Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 440-нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 10 қазан N 407. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2054. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      21 . Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 440-нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 407 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тізiлімiнде N 2054 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 24 басылымдарында 2002 жылғы 18 қарашада - 1 желтоқсанда жарияланған)...

___________________________________       

      Қазақстан Республикасының банк заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292  қаулысына  (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 440-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1997 жылғы 10-15 ақпанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 31 наурыздағы N 89, 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 135, 1997 жылғы 15 қазандағы N 375, 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 411, 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 470, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339, 1999 жылғы 7 қазандағы N 316, 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 338, 2001 жылғы 31 наурыздағы N 77, 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспедегі "жеткізу" деген сөз "орындау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "2000 жылдың аяғына дейінгі кезеңде" деген сөздер алынып тасталсын;

      барлық мәтін бойынша "Ережелер" деген сөз "Ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережедегі:
      барлық мәтін бойынша "жетуге",  "қол жеткізу", "халықаралық стандарттарға сай болуға қол жеткізу" деген сөздер тиісінше "орындаудың", "орындау", "халықаралық стандарттарды орындау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "2000 жылдың аяғына дейінгі кезеңде" деген сөздер "осы Ережеде анықталған мерзімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "халықаралық стандарттарға жетуге", "халықаралық стандарттарға қол жеткізу" деген сөздер "халықаралық стандарттарды орындаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы:
      бесінші және алтыншы азатжолдар алынып тасталсын;
      жетінші азатжолдағы "осы Ережелердегі талаптарға (шарттарға) және іс-шаралар жоспарына сай деп тану туралы өтініш беруге" деген сөздер "оны Ұлттық Банкке ұсынуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің талаптары банктер қызметінің барлық кезеңі ішінде олардың сақтауы үшін міндетті.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы күшіне енген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары  Ә.Ғ. Сәйденовке  жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады