"1997 жылғы сәуірден бастап 2000 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде зейнеткерлікке шыққан (оның ішінде өзінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығу құқығын тіркеген) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемдер көлемін қайта есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Әділет министрлігінде 2000 жылдың 14 шілдесінде 1196 нөмірімен тіркелген) 2000 жыл 14 наурыздағы Ішкі істер министрлігінің N 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2201. Күші жойылды - Қазақстан республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2003 жылғы 4 наурыздағы N 140 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2006.12.30 N 606 бұйрығымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді ----------------------

      В целях приведения ведомственных нормативных правовых актов в соответствие с законодательством Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства внутренних дел Республики Казахстан согласно приложению.
      2. ...
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      И.о. министра                              А. Шпекбаев

      ...
      1044. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан Командующего внутренними войсками "О внесении изменений в приказ МВД РК от 14 марта 2000 года № 140 (зарегистрированный в МЮ РК 14.07.2000 года № 1196)" от 4 марта 2002 года № 140;
      ...

      (Бұйрықтың мемлекеттік тілдегі иәтіні берілмеген)      

      "Келісілді"         
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрі     
2002 жылғы 20 желтоқсан  
 
"Келісілді"         
Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты    
әлеуметтік қорғау министрі
2002 жылғы 18 қараша   

      Ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне 1997 жылғы 1 сәуірден бастап 2000 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде сыйақыны есепке ала отырып тағайындалған зейнетақыларды төлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "1997 жылғы 1 сәуірден 2000 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта зейнеткерлік демалысқа шыққан ішкі істер органдары қызметкерлерінің және ішкі әскерлер қызметшілерінің (оның ішінде өздерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығу құқығын тіркетіп қойған) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемі мөлшерін қайта есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2000 жылғы 14 наурыздағы N 140 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зейнеткерлік демалысқа шыққан ішкі істер органдары қызметкерлерінің және ішкі әскерлер қызметшілерінің (оның ішінде өзінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығу құқығын тіркеген) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемі мөлшерін қайта есептеу жөніндегі нұсқаулыққа:

      "Ақшалай үлеске сыйақы қосылуын есепке ала отырып зейнетақыны қайта есептеу" деген 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қайта есептеуге жататындар:
      1) Қазақстан Республикасының "Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының басқарушы және қатардағы құрамы мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы Заңының шарты бойынша 1997 жылғы 1 сәуірден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты;
      2) Өздерінің зейнеткерлікке шығу құқыларын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркетіп қойған ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің зейнетақы сомасы, бұл сома қызметінен шыққан уақытынан бастап төленеді;
      3) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" кейін өзгертілуі және толықтырылуы ықтимал 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-І Заңының шарттары бойынша әскери қызметшілеріне және ішкі істер органдары қызметкерлеріне 1998 жылғы 1 қаңтардан 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар.
      2. Әскери қызметшілердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің 1997 жылғы 1 сәуірден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта қызметтен шыққан, сондай-ақ өзінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығу құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркетіп қойған әскери қызметшілерді және ішкі істер қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету үшін ескерілетін ақшалай үлес мөлшері қызметтен шыққан күнге белгіленеді (жеке құрамның тізімінен алынған) және мыналармен жинақталады:
      лауазымы бойынша еңбекақы;
      әскери (арнайы) атағы бойынша (қосымша) еңбекақы;
      еңбек сіңірген жылдарына үстемақы;
      ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшін;
      кластылығы үшін үстемақы;
      азық-түлік паегі орнындағы ақшалай үстемақы.
      Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1996 жылғы 22 қарашадағы N 347, 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 104, 1998 жылғы 29 ақпандағы N 102, 1999 жылғы 10 маусымдағы N 303 бұйрықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 наурыздағы N 419 қаулысымен бекітілген тізбеде көрсетілген сыйақыдан басқа атап айтқанда мерекелік күндерге, туған күндерге байланысты, ұзақ жылдық қалтқысыз еңбегі, қоғамдық жұмысы үшін бір мәрте еңбекақы қорынан (ортақ еңбекақы төлеу қорынан), сондай-ақ жарыстардағы, байқаулардағы, конкурстардағы жүлделі орындары үшін берілетін ақшалай наградалар, т.с.с. Мысалы: Ақмола облыстық ІІБ жанындағы ҚАЖБ-ның ЕЦ-166/15 түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісі ішкі қызмет майоры П.Н.Ивановтың ішкі істер органдарынан шыққан сәттегі зейнетақы тағайындау үшін күнтізбемен есептегенде еңбек сіңірген жылдары 22 жыл 2 ай 18 күнді құрады, жеңілдік есебімен алғанда 22-07-02, ауыл шаруашылығы саласындағы 00-00-00 еңбек сіңірген жылдарына процентті үстемақыны есептеу үшін есепке алынған еңбек сіңірген жылдары - 19 жыл 02 ай 00 күн.
      Зейнетақы 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 1910-Х11, ҚРЗ-на сәйкес төмендегі ақшалай үлестерден 56% есебімен тағайындалды:
      лауазымы бойынша еңбекақы                     2600 теңге;
      әскери (арнайы) атағы бойынша (қосымша)
      еңбекақы                                      2020 теңге;
      еңбек сіңірген жылдарына тиісті үстемақы 40%  1848 теңге;
      ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшін 15%     390 теңге;
      азық-түлік паегі орнындағы ақшалай үстемақы   2024 теңге;
      Жиыны:                                        8882 теңге;
      56%                                           4973-92
      аудандық коэффицент                    1,15
      аудандық коэффицентті ескере отырып
      мына сомада төленетін зейнетақы тағайындалды  5720-01
      4973,92+(4973,93*15)/100
      Тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу соңғы қызмет атқарған жердегі қаржы бөлімдерінің ІІББ-ІІБ-нің зейнетақы тағайындау бөліміне ұсынған белгіленген формадағы сыйақы төленгені жөніндегі анықтама бойынша (қоса беріліп отыр) жүргізіледі. Орташа айлық сыйақының мөлшері зейнетақыны есептеп шығару үшін ақшалай үйлестіргендігі П.Н.Ивановтың зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы 12 айдағы алған сыйақы сомасын 12-ге бөлу арқылы белгіленеді. Бұл мысалда В.П.Ивановтың зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы 12 айда алған сыйақысы мынаны құрайды:
мамыр    1996 ж. - 2148 теңге;  қараша    1996 ж. - 2148 теңге;
маусым   1996 ж. - 2148 теңге;  желтоқсан 1996 ж. - 2148 теңге;
шілде    1996 ж. - 2148 теңге;  қаңтар    1997 ж. - 2148 теңге;
тамыз    1996 ж. - 2148 теңге;  ақпан     1997 ж. - 2148 теңге;
қыркүйек 1996 ж. - 2148 теңге;  наурыз    1997 ж. - 0 теңге;
қазан    1996 ж. - 2148 теңге;  сәуір     1997 ж. - 2148 теңге.
Орташа сыйақы мөлшері 1969 теңгені құрайды.
(2148+2148+2148+2148+2148+2148+2148+2148+2148+2148+0+2148):12=1969тг
Сыйақыны ескере отырып төленетін зейнетақыны есептеп шығару үшін ақшалай үлес мөлшері мынаны құрайды:
      лауазымы бойынша еңбекақы                    2600 теңге;
      әскери атағы бойынша (қосымша) еңбекақы      2020 теңге;
      еңбек сіңірген жылдарында үстемақы 40%       1848 теңге;
      ерекше жағдайда қызмет атқарғаны
      үшін үстемақы 15%                            390 теңге;
      сыйақы                                       1969 теңге;
      азық-түлік паегі орнындағы ақшалай үстемақы  2024 теңге;
      Жиыны:                                       10851 теңге;
      56%                                          6076-56 теңге;
      Аудандық коэффицентті есепке ала отырып қайта есептелген
зейнетақының құрайтыны: 6076,56+(6076,56х15)/100   6988-04
      Бұрынғы тағайындалған зейнетақыға қажетті қосымша төлемақы сомасын шығару үшін және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1999 жылғы 11 мамырдағы N 243 жарияланған бұйрығымен қолданыстағы бірлескен нұсқауға сәйкес алдағы төлемді жүргізу МЗТО-ның бөлімшелеріне материалдар тапсыру үшін 2000 жылғы 1 қаңтардағы бұрынғы тағайындалған зейнетақымен 1997 жылдың III және IV тоқсанындағы индексацияны ескеріп қайта есептелген айырмашылығын айырып шығару керек.
      Осы мысалда көрсетілген бұрынғы тағайындалған және индексацияны ескеріп төленген зейнетақы сомасы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін - 197386 теңгені құрады, ал осы кезеңдегі индексацияны ескере отырып қайта есептелген зейнетақы сомасы - 241143 теңге, яғни, қосымша төлем - 43757 теңгені құрамақ, 2000 жылдың 2 қаңтарына зейнетақының жаңа құралатын мөлшері 7668 теңге 09 тиын.
                          Болғаны               қазіргі кезде
97 ж. 08.05 - дан     5720 - 01   24 күнде        6988 - 04
97 ж. 01.07 - ден     5922 - 50                   7235 - 42
97 ж. 01.10 - нан     6276 - 67                   7668 - 09
      Осыған ұқсас қайта есептеулер жоғарыда көрсетілген кезеңде мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындалғанда және отбасы асыраушысынан айрылуына байланысты, сондай-ақ өзінің еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығын тіркетіп қойған, және лауазымын қалдырып кетуі бойынша зейнеткерлік демалысқа шыққан адамдар үшін де жүргізіледі, қайта есептеу тіркеу кезінде индексацияны есепке алмай жүргізіледі.
      Ескере кететін жай, аудандық коэффицент тағайындаған зейнетақының сомасына өндірісі жоқ саладағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбекақысына осындай коэффиценттер қойылған аудандарда ғана қосылып есептеледі".

      2. Астана қаласы Ішкі істер басқармасының, Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармасының, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларының және Ішкі істер басқармаларының, көліктегі ішкі істер басқармасының бастықтары осы бұйрықтың қолданысына түсетін, сыйақыларды есепке ала отырып, олардың зейнетақы төлемдерін қайта есептеу қажет болатын, ішкі істер органдары зейнеткерлерінің санын нақтыласын және бұдан әрі зейнетақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық органдарына "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарынан шыққан зейнеткерлердің зейнеткерлік істерінің көшірмесі" N 1 ВС нысандағы ішкі істер органдары зейнеткерлерінің тізімін берсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр М.Е.Аманбаевқа және Қаржымен қамтамасыз ету департаментінің бастығы ішкі қызмет подполковнигі О.А.Романчиковаға жүктелсін.

      Министр
      генерал-полковник

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады