Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды бюджетке, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің арнайы (транзиттік) банктің шотына есепке алу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 594 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2104. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      10. "Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды бюджетке, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің арнайы (транзиттік) банктің шотына есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 594 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2104 болып тіркелді).
      .........

    Келісілді          
Қазақстан Республикасының  
Мемлекеттік хатшысы-Қазақстан
Республикасыны Сыртқы   
істер министрі      
2002 жылғы _______ N ___ 

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық Кодексі) 514-бабын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды бюджетке, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің арнайы (транзиттік) банктік шотына есепке алу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келіссін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2002 жылғы 30 қарашадағы
N 594 бұйрығымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды бюджетке, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің арнайы (транзиттік) банктік шотына есепке алу
ЕРЕЖЕСІ

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды бюджетке, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің арнайы (транзиттік) банктік шотына есепке алу тәртібін анықтайды.
      2. Консулдық алымды қолма-қол ақшамен қабылдауды консулдық іс-қимылдарды жүзеге асыру орны бойынша АҚШ долларымен немесе дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме келген елдің валютасында "Кейбір міндетті төлемдерді бюджетке қолма-қол ақшамен төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 323 бұйрығымен бекітілген қатаң есептілік бланкісінің белгіленген нысандағы түбіртегін бере отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі жүзеге асырады.
      3. Одан әрі консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме арнайы (транзиттік) банктік шотқа есепке алу үшін оларды қабылдаған күннен бастап он банктік күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме келген елдің шетелдік банкіне өткізеді.
      4. Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме келген елдің валютасында арнайы (транзиттік) банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына айырбастайды.
      5. Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы арнайы (транзиттік) банктік шоттың иеленушісі болып табылады.
      6. Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме ай сайын (есептіден кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей) арнайы (транзиттік) банктік шотқа түскен консулдық алымдарды одан әрі бюджеттің кірісіне есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге консулдық алымдардан түсетін ай сайынғы түсімдер кемінде 1000 АҚШ долларын құраса, аудару есептіден кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды дәл сол күні бюджеттің кірісіне Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының тиісті кодына аударылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады