Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiндегi бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды орналастырудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2174. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылағы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 108, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 194, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 157, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 56, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 22 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылағы министрінің 10.03.2017 № 108, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2017 № 194, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.03.2017 № 157, ҚР Қаржы министрінің 26.01.2017 № 56, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 24.04.2017 № 22 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегi N 1358 қаулысын орындау үшiн, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде автокөлiк құралдарына бақылау жүргiзудi реттеу және халықаралық келiсiмдер мен Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiмiзге қалдырамыз.

      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

төрағасы

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникациялар министрі

Қазақстан Республикасының

Кедендік бақылау агенттігінің

төрағасы

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
төрағасының
2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2002 жылғы 10 қазандағы N 47
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34
бұйрықтарымен бекітілген

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2007 жылғы 20 қарашадағы N 197 н/с, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы N 700, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 қарашадағы N 685, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 258, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 16 қарашадағы N 397 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу
пункттерiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылдары және
оларды үйлестіру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылдары және оларды үйлестіру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі - шекара қызметі), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - кеден органдарының), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі - көліктік бақылау органдары), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - малдәрiгерлiк-фитосанитарлық бақылау органдары), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары) (бұдан әрі - бақылаушы органдар) аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде (бұдан әрi - автомобильдiк өткiзу пункттерi) шетелдiк және қазақстандық тасымалдаушылардың жүк автомобильдерi мен автобустарына бақылауды жүзеге асыру кезiндегi бірлескен іс-қимылдарын жан-жақты қамтиды және осы іс-қимылдарды кеден органдарының үйлестіруін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі барлық бақылаушы органдар Бірыңғай бақылау-өткізу пункттері салынғанға дейін кеден органдарының ғимаратында болуы тиіс.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жол жүретін көлік құралдарын бақылауды бақылаушы органдар өткізу пунктінде "бірыңғай аялдама" және "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

      4. Шекара қызметі органдарын қоспағанда көліктік бақылау органдарының, малдәрiгерлiк-фитосанитарлық бақылау органдарының және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының іс-қимылдарын үйлестіру (жұмысын ұйымдастыру) өткізу пунктінде орналасқан кеден органына жүктеледі.

      5. Бақылаушы органдар өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқарады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.

      6. Өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдардың жұмыс тәртібі осы органдармен келісіледі, ал оның орындалуын бақылауды кеден органы жүргізеді.

      7. Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде өткізу пунктінде шекара қызметі белгіленген нысан бойынша (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонын (бұдан әрі - талон) 2 данада береді. Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде талонды кеден органы береді. Бақылау аяқталғаннан кейін бір талон өткізу пунктіндегі кеден органында қалдырылады.

      Талондарды жасау, сақтау және есепке алу кеден органдарына жүктеледі, осыған байланысты шекара қызметі мен кеден органдары шекара қызметіне берілген және ол тасымалдаушылар мен көлік құралдарды жүргізушілерге берген сандар бойынша салыстырулар жүргізеді.

      8. Шекара қызметі талонға белгі қойғаннан кейін тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға тауар мен көлік құралдарға жолдама құжаттарды және талонды кеден органының лауазымды адамына өткізу пунктінде мемлекеттік бақылаудан өткізу талондарын тіркеу журналында тіркеу үшін береді (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша).

      9. Кеден органының лауазымды адамы құжаттар ұсынылған кезде олардың тізімдемеге сәйкестігін тексереді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес тексеру және тиісті белгілерді қою үшін басқа бақылаушы органдардың лауазымды адамдарына береді.

      10. Бақылаушы органдардың лауазымды адамдары құжаттарды тексерген кезде бақылаудың басталу мен аяқталу уақытын белгілейді.

      Мемлекеттік бақылаудың кез келген түрін жүргізген кезде мерзімдерді негізсіз созуға жол берілмейді. Мерзімдер осындай бақылауды өткізу үшін қажетті уақытқа дәлме-дәл сәйкес болу қажет.

      11. Көліктік бақылау бекеттері жоқ өткізу пункттерінде кеден органының лауазымды адамы бақылаудың осындай түрі жоқтығы туралы белгі қояды.

      Бұл жағдайда көліктік бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен тыс көліктік бақылаудың бірінші ішкі бекетінде жүргізіледі. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының кедендік бақылау саласында заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда, көліктік бақылау саласындағы лауазымды адам өткізу пунктіндегі кеден органына хабарлайды.

      12. Кеден органдары бақылаушы органдарымен бірлесіп өткізу пункті арқылы өткен автокөлік құралдардың саны бойынша салыстыруларды күн сайын жүргізеді, сондай-ақ Автокөлік құралдарды есептеу мен бақылау журналдары жүргізіледі.

      Өткізу пунктінде көліктік бақылау органы болмаған жағдайда, онымен салыстыру аптасына бір реттен кем емес жүзеге асырылады.

      13. Тасымалдаушылар мен автокөлік құралдарды жүргізушілердің халықаралық келісімдер мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталған кезде бұзушылықты анықтаған бақылаушы орган бұл туралы басқа да бақылаушы органдарға хабардар етеді, сондай-ақ автокөлік құралдарды есепке алу мен бақылау журналдарында қабылданған шешім туралы жазады.

      Бұл ретте, талонның екі данасы қайтарып алынады және кеден органында сақтауға қалдырылады.

      Сонымен бірге кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданады.

      14. Құжаттамалық бақылауды жүргізу аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамы көлік құралдар мен тауарларды бірлесіп тексеруді ұйымдастырады, бұл ретте Бірлесіп тексеру актілерінің есебін жүргізу журналында (осы Нұсқаулыққа 4-қосымша) тіркеуге жататын бірлесіп тексеру актісі (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша) толтырылады.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлік құралы мен тауар Қазақстан Республикасының шегінен тыс қайтару көзделген жағдайларда, мұндай шешім барлық бақылаушы органдармен бірге келісім бойынша қабылданады және белгіленген нысан (осы Нұсқаулыққа 5-қосымша) бойынша 2 данада жасалған Көлік құрал мен тауарды қайтару актісі толтырылады.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу
пункттерiнде бақылаушы
органдардың өзара iс-қимылдары
және оларды үйлестіру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

      N___ өту пунктінде мемлекеттік

      бақылаудан өту талоны

      Өткiзу пунктi ____________________200 жылдың "__" _________________

      Автокөлiк құралы __________________________________________________

      Автокөлiк құралының тiркелу нөмiрi __________ тiркеме______________

      Автокөлiк құралының қозғалыс бағыты _______________________________

      Жүктiң атауы және салмағы (жолаушылардың саны) ____________________

Шекаралық бақылау

________сағ ________ мин

(бақылаудың басталуы)

________сағ ________ мин

(бақылаудың аяқталуы)

қабылданған шешім __________

_________ қолы

Мөртабан

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

________сағ ________ мин

(бақылаудың басталуы)

________сағ ________ мин

(бақылаудың аяқталуы)

қабылданған шешім _________

_________ қолы

Мөртабан

Малдәрігерлік бақылау

________сағ ________ мин

(бақылаудың басталуы)

________сағ ________ мин

(бақылаудың аяқталуы)

қабылданған шешім __________

_________ қолы

Мөртабан

Фитосанитарлық бақылау

________сағ ________ мин

(бақылаудың басталуы)

________сағ ________ мин

(бақылаудың аяқталуы)

қабылданған шешім _________

_________ қолы

Мөртабан

Кедендік бақылау

________сағ ________ мин

(бақылаудың басталуы)

________сағ ________ мин

(бақылаудың аяқталуы)

қабылданған шешім __________

_________ қолы

Мөртабан

Көліктік бақылау

________сағ ________ мин

(бақылаудың басталуы)

________сағ ________ мин

(бақылаудың аяқталуы)

қабылданған шешім _________

_________ қолы

Мөртабан

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк шекарасы арқылы
өткiзу пункттерiнде бақылаушы
органдардың өзара iс-қимылдары
және оларды үйлестіру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      Өткізу пунктінде мемлекеттік бақылаудан

      өткізу талондарын тіркеу журналы

N р/б

Көлік құралдың

мемлекеттік

нөмірі

Тасымалдаушы

туралы мәлі-

меттер

Тіркеуді жүзеге

асырған лауазымды

адамның Т.А.Ә.

Ескерту

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк шекарасы арқылы
өткiзу пункттерiнде бақылаушы
органдардың өзара iс-қимылдары
және оларды үйлестіру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

      Тауарлар мен көлік құралдарды

      бірлесіп тексеру актісі

      N 00000/00000/000000

       Осы акті

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (бақылау органдары қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы)

      қатысуымен

      ____________________________________________________________________

      кеден органының лауазымды адамы (адамдары) жасады

      Жүк жөнелтуші __________________________________________________қай

      жерден (қайда)

      _________________________________________________(жүк алушыға) _____

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      құжаттар бойынша жіберген тауардың (көлік құралдың) партиясын

      тексеру жүргізілді

      ____________________________________________________________________

      Тексеру орны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________орындардан тауарлардың партиясы ұсынылды. Құжаттар бойынша жалпы салмағы _____________кг.

       Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:

       Тауардың іс жүзіндегі таза салмағы ___кг, жалпы салмағы___кг.

       Мынадай тәсілмен анықталды:

       [ ] іс жүзінде өлшеу

       [ ] ____орындарды өлшеумен бір орынның орташа салмағын анықтау

       [ ] есептік

       [ ] өзге де

       N ____________,____________ дана қамтамасыз етулермен келген

       N№N___________________________________________________көлік

       құралдар/контейнерлер

       Қамтамасыз етулер: [ ] бұзылған [ ] бұзылмаған

      (тексеруді жүргізудің себептері, тауарларды сәйкестендіру және тексерудің басқа да мәліметтері)

Алулар жүргізілген жоқ.

Жүк орындары біздің

қатысуымызбен оралды.

N_____________ актісі бойынша

сынамалар мен үлгілерді алу

жүргізілді

      _____ дана мөлшерінде N_______кедендік қамтамасыз етулер жатқызылды.

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, атының, әкесі атының бастапқы әріптері, қолы жеке

       нөмірлік мөрі)

      ____________________________________________________________________

      ________________________________ лауазымды адам (адамдар) қатысты

      Декларанттың, немесе тауарға, немесе тасымалдаушыға немесе куәгерлерге қатысты уәкілеттіктері барлардың лауазымы, тегі, аты-жөнінің бастапқы әріптері, қолы

      Тексерудің аяқталу уақыты

      ________________________________________________________

      ______/______ парақ

       Тауарлар мен көлік құралдарды тексеру актісінің

       екінші данасын ______ алды.

       *Элемент 00000 / 00000 / 000000

       1 2 3, бұл жерде

      1 - Қазақстан Республикасы кеден органдарының жіктеуішіне сәйкес кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органының цифрлық коды;

      2 - күні, айы және үстіміздегі жылдың соңғы екі цифры;

      3 - өсуі бойынша қалыптастырылатын Тексеру актілерін тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі. Бұл ретте, жаңа жылдың басында нөмірлеу жаңадан басталады.

      N_________бірлесіп тексеру актісіне

      қосымша парақ

      Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Лауазымды адам (дар) (лауазымы, тегі, атының, әкесі атының бастапқы

      ____________________________________________________________________

       әріптері, қолы, жеке нөмірлік мөрі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қатысқандар

      ____________________________________________________________________

      (Декларанттың немесе тауарларға қатысты уәкілеттіктері бар өзге де

      адамдардың, немесе

      ____________________________________________________________________

      тасымалдаушының, немесе куәгерлердің қолдары)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк шекарасы арқылы
өткiзу пункттерiнде бақылаушы
органдардың өзара iс-қимылдары
және оларды үйлестіру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

      Өткізу пунктінде мемлекеттік бақылаудан

      өткізу талондарын тіркеу журналы

N р/б

Тексеру актісі-

нің

нөмірі

Көлік

құралының

мемлекеттік

нөмірі

Тасымалдаушы

туралы

мәліметтер

Тіркеуді

жүзеге

асырған

лауазымды

адамның

Т.А.Ә.

Ескерту

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк шекарасы арқылы
өткiзу пункттерiнде бақылаушы
органдардың өзара iс-қимылдары
және оларды үйлестіру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

      Көлік құралы мен тауарды

      қайтару актісі

      Күні

      ________

      Өткізу пункті

      ____________________________________________________________________

      Тасымалдаушының атауы ______________________________________________

      Автокөлік құралдың N _______________________________________________

      Тауардың атауы (салмағы, саны)

      ____________________________________________________________________

      алушы ______________________________________________________________

      қайтару

      себебі______________________________________________________________

      бақылаушы органдардың қолдары (лауазымды адамдардың Т.А.Ә., лауазымы, органның атауы, мөрі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады