Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.01.29. N 40 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 848
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2164 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 15, 838-құжат, 2003 ж., N 23-24, 853-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы ережеде:
12-тармақ алып тасталсын.
2. Бюджеттік департаменті (Т.Нұрғожаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
2006 жылғы»3 мамыр