"Қазақстан Республикасында нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 539 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 қарашада тіркелді Трікеу N 2058. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 539 бұйрығына (Әдiлет министрлiгіндe N 564 тiркелген, 1998 жылғы 30 қарашада N 8 "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 539 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 7 бұйрығы және "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 539 бұйрығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-К бұйрығы ") мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсін:
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулыққа:

      1) 4-тармақта "еңбек келiсiмiмен" деген сөздер "жеке еңбек шартымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 20-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаның бiрiншi басшының өкiлеттiгi, Жарғы (Ереже), заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк, оны қызметке тағайындау туралы бұйрық, қызметке сайлау туралы жиналыс хаттамасы бойынша тексерiледi";

      3) 23-тармақта "тегi" деген сөзден кейiн "аты және әкесiнiң аты" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеуге арналған тiзiлiмге, тегi, аты, әкесiнiң аты, және туған жерi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжат туралы деректердi көрсетiп, құжатқа қол қойған адам туралы мәлiмет енгiзедi";

      5) 27-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу үшін құжатты аударған тұлға туралы мәліметте тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жерін, тұрғылықты орнын, құжаттары туралы мәлiметтердi, жеке басын куәландыратын құжат туралы деректердi көрсете отырып, тiзiлiмге жазу енгiзедi.";

      6) 29-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Жеке басын куәландырылатын ұсынылған құжаттар күмән тудырған жағдайда, нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасауға жүгiнген адамның жеке басын растайтын қосымша құжаттарды (әскери билет, қызметтiк куәлiк және т.б.) талап ете алады, бұл туралы нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу жөнiндегі тiзiлiмге белгi соғылады.";
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Егер құжат нотариустың iсiнде сақтауға қалдырылса нотариалды куәландыратын құжатта не нотариус iсiнде құжат сақтауға қалдырылмаған жағдайда тiзiлiмде заңды және жеке тұлғалар туралы мәлiмет көрсетiледі.";

      7) 34-тармақтағы "нотариустың қалауы бойынша немесе мүдделi адамдардың" деген сөздер алынып тасталсын;

      8) 46-тармақта "мүдделi адамдарға" деген сөздер "мұрагерлерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 50-тармақта "Мемлекеттiк баж туралы" "Қазақстан Республикасы Заңының 3-тарауының 10-бабы" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа міндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 502-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 54-тармақта "мүлiктiң сақтаушысымен", "мүлiк сақтаушы" деген сөздер "мұрагерлiктi сенiмгерлiк басқарушымен", "мұрагерлiктi сенiмгерлiк басқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 58-тармақта "қажет болған жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын;

      12) 63-тармақта "ата-аналар", "ата-аналарының" деген сөздер "ата-аналарының бipi", "ата-аналарының бiреуінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 65-тармақта "қозғалмайтын" деген сөз алынып тасталсын;

      14) 67-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік тiркеуден өткен жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру туралы шартты бұзған жағдайда, нотариус шартты бұзған сәтте Құқықтық кадастрдың тiркеу парағының көшiрмесi және техникалық сипаттамасы туралы анықтама негiзiнде келiсiмдi куәландырады, оны белгiленген тәртіпте тiркейдi және құқықты белгiлейтiн құжатты мүлiк иесiне қайтарады.";

      15) 73-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Ерлi-зайыптылардың бipeyi жылжымайтын мүлiктi сатып алу жөнiнде мәмiле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгiленген тәртiппен тiркеудi талап ететiн мәмiле жасаған кезде басқа жұбайдың келiсiмi қажет ("Неке және отбасы туралы" Заңның 33-бабының 2-тармағы). Бұл ретте шарттың мәтінінде сатып алушы мүлiктi өз зайыбының келiсiмiмен сатылығын көрсетуi тиiс.";

      16) 78-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жер учаскелерiн ғимаратқа (ғимарат, құрылыс) қызмет көрсету үшiн сатып алмаған азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалар жер учаскелерiн меншiкке сатып алуға немесе жер учаскелерiне құқығын оларды меншiкке сатып алғанға дейiн жалдау шартымен қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалануға қайта ресiмдеуге тиiс ("Жер туралы" Заңның 124-бабы).
      Осындай жер учаскесiне иелiктен айыру құқығы мынадай жағдайда, егер жер учаскесiне уақытша қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi жердi жалға беру жағдайында пайдалануда жер учаскесiне құқықтарды қайта ресiмдеу немесе жер учаскесiн меншiкке сатып алу жөнiндегi мiндеттер иелiктен айырушымен шарт бойынша сатып алушымен жүзеге асырылады.";

      17) 80-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жер туралы" 22.12.1995 жылғы Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "(Жарлықтың 40-бабының 2-тармағы), сонымен қатар пайдалануға берiлген жер учаскесiнде тұрған жылжымайтын мүлiк объектiлерiн (Жарлықтың 18-бабының 5-тармағы)" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "Жарлықтың 44-бабының 2-тармағы" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжатта көрсетiлген техникалық сипаттама осындай құжатты берген күннен бастап 15 күн ішінде жарамды болып табылады. Құқық белгiлейтiн құжатта көрсетiлген мүліктің техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер иеліктен айыру сәтіндегі құжатта көрсетiлген мәлiметтермен сәйкес келмесе, нотариус осындай өзгерiстердің тiркелгенiн растайтын құжатты талап етедi.";

      19) 99-тармақ ", бұл туралы нотариаттық куәландыратын құжаттың мәтiнiнде белгi соғылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 102-тармақтың екiншi абзацы ", бұл туралы нотариаттық іс-әрекетті жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 105-тармақта "3 жылдан аса мерзiмге" деген сөздер "5 жылдан аса мерзiмге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 140-тармақта "қол қойған адамның" деген сөздерден кейiн "куәгердің" деген сөзбен толықтырылсын;

      23) 189-тармақта "одан" деген сөз "мұрагерліктен немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 237-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте нотариустың iстерiнде құқық белгілейтiн құжаттың көшiрмесi қалады.";

      25) 252-тармақта "ресмилендiру" деген сөзден кейiн "немесе апостиль" деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 260-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Нотариус құжатта 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың қолының дұрыстығын ата-аналарының (асырап алушылардың, қамқоршылардың) қатысуымен, ал әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi адамдардың - қамқоршылардың келiсiмiмен куәландырады.";

      27) 264-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қол қою құқығына заңды тұлғаның құқық қабілеттілiгiн және лауазымды адамның өкiлеттiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесi нотариуста қалады.";

      28) 267-тармақта "ресмилендiргенді" деген сөзден кейiн "немесе апостилi" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 272-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Нотариус кәмелетке толмағанның жеке басын анықтау бойынша қосымша шаралар (көршiлерден, мұғалiмдерден және т.б. сұрау) қолдануы мүмкiн";

      30) 16-тарау мынадай мазмұндағы 297-1-тармақпен толықтырылсын:
      "297-1. Нотариустың депозиттiк есебiндегi ақша нотариустың табысы болып табылмайды.";

      31) 360-тармақта "ресмилендiрілген" деген сөздің алдынан "оларға апостиль қойған не" сөздермен толықтырылсын.
      2. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
          Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады