кезiнде Комитеттiң аумақтық органы борышкерiне қатысты оңалтушы рәсiмдi қолдану туралы сот айқындамасы күшiне енген күннен бастап үш күннен кешіктiрмей оңалтушы басқарушыға тиiсiнше тағайындайды.

      7. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауарлық рынокта басымдық (монополиялық) жағдайы бар не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар рыноктың субъектілері болып табылатын, ұйымдардың негiзiн қалаушы, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезiнде оңалтушы басқарушыны табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн орталық атқарушы орган, уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша, негiзiн қалаушы тиiстi облыс (республикалық мәнi бар қала, астана) Әкiмi келiсiм бойынша комитет оңалтушы басқарушыны тағайындайды.

      8. Комитеттiң аумақтық органы қажет болған жағдайда, келiсiмге үштен кем емес кандидатураны ұсынуы мүмкiн. Ұсынылған кандидатуралардың iшiнен iрiктеудi берiлген материалдар негiзiнде өз құзыретiнiң шеңберiнде және дерекқоры бар Комитет жүзеге асырады.

      9. Оңалтушы басқарушыны тағайындау Комитеттiң бұйрығы нысанында енгiзiледi, басшы немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы қойылады, мөрмен расталады және есеп кiтабына тiркеледi.

      10. Комитеттiң аумақтық органының:
       Заңның  9-бабының 4-тармағында көрсетiлген негiздемелер;
      үмiткердiң сотталғандығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелмеген;
       Заңның  9-бабының 1-1-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, банкрот ұйымға, оның құрылтайшыларына, кредиторларына немесе дебиторларына үмiткердiң қосылу фактiлерi;
      банкроттық рәсiмдерде оңалтушы басқарушы ретiнде қызметтiң қанағаттандырмайтын қорытындылары (әлеуметтiк кезектердi өтеудiң төмен көрсеткiшi, объективтi себептерсiз жүргiзу мерзiмдерiнiң артуы және т.б.);
      жеке сот айқындамалары болған кезде Комитетке кандидатураны келiсiмге ұсынуға құқығы жоқ.

      11. Оңалтушы басқарушы оңалту рәсiмi қолданылатын бiр ұйымға тағайындалады.

      12. Оңалтушы басқарушы  Заңның  9-бабындағы 5-тармақпен көзделген жағдайларда борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқарудан шеттетiледi.

      13. Конкурстық басқарушы жiберген, Заң талаптарын бұзу жағдайында Комитеттiң аумақтық органы оны жоюдың қажеттiлiгi және осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы жазбаша ескертедi.
      Оларды жоймаған жағдайда тиiстi шешiмдi қабылдау үшiн Комитетке өтiнiш бередi немесе хабарлайды.

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрлiгiнiң      
Дәрменсiз борышкерлермен    
жұмыс жөнiндегi комитет    
төрағасының          
2002 жылғы 1 қазанындағы    
N 3 бұйрығымен бекiтiлген   
оңалтушы басқарушыны тағайындау,
шеттету және ауыстыру    
туралы Нұсқаулықтың      
1-қосымшасы          

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлiгінiң    
Дәрменсiз борышкерлермен  
жұмыс жөнiндегi комитетi  

Арыз

       Оңалту басқарушысының мiндетiне кандидат ретiнде менi тағайындауыңызды сұраймын.
      Осы арызға қосымша:
      1) жеке куәлiктiң көшiрмесi;
      2) банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметiн жүзеге асыру құқығы лицензиясының көшiрмесi;
      3) жұмыс кітапшасының көшiрмесi;
      4) бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;
      5) соттылығы жоқтығы жөнiнде анықтама.

       Күні ______________               Қолы _______________

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрлiгiнiң      
Дәрменсiз борышкерлермен    
жұмыс жөнiндегi комитет    
төрағасының          
2002 жылғы 1 қазанындағы    
N 3 бұйрығымен бекiтiлген   
оңалтушы басқарушыны тағайындау,
шеттету және ауыстыру    
туралы Нұсқаулықтың      
2-қосымшасы          

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлiгінiң    
Дәрменсiз борышкерлермен  
жұмыс жөнiндегi комитетi  

Конкурстық (оңалтушы) басқарушыны
тағайындау туралы

      ҚР ҚМ Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитет Төрағасының 2002 жылғы _________ N ___ бұйрығына сәйкес _________ қаласы (облысы) бойынша ______________ сот банкроттық туралы iс бойынша өндiріс қозғауына қатысты төлем қабiлетi жоқ оңалтушы (конкурстық) басқарушының кандидатурасын қарау және келiсу үшiн жiберiп отырмыз.
___________________________________________________________________
 N  Оңалтушы (конкурстық)        Ұйымның атауы         Ескерту
    басқарушының аты-жөнi
___________________________________________________________________
1.
2.
3.
___________________________________________________________________

      Қосымша:
      1. Төлем қабiлетi жоқ ұйымның паспорты, ____ бет;
      2. Банкроттық туралы iс бойынша өндiрiс қозғау туралы сот
айқындамасының көшiрмесi бет;
      3. Басқалар.

       Басқарма бастығы ________________        ________________
                           (Қолы)                 (аты-жөні)
орынд.________
тел.__________

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрлiгiнiң      
Дәрменсiз борышкерлермен    
жұмыс жөнiндегi комитет    
төрағасының          
2002 жылғы 01 қазанындағы   
N 3 бұйрығымен бекiтiлген,  
оңалтушы басқарушыны     
тағайындау шеттету және   
ауыстыру туралы Нұсқаулықтың 
3-қосымшасы          

Төлем қабiлетi жоқ ұйымның паспорты

__________________________________________________________________
 1.  Төлем қабiлетi жоқ ұйымның атауы
 2.  Негiзгi қызметi
 3.  Заңды мекен-жайы, өзге де деректемелері
 4.  Бухгалтерлiк баланстың болуы (жылын
     көрсету), қаржы құжаттарының қосымшалары
 5.  Баланс бойынша негiзгi қаражаттар *
     (мың теңгемен):
     - ғимараттар мен құрылыстар (тiзбе бойынша)
     - темiр жол тұйықталымы
     - жабдық
     - жылжымалы мүлiк
     - өзгелер
     - тауарлық-материалдық қорлар (мың теңгемен)
 6.  Конкурстық массаның болмау себебi
 7.
__________________________________________________________________

       *  - баланс бойынша мәлiметтердi беруге негiздемелi мүмкiндiктiң болмауы жағдайында, заттай жалпы мәлiмет көрсету (санамалау) және банкроттық рәсiмдер басталғаннан кейiн нақтыланған мәлiметтi Комитетке беру

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлiгiнің     
Дәрменсiз борышкерлермен   
жұмыс жөнiндегі комитет   
төрағасының        
2002 жылғы 1 қазанындағы   
N 3 бұйрығымен бекiтiлген, 
оңалтушы басқарушыны    
тағайындау, шеттету және  
ауыстыру туралы Нұсқаулықтың 
4-қосымшасы       

ШЕШIМ

Оңалтушы басқарушыны
тағайындау туралы

      1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 
21 қаңтардағы  Заңы , "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508
қаулысына  сәйкес және ________ қаласы (облысы) бойынша
______________ соттың 200_ жылғы "___" __________  ____________
оңалту рәсiмiн енгiзу туралы айқындамасының негiзiнде
 _______________ __________________оңалтушы басқарушы болып 
 (ұйымның атауы)     (аты-жөні)
тағайындалсын.
      2. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
21 қаңтардағы  Заңының  талаптарына сәйкес оңалтушы басқарушының
мiндеттемесiн орындау _________________________________ жүктелсiн.
                            (аты-жөнi)

      3. ______________________________________ оңалтушы басқарушы
                      (аты-жөнi)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы  Заңының  51-бабының талаптарын орындауды қамтамасыз
етсiн.
      4. Оңалту рәсiмiн жүргiзуге бақылау __________ облысы
(Астана және Алматы қалалары) бойынша Комитетiнiң Басқармасы
конкурстық өндiрiс, оңалту рәсiмдерiн, конкурстық массаны
сату және өткiзу жоспарын жүргiзудi бақылау жөнiндегi
бөлiмнiң бастығы ____________ жүктелсін.
                 (аты-жөні)
      5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау __________________________
Комитеттiң Басқарма бастығының орынбасарына жүктелсiн.

       Комитет төрағасы
      (Басқарма бастығы) ____________             ______________
                           (қолы)                   (аты-жөнi)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады