Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіндe 2002 жылы 28 ақпанда N 1782 тiркелген "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 246-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2061. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.07.28 N 237-ө бұйрығымен.

      Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың тетiгiн жетілдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2002 жылы 28 ақпанда N 1782 тiркелген, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің "Вопросы труда и социального обеспечения" бюллетенiнде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiнде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Отбасының жиынтық табысын белгiлегенде отбасының құрамында бiрге тұратын, шаруашылықты бiрге жүргiзетiн және тұрғылықты бiр жерде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.
      Отбасының жиынтық табысын есептеу үшiн әр нақты жағдайда учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмек берудiң қажеттiгi туралы қорытындыда отбасының құрамын көрсетедi.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жеке меншiк қосалқы шаруашылықтың (үй iргесiндегi телiм, мал және құс), саяжай және жер телiмiнің (жер үлесiнің) табысы өтiнiш берушi мәлiметтерiнің негiзiнде есептеледi.
      Аймақтар ерекшелiктерiн ескере отырып табыс алынбайтын болып үй малдары және үй жанындағы телiм, саяжай және жер телiмiнің (жер үлесiнiң) көлемi белгiлене алады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жеке меншiк қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты уәкiлеттi орган орталық уәкiлеттi орган бекiткен үлгiлiк қосымшаларды ескере отырып есептейдi. Нормативтiк кәртiшкелерде келтiрiлген егiннiң орташа шығымдылығын (өнiмдiлiгiн), өндiрiс шығыстарының орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке меншiк қосалқы шаруашылықтың табысын есептеу үшiн статистика органдары беретiн бағалар аймақтардың ерекшелiктерiн ескере отырып түзетiле алады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Yй iргесiндегi телiмiнен, саяжай телiмiнен түсетiн табыс, сондай-ақ мал мен құс ұстаудан түсетiн табыс өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн есептеледi.
      Жер телiмiнен (жер үлесiнен) түсетiн табыс жылдық табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен белгiленедi.";

      7-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақтың 2-абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

Келісілді             
Қазақстан Республикасының    
Статистика жөніндегі агенттігі 
төрағасының орынбасары     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады