Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 4 қазанда N 918 болып тіркелген "Жеке тұлғалар "Қорғас", "Бахты", "Достық", "Майқапшағай", "Қалжат" өткізу пункттері арқылы өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 462-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2047. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 290 бұйрығымен

      ----------Бұйрықтан үзінді---------

Қазақстан Pecпубликасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының
тiзбесi

      5. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 4 қарашада N 918 тіркелген ""Қорғас", "Бақты", "Достық", "Майқапшағай", "Қалжат" өткiзу пункттерi арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендi ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 462-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 86 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2002 жылғы 20 қарашада N 2047 тiркелген, 2003 жылы "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң бюллетенiнде" жарияланған N 3, 780-құжат).

      Төраға

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  154-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы Қытай Халық Республикасының аумағынан жеке тұлғалар әкелетін тауарларға бақылауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғалар "Қорғас", "Бахты", "Достық", "Майқапшағай", "Қалжат" өткізу пункттері арқылы өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 918 тіркелген, 1999 жылы "Кеден жаршысында" жарияланған) 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 462-Ө  бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 1-тармақта:
      бірінші абзацындағы "Қорғас", "Достық", "Қалжат" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қорғас", "Достық", "Қалжат" автомобилдік өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына жеке тұлғалар әкелетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік төлемдер мен салықтар алуды жүргізу үшін Алматы қаласы бойынша Кеден басқармасының қызмет аймағында орналасқан уақытша сақтау қоймаларына жеткізілуге жатады";

      2) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Жұмабаев" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержанов" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады