Бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 848 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2164. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.01.29.  N 40  (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының " Білім туралы " Заңының 40-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы Ереже бекітілсін.
      2. Бюджет, жоспарлау және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді заңнамамен белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 649 бұйрығының күші жойылсын.
      4. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

          Келісілді:              
   Қазақстан Республикасы       
     Еңбек және халықты         
әлеуметтік қорғау министрлігі  
     2003 ж. 20 қаңтар         

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2002 жылғы 4 желтоқсандағы  
N 848 бұйрығымен бекітілген 

  Бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта,
бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының
қызметкерлеріне жалақы есептеу туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу белгіленген тарифтік ставкаларға (лауазымдық жалақыларға) қарай еңбекақыны көтеру, қосымша ақы төлеу және педагогикалық жұмыстың нақты көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

      2. Педагогикалық қызметкерлер арасындағы оқу жүктемесі тиісті білім беру ұйымының оқу жоспары бойынша сағаттар санына, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуіне және өзге де нақты жағдайларына қарай бөлінеді.
      Педагогикалық оқу жүктемесін бөлу құқығы білім беру ұйымының бірінші басшысына беріледі, ол оның нақтылығы және әрбір мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің және өзге де педагогикалық қызметкердің белгіленген көлемді сапалы орындауы үшін жауап береді.
      Педагогикалық жұмыс көлемі апталық нормативтік жүктемеге сәйкес және ұжымдық және жеке еңбек шарттары бойынша белгіленеді.

      3. Мектептерде күндізгі және сырттай оқыту нысанындағы жалпы білім беретін мектептер (сыныптар) мектеп-интернаттарында (кешкі (ауысымдық) мұғалімдерден басқа), сырттай оқытатын мектептерде, емдеу-профилактикалық ұйымдарында ұзақ уақыт жатып емделетін балалармен сабақ өткізетін мұғалімдердің және кәсіптік мектептердің, колледж оқытушыларының оқу жүктемесінің көлемін белгілеу жартыжылдықтар бойынша жеке-жеке жылына бір рет жүргізіледі.

      4. Күндізгі және сырттай оқыту нысанындағы жалпы білім беретін кешкі (ауысымдық) мектептерде (сыныптарда), сырттай оқытатын мектептерде, емдеу-профилактикалық ұйымдарда ұзақ уақыт жатып емделетін балалармен сабақ өткізетін мұғалімдердің оқу жүктемесі жылына екі рет бірінші және екінші оқу жартыжылдығының басында белгіленеді.

      5. Жалақы ставкалары (қызметкерлердің жалақысын белгілейтін лауазымдық жалақылар) мөлшерінің өзгеруі:
      1) тиісті біліктілік маманы қызметке тағайындалған күннен бастап;
      2) білім деңгейі және жұмыс стажы ескеріле отырып біліктілік санаты берілген күннен бастап;
      3) құрметті атақ берілген күннен бастап;
      4) білім алған немесе білімі туралы құжатын қалпына келтірген жағдайда - тиісті құжат берілген күннен бастап;
      5) ғылыми атақ берілген жағдайда - жоғары аттестация комиссиясы диплом беру туралы шешім шығарған күннен бастап жүргізіледі.

      6. Қызметкердің жалақы еңбекақы ставкасын (лауазымдық жалақысын) өзгерту құқығы ол кезекті немесе қосымша демалыста жүрген, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде пайда болған жағдайда, жаңа ставкадан (лауазымдық жалақыдан) еңбекақы төлеу - демалысы немесе еңбекке уақытша жарамсыздығы аяқталған күннен бастап жүргізіледі.

      7. Білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, оқытушыларына, тәрбиешілеріне және басқа қызметкерлеріне жалақы ставкалары (лауазымдық жалақылар) апталық нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес төленеді және олардың астрономиялық сағат бойынша жұмсаған жұмыс уақытына қарай белгіленеді. Сабақтар (дәрістер) арасында қарастырылған қысқа үзілістер (ауысулар) мұғалімнің (оқытушының, қосымша білім беру педагогының және басқалардың) жұмыс уақыты болып есептеледі.

      8. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру мекемелері қызметкерлерінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы"  Заңына  сәйкес белгіленеді.

  2. Жалпы білім беру ұйымдарының педагогикалық
қызметкерлердің жалақысын есептеу тәртібі

      9. Педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысы тарифтік ставканы (лауазымдық жалақыны) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді.

      10. Тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақы жылдың әр түрлі айларындағы апталар мен жұмыс күндерінің санына қарамастан, ай сайын төленіп отырады.

      11. Оқу тоқсандары аралығындағы және оқу жылы басталғанға дейінгі каникул кезінде, демалыс күндерін қоспағанда, педагогикалық жұмыс жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен жүргізіледі.

      12. <*>
       Ескерту: 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы N 64   бұйрығымен .

      13. Оқушылардың жазғы каникулы кезінде жұмысқа басшы немесе педагогикалық қызметкер ретінде қабылданғандарға оқу жылы басталғанға дейінгі кезең үшін жалақы олардың біліктілік санаттарының ескерілуімен білімі мен жұмыс стажына сәйкес тарифтік ставкасы (лауазымдық жалақы) есебінен төленеді.

      14. Сабақ 28 аптаға есептелген оқу жоспары бойынша өткізілетін жалпы білім беру мектептерінің жанындағы кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептердің және кешкі (сырттай) оқыту жекелеген сыныптарының мұғалімдеріне жалақы оқу жылы бойы, сондай-ақ оқу басталғанға дейін бір апта, оқу жылы аяқталғаннан кейін бір апта үшін төленеді.

      15. Ұйымдарда педагогикалық қызметкерлерге сағаттық төлем ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған мұғалімдердің (оқытушылардың) міндеттерін орындау тәртібімен орындалған жұмыс сағаттары үшін ғана беріледі.
      Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге еңбекақы оның орнын басқан күннен бастап 9-тармақта көрсетілген жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді.
      Сағаттық төлем шартымен жұмыс істейтін және каникул кезінде сабақ жүргізбейтіндерге, бұл уақыт үшін еңбекақы төленбейді.

      16. Оқу жүктемесімен толық қамтамасыз етілмеген мұғалімдерге жалақы ставкасы белгіленген жүктеме нормасын басқа педагогикалық жұмыстармен толықтыратын мынадай жағдайларда:
      1) бейнелеу өнері, музыка, ән және дене шынықтыру сабақтарын маман педагогтарға бере алатындай жағдай жасалған жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне;
      2) денсаулығына және басқа себептерге байланысты дене тәрбиесі және ән сабақтарын жүргізе алмайтын жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне;
      3) шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне, дайындығының шама-шарқына байланысты шетел тілінен, қазақ және орыс тілдерінен сабақ жүргізе алмайтын ауылдық қазақ және орыстан басқа ұлттар бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне;
      4) орыс және басқа ұлттардың (қазақтық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне;
      5) қазақ және басқа ұлттардың (орыстық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің орыс тілі мұғалімдеріне;
      6) селолық мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдеріне, алыс жерлерге орналасқан мектептердің шетел тілінен сабақ беретін мұғалімдеріне, оларға төленетін толық ставка есебіне дене тәрбиесі жөніндегі (дене тәрбиесі мұғалімдері үшін) сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру, жазба жұмыстарын тексеру және сынып жетекшісі (шетел тілі мұғалімдері үшін) міндеттері (міндеттердің бір бөлігі) қоса жүктелген жағдайда, толық төленеді.
      Жүктеме белгіленген нормаға дейін жеткізілген және өзге де ақылы оқу-тәрбиелік жұмыс атқарған жағдайда, мәселен, денсаулығына байланысты мектепке барудан босатылған оқушылармен үйде сабақ өткізген, уақытша жұмысқа келе алмайтын мұғалімдердің орнына сабақ берген, ұзартылған күн тобында тәрбие жұмысын жүргізген жағдайларда жалақы айлық ставкадан кем болмайтын мөлшерде төленеді.
      Мұғалімді сабақ жүргізуден босату және қосымша міндетті жүктеме арқылы жалақыны айлық ставкадан кем мөлшерде төлемеу жөніндегі жағдайлардың бәрі мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді және мұғалімінің сабақ беруден неліктен босатылатындығы әрі жүктемені қандай жұмыстармен толтыратындығы көрсетіледі.

      17. Оқу жүктемесі оқу жылы ішінде мұғалімдерге қатысы жоқ себептермен тарифтеу кезінде белгіленген жүктемемен салыстырғанда өзгерген жағдайда оларға оқу жылының аяғына дейін:
      1) егер қалған жүктеме ставка үшін белгіленген нормадан жоғары болса - жалақы нақты сағат саны үшін;
      2) егер қалған жүктеме ставка үшін белгіленген нормадан төмен болса - осы мұғалімдер мен оқытушыларға оқу жұмысының жүктемесін толтырудың мүмкіндігі жоқ ставка;
      3) егер тарифтеу кезінде оқу жүктемесі ставка нормасынан кем белгіленген болса - тарифтеу кезінде белгіленген жалақы төленеді.
Көрсетілген тәртіп мұғалімдер мен оқытушылардың оқу жүктемесі азайған немесе оқушыларды ауылшаруашылық жұмыстарына немесе басқа бір жұмыстарға жіберуге байланысты болмай қалған жағдайларда да қолданылады.
      Оқу жүктемесі екінші жартыжылдықта оқу жоспарына байланысты азайған жағдайда бұл тармақ қолданылмайды.

      18. Мектептен тыс ұйымдардағы, жалпы білім беру мектептеріндегі және басқа білім беру ұйымдарындағы жұмысы негізгі жұмыс орны болып есептелетін қосымша білім беретін педагогтарға айлық жалақы 9-тармақта қарастырылған тәртіппен белгіленеді, ал егер негізгі жұмыс орны болып есептелмесе, онда айлық жалақы сабақ өткізген нақты сағаттар санына қарай және ставканы орташа айлық сағат нормасына бөлу жолымен белгіленеді.

  3. Кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу
орындарында жалақы есептеудің тәртібі

      19. Кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарының оқытушыларына (жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларынан басқа) жыл сайын оқу жылы басталғанға дейін орташа айлық жалақы оқытушының сағаттық ставкасын оған белгіленген жылдық жүктемеге көбейтіп, шыққан нәтижені 10 оқу айына бөлу жолымен анықталады. Сағаттық ставка жалақының айлық ставкасын оқу жүктемесінің орташа айлық нормасына бөлу жолымен анықталады. Белгіленген орташа айлық жалақы оқытушыға, кезекті демалыс күндерін қоспағанда, оқу жылы ішіндегі жұмысы үшін төленеді.

      20. Оқу жылы ішінде жұмысқа кірген оқытушыларға орташа айлық жалақы осы оқытушының сағаттық ставкасын оқу жылының аяғына дейінгі қалған толық оқу айларының оқу жүктемесіне көбейтіп, шыққан нәтижені сол айлардың санына бөлу жолымен белгіленеді. Бұл жағдайда толық емес ай үшін жалақы сағаттық ставка бойынша нақты сағаттар саны үшін төленеді. 
      Жұмысқа оқу жылы басталғанға дейін кіріскен оқытушыларға сабақ басталғанға дейінгі жұмысы үшін жалақы олардың білімі мен педагогикалық стажына сәйкес белгіленген айлық ставкасы есебінен төленеді.

      21. Оның ішінде, қолданып жүрген заңнамаға сәйкес оқытушылар сабақтан өз жалақыларын ішінара немесе толық сақтай отырып босаған кезде (демалыста, ауылшаруашылық жұмыстарында, оқу жиындарында және т.б.), оларға белгіленген жылдық оқу жүктемесінің көлемі жұмыста болмаған әрбір толық ай үшін және пайдаланылмаған жұмыс күндерінің санына қарай - толық емес ай үшін 1/10 бөлікке қысқаруға тиіс. Оқытушыларды сабақтан жалақысын сақтамастан босатқан жағдайда да, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған, бала көтерген және босанған жағдайда да жылдық оқу жүктемесі осы тәртіппен жүргізіледі.
      Оқытушы іс жүзінде оқу жұмысын орындаған күндер үшін (мәселен, науқастық парағын берген күн, іссапарға шыққан және іссапардан оралған күн) жүктемені азайту жүргізілмейді.

      22. Егер оқу орнына оқу процесі барлық күнтізбелік жыл бойы жалғасатын болса және осыған байланысты оқытушыларға кезекті демалыс жазғы каникул кезеңінде ғана емес, әр түрлі айларда берілетін болса, ағымдағы жылдың кезекті демалысы үшін оқу жүктемесін 1/10 бөлікке азайту жүргізілмейді.

      23. Оқытушыларға оқу жылының басында белгіленген орташа айлық жалақысы көрсетілген жағдайларда азайтылуға тиіс емес. Оқытушының оқу жылы ішінде азайтылған оқу жүктемесінен тыс орындаған оқытушылық жұмысының сағаттары, азайтылған оқу жүктемесі орындалғаннан кейін, сағаттық ставка бойынша қосымша төленеді.

      24. Белгіленген жылдық жүктемеден тыс берілген оқытушылық жұмыс сағаттары оқытушы жылдық оқу жүктемесін аяқтағаннан кейін сағаттық ставкалар бойынша қосымша төленеді. Бұл ақы ай сайын немесе оқу жылының аяғында төленеді.

      25. Жеке оқыту нысанындағы (мәдениет және өнер) кәсіптік орта оқу орындарында оқытушыларды тарифтеу оқу жылында екі рет: бірінші және екінші жартыжылдықтың басында өткізіледі.

      26. Егер кәсіптік орта мектептерде теориялық сабақтар жылына 39-40 оқу аптасы бойы (10 айлық оқу мерзімімен) жүргізілетін болса, онда жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларына жалақы осы пән бойынша апталық оқу сағаттарының орташа саны есебінен және оқу жоспары бойынша теориялық оқыту апталарының саны есебінен есептеледі.

      27. Кәсіптік мектептерде теориялық сабақтар оқу жоспарына сәйкес жылына 27 оқу аптасы бойы (6 айлық оқу мерзімімен) жүргізілген жағдайда, оқытушыларға айлық жалақы оқу жоспары бойынша жылдық оқу жұмысының көлемін 38 аптаға бөлу жолымен белгіленетін апталық орташа оқу жүктемесі есебінен төленеді.

      28. Оқу орындарының штатындағы өндірістік оқу шеберлеріне айлық жалақылар бойынша төленеді.
      Науқастануына, демалыста, іссапарда, оқу жиындарында және т.б. болуына байланысты уақытша жұмыста болмаған өндірістік оқу шеберлерінің орнын басқан жағдайда, сондай-ақ оқу жұмысы көлемінің жетімсіздігінен оқу орнының штатына шебер штаттық бірлігін енгізу мүмкін болмаған жағдайда, оқу жүктемесі толық болмаған, сондай-ақ белгіленген жұмыс уақытының нормасынан тыс берілген сағаттар үшін өндірістік оқу шеберіне сағаттық ақы төленеді. Бұл жағдайда жалақы мөлшері шебердің айлық жалақысын жұмыс сағаттарының орташа айлық нормасына бөліп, шыққан сағаттық ставканы ай ішінде істелген нақты сағаттар санына көбейту жолымен белгіленеді.

  4. Мұғалімдерге сырттай оқушылармен істеген жұмысы
және ұзақ уақыт емделетін балаларды оқытқаны
үшін жалақы есептеу тәртібі

      29. Мұғалімдерді сырттай оқушылармен істеген жұмысы үшін тарифтеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      мұғалімнің оқу жүктемесіне оқу жоспары бойынша екінші жартыжылдыққа есептелген топтық және жекедара консультациялар сағаттары, сондай-ақ ауызша және жазбаша қабылданатын сынақтар сағаты көлемінің 70 пайызы қосылады;
      ауызша және жазбаша сынақ алудың сағаттық оқу жоспары оқушылардың 9-дан 15 адамға дейінгі орташа тобы үшін - 12, ал 16-дан 20 адамға дейінгі тобы үшін - 18.

      30. Тарифтеу кезінде оқу жүктемесіне қосылған сағаттардың жалпы саны жартыжылдықтағы оқу апталарының санына бөлінеді. Осыдан шығатын оқу жүктемесінің орташа апталық көлемі есебінен мұғалімге айлық жалақы белгіленеді, ол жартыжылдықтың әр түрлі айларындағы нақты жүктемелерге қарамастан ай сайын төленіп тұрады.

      31. Мұғалімдерді ауруханаларда ұзақ уақыт жатып емделетін балаларды оқытқаны үшін тарифтеу, егер оқушылардың үнемі ауысып отыруы мұғалімдердің оқу жүктемесіне әсер еткен жағдайда, мынадай тәртіппен жүргізілуі мүмкін:
      әр жартыжылдық басындағы тарифтеу кезінде мұғалімнің оқу жүктемесіне оқу жоспары бойынша топтық және жекедара сабақтарға бөлінген барлық сағаттар 100 пайыз қосылмай, осы сағаттар көлемінің 80 пайызы ғана қосылуы мүмкін;
      бұл жағдайда оқутышылық жұмыс сағаттары үшін айлық жалақы ставкасын (жұмыстың ерекше режимі үшін 20 пайызға артатындығын ескере отырып) әр жартыжылдықтың басында нақты жүктемеден 80 пайыз мөлшерінде алған жүктеме көлеміне көбейтіп, белгіленген апталық сағат нормасына бөлу жолымен анықталады.
      Осылайша белгіленген айлық жалақы осы оқу жартыжылдығының әр түрлі айларындағы нақты жүктемелерге қарамастан келесі жартыжылдықтың басына дейін төленіп отыратын болады.

      32. Әрбір оқу жартыжылдығы аяқталысымен тарифтеу кезінде белгіленген, оқу жүктемесінен тыс орындалған педагогикалық жұмыс сағаттарының ақысы сағаттық ставка бойынша қосымша төленеді.

      33. Қазақ тілінің, ана тілінің, орыс және шетел тілінің, әдебиет және математика пәнінің мұғалімдеріне жазба жұмыстарын тексергені үшін тарифтеу кезінде оқу жүктемесіне енгізілген сағаттардың жалпы санынан есептелетін қосымша ақы қарастырылады.

      34. Мектеп мұғалімдерінің созылмалы науқасы бар балаларды жекедара үйде оқытқаны үшін және денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған балалармен денешынықтыру сабағын жүргізгені үшін, айлық жалақысы 9-тармақта қарастырылған тәртіппен белгіленеді.

  5. Шағын комплектілі жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің штаттық бірліктерін есептеу
және еңбекақы төлеу тәртібі

      35. Оқушылардың жалпы құрамы 20 адамға дейін болатын 2 бастауыш сыныбы, жалпы құрамы 15 адамға дейінгі 3 бастауыш сыныбы, оқушылардың жалпы құрамы 10 адамға дейін жететін 4 бастауыш сыныбы болған жағдайда - оқушылар комплекті-сыныпқа біріктіріледі және онымен бір мұғалім айналысады.

      36. Егер 2 бастауыш сыныптағы оқушылардың саны 20 немесе одан да көп адамды құрайтын болса, онда әр мұғалім жеке сыныппен айналысады.

      37. Егер 3 бастауыш сыныптағы оқушылар саны 15 және одан да көп, ал 4 бастауыш сыныпта 10 және одан да көп болса, онда оқушылар екі комплект сыныпқа біріктіріледі және әрқайсысымен жеке мұғалім айналысады.
      Бұл жағдайда 3 бастауыш сыныпта бір мұғалім бір сыныпқа, ал екінші мұғалім сынып-комплектіге сабақ береді. 4 сынып болған жағдайда - екі мұғалім де сынып-комплектіге сабақ береді (іс жүзінде 1 және 3-сыныптар мен 2 және 4-сыныптарды біріктірген дұрыстау деп есептеледі).

      38. Мұғалімдерге жалақы апта ішіндегі оқытушылық жұмыстың нақты сағат санына қарай төленеді, бірақ ол сағат көлемі сынып-комплектіге кіретін сыныптардың оқу жоспарында қарастырылған ең көп көлемнен аспауға тиіс.

      39. Құрамында 15-ке дейін оқушысы бар сыныппен (сынып-комплектімен) жұмыс істейтін мұғалімдерге сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы қарастырылған қосымшаның 50 пайызы мөлшерінде төленеді.

      40. Құрамында шағын комплектілі сыныптары бар негізгі орта және орта мектептерде сабақ жүргізу және осы сыныптардың (сынып-коплектілердің) мұғалімдеріне еңбекақы төлеу жоғарыда көрсетілген тармақтарда қарастырылған тәртіппен жүргізіледі.

  6. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақы мен үстемеақының кейбір түрлерін белгілеу тәртібі

      41. Қосымша ақы:
      1) мұғалімдер мен оқытушыларға жазба жұмыстарын тексергені үшін;
      2) дарынды балаларға арналған арнаулы мектептерде, мектеп-интернаттарда және басқа да білім беру ұйымдарында бейіндік бағыттағы пәндер бойынша сабақ бергені үшін;
      3) ұлттық тілдерде оқытатын (оның ішінде қазақ тілінде оқытатын) ауылдық жерлерде және қала үлгісіндегі поселкелерде орналасқан жалпы білім беретін ұйымдарда, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беретін ұйымдарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сабақ беру сағаттары үшін;
      4) орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін ұйымдарда кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беретін ұйымдарда ұлт тілдері мен әдебиеті бойынша (оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша) сабақ сағаттары үшін;
      5) араб, қытай және парсы тілдері бойынша сабақ сағаттары үшін;
      6) әскери мектеп-интернаттардың педагогикалық қызметкерлеріне нақты оқу жүктемесіне қарай тарификация бойынша (ауылдық жерлерде істейтін білім беру мамандары үшін - 25 пайызға көтеруді ескере отырып) жүргізіледі.

      42. Барлық үлгідегі және барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың 1-4 сынып мұғалімдеріне оқу жүктемесінің көлеміне қарамастан қосымша ақы беріледі.

      43. Сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы: барлық үлгідегі мектеп-интернаттарда қатынап оқитын оқушылардан топтастырылған сыныптарда белгіленеді.

      44. Жалпы орта білім беретін бастауыш және негізгі сатысы бар кәсіптік орта оқу орындарында (колледждерде, өнер колледждері, музыка колледждері және басқаларда) немесе кәсіптік даярлықпен қоса жалпы білім беру пәндері бойынша оқытуды жүзеге асыратын колледждерде, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін қосымша ақы колледж оқытушыларына да төленеді.

      45. Білім беру мекемелерінің оқытушыларына және басқа да қызметкерлеріне кешкі, сырттай оқытатын бөлімшелерге, мамандық бойынша бөлімшеге меңгерушілік үшін төленетін қосымша ақы, басқа мұғалімдер мен педагогикалық қызметкерлерге, сондай-ақ осы ұйымдардың соларға теңестірілген қызметкерлеріне де төленеді.

      46. Оқытушылық жұмыспен айналысатын оқытушыларға, өндірістік оқу шеберлеріне және басқа да қызметкерлерге әдістемелік, топтамалық және пәндік комиссияларға жетекшілік еткені үшін төленетін қосымша ақы, осындай комиссиялар құрылған жалпы білім беретін ұйымдардың мұғалімдеріне және басқа да педагогикалық қызметкерлеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендерге де төленеді.

      47. Оқу жүктемесіне қатысы жоқ қосымша ақы төлеу лауазымдық жалақыдан (ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандары үшін - 25 пайызға көтеруді ескере отырып) жүргізіледі.

  7. Балалар демалыс лагерлерінің қызметкерлеріне жалақы белгілеудің тәртібі

      48. Мектептердің, мектеп-интернаттардың және мектептен тыс ұйымдардың кезекті демалыстарына тұспа-тұс келмейтін кезеңде лагерлерге жіберілетін мұғалімдерінің, тәрбиешілерінің, аға вожатыйларының, қосымша білім беретін педагогтарының, жаттықтырушы-оқытушыларының және басқа да педагог қызметкерлерінің жалақылары толық сақталады.
      Сонымен қоса, бұл қызметкерлерге сауықтыру шараларын өткізу үшін бөлінген қаражат есебінен лагерлердегі лауазымдарына сәйкес немесе сағаттық ақы бойынша жалақы төленеді.
      Білім ұйымдары мекемелерінің кезекті демалыстарына тұспа-тұс келмейтін кезеңде туристік саяхат өткізу үшін жіберілетін (оның ішінде жорықтарға, экспедицияларға, экскурсияларға) мұғалімдері мен басқа да қызметкерлеріне де осындай тәртіппен еңбекақы төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады