Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 14 қарашадағы N 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2074. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 290 бұйрығымен

      ----------Бұйрықтан үзінді---------

Қазақстан Pecпубликасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының
тiзбесi

      3. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 тіркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасы 2002 жылғы 14 қарашадағы N 98 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде 2002 жылғы 5 желтоқсанда N 2074 тiркелген, 2003 жылы "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнің бюллетенiнде" жарияланған N 7, 897-құжат).

      Төраға

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479  қаулысына  өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 сәуiрдегi N 415  қаулысына  сәйкес, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын қайта ресiмдеудiң тәртiбiн белгiлеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 тiркелген, 2001 жылы "Кеден жаршысы" N 2 жарияланған) 2001 жылғы 15 ақпанындағы N 54  бұйрығына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға бiлiктiлiк аттестатын беру тәртiбiнде:

      5-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманды қайта аттестациялау кезiнде бiлiктiлiк аттестатын беру үшiн алынатын алым төленбестен, осы Тәртiптiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен жаңа бланк берiле отырып, аттестатты қайта ресiмдеу жүргiзiледi.".

      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Баспасөз қызметi (Г.Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелгенінде тіркелген күнінен бастап күшiне енедi.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады