"Қорғас", "Бахты", "Достық", "Майқапшағай", "Қалжат" бекеттері арқылы жеке тұлғалар алып жүретін көлік құралдары мен тауарларды кедендік рәсімдеу туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйек N 462-Б бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 918. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 401 бұйрығымен.

      --------------Бұйрықтан үзінді----------

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, кеден ісі саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының тiзбесi

       16. "Қорғас", "Бақты", "Достық", "Майқапшағай", "Қалжат" өткiзу пункттерi арылы жеке адамдар өткiзетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 462-П бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 4 қазанда N 918 болып тiркелген)...

_________________________________

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы"  Заңының  154 бабына және 1992 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Халықаралық автомобиль қатынасы туралы" Келісімнің 18 бабына сәйкес, Қытай Халық Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың әкелетін тауарларын бақылауды күшейту мақсатында Бұйырамын: 
      1. "Майқапшағай", "Бахты", "Қорғас", "Достық", "Қалжат" автокөлік өткізу бекеттері арқылы Қазақстан Республикасына жеке тұлғалардың әкелетін тауарлары мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар алу және кедендік ресімдеуді жүргізу үшін   "Майқапшағай", "Бахты" кедендерінің іс-әрекет аймағында орналасқан уақытша сақтау қоймаларына жеткізілуі тиіс немесе тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасы аумағындағы тағайындалған кеден органына кедендік тасымалдаушы арқылы жеткізіледі деп белгіленсін. 
      "Қорғас" және "Достық" автокөлік өткізу бекеттері арқылы, тұрақты халықаралық автокөлік бағыттарын орындаушы және "А" Рұқсат түрінің" бланкілерін пайдаланушы автобустарды өткізу кезінде, оларға тағайындалған үш жүк таситын автокөліктен кедендік төлемдер мен салықтар алу үшін, олардың кеден органдарына жеткізілуіне, кедендік шығарып салу жүзеге асырылсын.
       Ескерту: 1-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 86   бұйрығымен 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 153   бұйрығымен .
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
       Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 86   бұйрығымен .

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады